Жасыл экономика- ауқатты болашаққа апарар жол
Жасыл экономика- ауқатты болашаққа апарар жол
Кіріспе. Жасыл экономика-экономикалық ғылымда соңғы екі онжыддықта қалыптасқан бағыт болып табылады және де ол экономины табиғи ортаның тәуелді бір бөлігі ретінде сипаттайды. Жасыл экономика тұжырымдамасы өзіне экономикалық ғылыммен философияның басқада идеяларын біріктіреді, мысалы экологиялық экономика, қоршаған орта экономикасы, антиглобалистика, халықаралық қатынастар теориясы, постмодернизм және т.б. Алайда қазірге дейін жасыл- экономиканың бірыңғай анықтамасы жасалмаған және де біз жасыл экономикаға мынадай анықтамалар беруге талпыныс жасадық:
- UNEP анықтамасы бойынша жасыл экономика – бұл жердің табиғи капиталын құратын және және арттыратын немесе экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын салалар;
- БҰҰ анықтамасы бойынша жасыл экономика- бұл экономикалық тәуекелдермен табиғи ресурстар тапшылығын қысқартатын және халықтың тұрмыстық игілігін жақсартып, әлеуметтік кеңдікке алып келетін экономика;
- Жасыл экономика- бұл адам өмірінің ұдайы өндірісіне қажетті табиғи негізді бұзбайтын, биосфераның шаруашылық сыйымдылығы шеңберінде дамитын экономика.
Сонымен бірге, жасыл экономика халықтың жоғары тұрмыс деңгейі мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен сипатталатын экономика болып табылады. Бұл экономикалық модель XXI ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі ретінде танылып отыр.
1.1« Жасыл экономиканың» принциптері мен аксиомалары. «Жасыл экономиканың» негізгі үш аксиомасы бар, атап айтатын болсақ:
- Шектеулі кеңістікте ықпал ету аясын шексіз кеңейту мүмкін емес;
- Шектеулі ресурстар жағдайында шексіз өсіп отырған қажеттіліктерді қанағаттандырумүмкін емес;
- Жер бетіндегі барлық нәрсе өзара байланысты.
Жасыл экономиканың артықшылықтары:
- Бүкіл әлемде күн. Батареяларын қолдану мүмкіндіктері;
- Газ бен жұмыс жасайтын жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы көліктерді енгізу;
- Қайта өңдейтін зауыттар арттыру;
- Климаттың өзгеруі жағдайында қолданылатын асфальтбитондық технологиялакр қолдану;
- Қоршаған ортаға зиянсыз экологиялық женіл көліктерді пайдалану мүмкіндігі;
Жасыл экономиканың қағидалары:
- Әділдік қағидасы (теңдік);
- Адамгершілікті құрметтеу қағидасы;
- Сақтық қағидасы ;
- Қатысу қағидасы;
- Басқару қағидасы;
- Тұрақтылық қағидасы;
- Тиімділік қағидасы.
Жасыл экономиканың сегменттері:
- энергияларды тудыру, іздестіру;
- энергияны сақтау;
- энергетикалық инфра құрылым;
- энергетикалық тиімділік;
- тасымалдау;
- су және ағын сулар;
- ауа және қоршаған орта;
- материалдар;
- өндіріс және өнеркәсіп;
- ауылшаруашылығы;
- рециклинг жолдары.
Рециклинг – Бұл өнеркәсіптік өндщіріске өнеркәсіп, құрылыс және тұрмыстық қалдықтардағы көптеген материалдарды қайтадан қайтара қолдану.
1.2 Қазақстанда «жасыл экономика» бағдарламасы бойынша жұмыстар үш негізгі кезеңде жүргізіледі:
Біріңші кезеңде 2013-2020 жылдары мемлекеттің негізгі басымдығы ресурстарды тиімді пайдаланумен қоршаған ортаны қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сол сияқты «жасыл» инфрақұрылым құру болады.
Екінші кезеңде барысында 2020-2030 жылдары қалыптасқан жасыл инфрақұрылым негізінде суды үнемдеп пайдалану, қалпына келетін энергетиканы дамытуды ынталандыру мен кеңінен енгізуді қолдау, энегетикалық стандарттыры негізінде құрылыс жүргізіледі.
Үшінші кезеңде 2030-2050 жылдары ұлттық экономиканы «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» қағидасына көшу қарастырылған. Ол табиғи ресурстарды олардың жаңартылумен тұрақтылық негізінде қолданылуынпайымдайды. Тұжырымдама бойынша «Жасыл экономикаға»
көшу шаралары мынандай бағыттар бойынша жүзеге асыралада: су ресурстарын тұрақты пайдалану, тұрақты және жоғары өнімді ауыу шаруашылығын дамыту, энергияны үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті арттыру, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаны ластауды азайту, экожүйелерді тиімді басқару.
«Жасыл экономиканы» дамытудың жеті негізгі бағыттары:
Бірінші бағыт – жаңартылатын энергия кезеңдерін енгізу.
Екінші бағыт – тұрғынүй- коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.
Үшінші бағыт- ауыл шаруашылығы орканикалық егін шаруашылығы.
Төртінші бағыт- қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру.
Бесінші бағыт– су қорларын басқару жүйесін жетілдіру.
Алтыншы бағыт- «таза» көлікті дамыту.
Жетінші бағыт –экожүйелерді сақтау және тиімді басқару.
«Жасыл экономика» кедей елдердің дамуына және бай елдердегі кедейлердің қысқаруына ықпал етеді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше мемлекет «жасыл экономикаға» көшуде мынадай міндеттерді шешу тиіс:
-экологиялық салықтарды енгізу;
-«қоңыр» өнеркәсіп үшінммемлекеттік субсидияларды азайтып, экологиялық талаптарды күшейту; «қоңыр» өнеркәсіп қазіргі күнгі дәстүрлі, яғни ресурстарды ысыраппен пайдалануды, өндірісте көміртектің көп пайдалануын білдіреді.
– «Жасыл» өнеркәсіпке мемлекеттік инвиестициялар жасау;
– жаңа «жасыл» технологияларды трансферметтеу мен енгізу.
«Жасыл экономикаға» өткен елдерден мысал келтіретін болсақ:Оңтүстік Корея «жасыл өсімді» ұлттық стратегия ретінде қабылданған алғашқы ел боп отыр. Бұл стратегия шеңберінде негізінен үш элементке баса назар аударылады, олар өнеркәсіп, энергетика және инвестиция. Энергетикалық және басқа да ресурстарды минималды пайдалана отырып, өндірістік экономикалық қызмет ауқымы сақтау, қоршаған ортаға қысым жасауды минимумға жеткізу, инвестицияны табиғатты қорғау және экономикалық өсудің қозғаушы күшіне айналдыру мақсаттары қарастырылған.
Швеция 2020 жылға қарай мұнай, көмір және газдан бас тартып, қалпына келуші ресурстар энергиясына көшуді жоспарлап отыр.
Бразилия көліктің 80%қант қамыстарынан жасалған биоотынға көшіруді жоспарлауда. Тайвань күн батареяларын белсенді пайдаланып отыр. Жапония «Төмен көміртекті қоғам бағдарламасын» қабылдап, көміртектің шығарылымының төменгі деңгейін белгілеген.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718