Қаратпа сөз жəне оның тыныс белгісі
Бөлім: |
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен».
|
|
Педагогтің аты-жөні |
Смаханова Арайлым Бакытековна
|
|
Күні: | 01.10.2020ж | |
Сынып: 3 «Ә» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы |
Қаратпа сөз жəне оның тыныс белгісі
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 3.3.7.1 қаратпа сөздерді ажырату және тыныс белгілерін дұрыс қою;
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау.
|
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын анықтай алады;
Көптеген оқушылар: қаратпа сөздерді ажырата алады. Кейбір оқушылар: Өз бетімен қаратпа сөздерді тауып, тыныс белгілерін дұрыс қою туралы қорытынды жасап, түсіндіре алады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 7 минут |
Психологиялық ахуалын қалыптастыру
1. «Көркем жазу» минуты
2. “Бұл жауабы болса, онда сұрағы қандай болады?” әдісі арқылы оқушыларға жауабын ұсындым.
|
Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аударады Тақтада берілген сөздерді көркем етіп жазады.
Оқушылар берілген сөздерге сұрақ құрастырады |
Өзін – өзі бағалау
Кері байланыс |
Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары. слайд |
Сабақтың ортасы28 минут
|
3. Рөлдік ойын: «Тыңдашы мені»
Өз ісімен шұғылданып отырған кісіні қалай өзіңе қаратуға болады? 1 минут уақыт беріледі.
– Қарата алдың ба? – Не дедің? Қай сөз саған қарауыңа себеп болды?
4. “Сөздерді зерттеу” әдісі. Балақай, гүлдерді жұлма! Егін басына барғың келе ме, Дәурен? Биыл егін жинау науқанын, Дархан,сәтті аяқтай аламыз ба?
– Қарамен жазылған сөздер қандай сөздер? – Қаратпа сөздер қандай қызмет атқарып тұр? – Қаратпа сөз сөйлемнің қай жерінде тұр? – Үтір неліктен қойылады?
5. Мәтінмен жұмыс..
Мәтінді оқып бердім. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою. v Мәтін не туралы ? v Мәтінге қандай ат қоюға болады? v Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді оқыңдаршы? v Мәтіннен қаратпа сөзді табайықшы v Қаратпа сөз сөйлемнің қай жерінде кездесіп тұр?
6. «Сөйлемді жетілдір» әдісі
Жіберші, маған, көмектесіп. Ертегі, айтып беріңізші. Иә, саяхатқа, шығыңдар, сенбі күні.
|
Тақтаның алдындағы оқушының назарын аударып, өзіне қаратады.
Берілген сөйлемдерді дәптерге жазып, қарамен жазылған сөздерге назар аударады. Жетелеуші сұрақтарға жауап бере отырып, ережені өздері шығарып, қаратпа сөзде қолданылатын тыныс белгіні де өздері анықтап шығады.
Мәтінді мұқият тыңдап, мәтін мазмұны бойынша қойған сұрақтарға жауап бере отырып, мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын анықтайды.
Сөйлемді қаратпа сөздермен толықтырып, шашыраңқы берілген сөздерден сөйлем құрап жазады.
|
Мадақтау
Критерийлер арқылы бірін – бірі бағалау v Сөйлемде қаратпа сөздерді қолданғаны дұрыс па? v Тыныс белгілерін дұрыс қойған ба? v Қатесіз жазған ба?
|
Оқулық, слайд
Өзіндік жұмыс тапсырмасы |
|||||||||||||||
Сабақтың соңы5 минут |
«Сұрақ – жауап» әдісі
кері байланыс • Қаратпа сөздер қандай мақсатта айтылады? • Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, тыныс белгі қалай қойылады? • Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, тыныс белгі қалай қойылады? • Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, тыныс белгі қалай қойылады? • Қаратпа сөзі бар сөйлем айтшы.
Үй тапсырмасы 5 сөйлем жазып келу. Сөйлем құрамында қаратпа сөз болуы шарт.
Рефлексия Бағалау парақшасы Мақсаты: оқушылардың сабақта алған білім, білігін бағалау.
|
Оқушылар сұрақтар жауап бере отырып, бүгінгі сабақта алған білімдерін тиянақтайды.
|
Өзін – өзі бағалау
|
Сұрақтар жазылған кеспе қағаздар
Бағалау парақшасы
|