Ажарлы қыс

Өткізген. Аманбаева.А.Е.
Өткізу мерзімі: 14.01.2019 ж.
Топтың жас ерекшелігі:№14 ересек топ
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту» Тақырыбы: Сөз. Сөйлем. «Ажарлы қыс» тақырыбына суреттер бойынша әңгіме құрастыру. «Сиқырлы сөздер», «Аса маңызды сөздер»
Мақсаты: «Қыс» тақырыбы бойынша сөздік қорын молайту .
Міндеттері:
БМ: .Әңгімені суреттер бойынша құрастыруды үйрету, зат есімді сын есіммен, есімшемен үйлесті-руді үйрету, диалог түріндегі сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
ДМ: Ойлау қабілеттерін, тілдерін, байланысты сөйлеу дағдыларын, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту.
ТМ: . Табиғатқа сүйіспеншіліктерін және ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздікжұмыс: Ажарлы қыс,ақ мамық.
Қостілдік компонент: Қыс-зима-winter, қар-снег-snow, аяз-мороз-freezihq, шана-сани-sleiqhs, шаңғы-лыжа-ski, ақ мамық-белый пушистый-white fluffy, аққала-снеговик-snowman.

Қызметтің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық

Сәлеметсіңдер ме балалар
Шаттық шеңбер: Достарменен бір жолда, Иықтасып жүреміз.
Қиындықта қол ұшын, Береріне сенеміз.
Жұмбақ жасырады: Жапалақтап жауады, Жердін бетін жабады. Бұл не аппақ мақтадай? Кәнекей, кім табады?
-Дұрыс таптыңдар, бұл жұмбақтың шешуі: қар
Өлең оқиды: Айналамда ұшып жүр, Ақ мамық қар себелеп. Қалт-құлт еткен бейне бір, Ақ қанатты көбелек. (З.Шүкіров)
-Өлеңде не туралы айтылған екен?
Балалар амандасады.

Балалар шаттық шеңберге тұрады.

Балалардың жауабы:
қар

Аппақ мамыққа ұқсаған қар.
Ұйымдастырушылық – ізденістік

Ия,дұрыс таптыңдар балалар.
Жаңа тақырып -Қыс мезгілінде неше ай бар? Қыс мезгілі ұнай ма?
Несімен ұнайды?

-Мына суретке қарап әңгіме құрайық.
Суретке қарап көргендеріңді өз қиялдарыңмен толықтырып, әңгіме құрауды айтады:
-Суретке мұқият қарап,тақырып қойындар. Сендер суретте шана мен сырғанап жүрген балаларды, коньки теуіп жүрген баланы көріп отырсындар, балаларғы ат қоя отырып әңгіме құрауларын айтады.
Бұл суреттінң тақырыбын сендер қалай деп атайтын едіндер?
-Ия, дұрыс айтасындар. Сендердін ойларынды қорта келе, бұл суреттін тақырыбын «Ажарлы қыс» десек қайтеді, келісесіндер ме? Сөздік жұмыс: «Ажарлы» сөзі «көрікті, әсем, тамаша, сұлу»деген мағынаны білдіреді.
-Енді өздерің ажарлы қыс мезіліне өз қиялдарыңмен әңгіме құраңдар.

Сергіту сәті: К.Нүсіпбековтің «Суретші қыс» өленің ұсынады.
Қонақтайды бақтарға,
Ақ көбелек, ақ мамық.
Аунап таза ақ қарға.
Балалар жүр мақтанып.
Тазартып бар кір, шаңнан,
Қыс өнерін бастады.
Терезеге қыраудан,
Сурет салып тастады.
Дидактикалық ойын: «Colours»
Ойын шарты: түстерді үш тілде атап, өз түстеріне жиналу керек.
ақ – белый-white, көк-синий-blue, қызыл – красный – red, жасыл – зелёный-qreen, сары – желтый – yellow, қоңыр- каричневый – brown, сарғыш-оранжывый – oranqe, күлгін – фиолетовый-purpll, қызғылт – розовый-pink, сұр-серый-qrey, қара-черный-black. -Құраған әңгімелерің сөйлемнен тұрады, ал сөйлем сөзден құралады.
-Сөз дегеніміз- айтылатын бір ой. Егер «қыс», «қар», «шаңғы» деген сөздерді ойлап айтсаң, сол сөзді өрбітіп сөйлем құрауға болады. «Айырмашылығын тап!» Ойын шарты: Екі аққаланың суреті беріледі. Суретке қарап аққалалардың айырмашылығын табу керек. Жаңылтпашты қайталату Жапалақтап, қаптапақ қар жауды. Алқапты аппақ қар жапты. Орманда қар, Жерде қар. Шыршада қар, Көлде қар. Қостілдік компонет: Қыс-зима-winter, қар-снег-snow, аяз-мороз-freezihq, шана-сани-sleiqhs, шаңғы-лыжи-ski, ақ мамық-белый пушистый-white fluffy, аққала-снеговик-snowman. Дид. ойын: «Аққала» Шарты: Тақтаның бетіне қиылып жабыстырылған, аққаланың жетіспейтін бөлігін тауып, көзін жұмып барып жабыстыруды ұсынады. Аққала туралы әңгіме құрап айтуды айтады. Дидактикалық ойын: «Сөзді жалғастыр» Шарты: Әр балаға қағаздан қиылған қар түйіршіктерін таратып береді. Қолдарыңдағы әдемі қар түйіршіктеріне қарай отырып қардың қандай екендігі туралы сөздер ойлап көріңдер. «Қыс» сөзіне дыбыстық талдау Сөздегі дыбыстардың орнын әр дыбысқа екпін түсіріп айту арқылы анықтатады. 3 ай бар.
Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

Қыс мезгілі бізге ұнайды. Сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз, коньки тебеміз,бәрінен де, Жаңа жыл мерекесін күтеміз. Өз ойларын айтады.

Қыс қызығы, Қысқы серуен, Қыстағы ойындар, Аққала тұрғызайық, Достармен бірге, Біздің аула,Қыс тамашасы.

Әр бала өз ойымен бөліседі.

-Келісетіндерін айтады.
Әңгіме құрайды:
Далада қар жауып тұр.Күн суық, аяз. Ағаш бұтақтарын қалын қар басқан. Балалар аулады ойнап жүр. Біреулері коньки теуіп, енді бірі шанамен сырғанап,ал біреулері қарға су әкеліп құйып жатыр. Жиналған бір топ бала аққала жасап жатыр.Бәрі де көңілді.Өздерінің жасаған жұмыстарына мәз-мейрам. Міне қандай қыс мезгілі.
Ұнағандарын айтады.
Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.

Сөздерді қайталай отырып, белсене ойынға қатысады.

Сурет бойынша аққаланың айырмашылығын тауып береді. Тапсырманы орындайды.
Балалар педогогпен бірге қайталайды

Балалар 5-6 тет қайталайды.

Аққаланы құрастырады.Аққала туралы әңгіме құрап айтады.

Қолдарындағы қар түйіршіктеріне қарап отырып айтады:
Қар ақ түсті -Қар әдемі -Қар суық

Рефлексиялық –
Түзетушілік -Балалар, қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

-Біз бүгін қандай тақырыпқа сөйлем құрадық?
Педагогикалық баға беріп, мақтап-мадақтайды.
Қар жауады, күн суынады, бірақ біз қызықты ойындар ойнаймыз. -«Ажарлы қыс» тақырыбына.

Балалар қуанады.

Күтілген нәтиже:
Біледі: Берілген суретке тақырып қойып, әңгіме құрауды.
Игереді: Сөйлем түрлерін, сөз бен сөйлемнің айырмашылығын.
Меңгереді: суреті бойынша әңгіме құрауды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *