Маман дайындаудағы кәсіптік чемпионаттар маңызы

Еңбекке баулу, техниклық-шығармашылық, сабақтан тыс колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің ұйымдастыруымен құрылыс және сәулет мамандығы студенттерінің арасында конкурстар ұйымдастырылып отырады, бұл өзара теория мен тәжірибенің байланысы студенттердің кәсіби біліктілігін арттырады, өз мамандығына деген қызығушылығы арта түседі.
Карантин адамдарды өмір салтын түбегейлі өзгертуге және қашықтан жұмыс түріне көшуге мәжбүр етті. «Worldskills Kazakstan – 2020 өңірлік чемпионатыда қашықтықтан өтті.
«Worldskills Kazakstan – 2020» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатында студенттер «Тас қалау» және «Майлау және безендіру» құзіреттілігі бойынша дайындалып, бекітілген тапсырмалар бойынша өздерінің шеберлігін көрсетті.
Сарапшылар комиссиясы құрылып, студенттер жұмыстары бағаланып, жеңімпаздар анықталды.
Нәтижесінде 1 студент «Үздік маман» алқасымен, 1 студент қатысқаны үшін сертификат иеленді.
Студент конкурсқа қатысып, өз білімін шыңдайды, өзіне-өзі сенімділікпен қарайды, қандай қиыншылық болсада оны білімімен, өнерімен жеңіп шығуға тырысады.
Студент өз мамандығына және жан-жағына басқа көзқараспен қарайды. Басқа студенттермен іштей өздерін салыстыра бастайды, өз қолдарынан жасап шығарған дүниесінің қандай еңбекпен келгенін бағалай бастайды. Осылай оқытушы мен шәкірттің еңбектері жетістіктерге жете бастайды. Әрі тәжірибе алу, әрі тәжірибе алмасу.
Осы орайда Абай атамыздың өсиет сөзі есіме түседі «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», осындай еңбектену арқылы әрі білімді, әрі ғылымды, жан-жағымыздағы адамдарды жақсы көруді үйренеміз, оның өзіде зор жетістік деп білемін.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *