Баяндама: Қазіргі заманғы бала және оның мәселелері.

Қазіргі заманғы бала және оның мәселелері.
«Балалар құрметке сенім мен достыққа,қарым-қатынасқа
лайық, олармен осы жылы сезімді анық жағдайда,
көңілді күлкі,наздану мен таңдану,таза жарқын және
қуанышта болу бізге жағымды тиеді»

(Я.Корчак)

Балалардың ең бір ғажабы әр сәттегі мінез-құлқы,былдырлап шыққан тілі,әр жеткен жетістігі деп білеміз.Әрбір адам,ата-ана,педагог бола алатын ойлана отырып бүлдіршіндерге мұқият қараған дұрыс деп білеміз.Қазіргі заманғы балалардың жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында негізгі орын алады.Оқу-тәрбие жұмыстарын бүгінгі білім стандартын сай кешенді түрде жүргізу арқылы балаларды біртұтас тұлға етіп қалыптастыру.

Әрбір адам өзінің дамуында үш кезеңді басынан өткізеді;жетілу, кемел жас және кәрілік.Бала ағзасының жетілуі –даму ,өсу және дене пішінінің қалыптасуы арқылы жүреді.Баланың дамуы –ағзада өтетін сапалы өзгерістер арқылы білінеді.

Елбасы ана мен балаға қамқорлық жасауға баса назар аудару қажет екенін 2030 жылғы жолдауында айтып кеткен болатын.Баланың өсуі мен дамуы үздіксіздігімен жолдауында айтып,кеткен болатын.Баланың әркелкі дамуы,оның психологиялық дамуы әртүрлі деңгейде болады. Бұл баланың жеке басының ақыл –ой процестерінің дамуына ғана емес,сонымен қатар оның тәрбиеленген орта жағдайына да байланысты болады.Тақты ғұлама ғалым ӘЛ-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек , тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі»деген.
Барлық тәрбиешілер,болашақ тәрбиешілер,ең алдымен алдындағы балабақша бүлдіршіндерінің жан-жақты тәлім-тәрбие алуына,олардың ішкі қабілетін анықтауға, дарынын шыңдауға , сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағынан сусындауына әрдайым жағдай жасайды.
Ал,психологиялық жағынан алып қарастырсақ, жеке баланың бағыт-бағдар көрсететін компоненттері көп ,олар; адамның қажеттері,қызығулары,дүние
Танымы,сенімі,мұраты.Солардың негізінде балалар іс–әрекеттерімен айналысады – ойын,оқу,еңбек. Әсіресе, оқу әрекетінде бұл компоненттер өзінің орнын табады.

Мысалы: рухани қажеттілік,оқу материалдарына қызығушылық,ғылыми дүниетанымы,өз ісіне сенімділік, мұратына жету барысында өмірдің мақсаттылығы айқындалады. Үйдегі бала мен балабақшаға баратын балалардың айырмашылығы жер мен көктей.Балабақшаға баратын баланың қызығушылығы, қарым – қатынасы, мінез – құлиқы, бағдарлары мен қажеттіліктері, мотивтері, бейімділіктері және т.б. қалыптасады және өзгереді. Мұның барлығы баланың санасын есейтеді.Бұл жерде баланың физиологиялық,психикалық дамуының, жас ерекшеліктері есепке алынады.
Қазіргі заманның баласы қатыгез деген ұғым қалыптасып келеді, бұған қайшы не?
Мысалы: ата – аналар балаларын жиі мақтаса,бала өзін тым ерекше сезініп,өзімшіл болып кетуі мүмкін. Оның залалын бала өсе келе көрсете бастайды. Ал кейде тіпті керісінше, оның істеген істеріне, талап –талпыныстарына мән бермей қою және немқұрайлы қарау баланың еңбектенуге деген құштарлығын жойып жіберпуі мүмкін. Сондықтан ересектер ( ата -аналар) тарапынан мақтауды бала тәрбиесінде орынды қолдану маңызды. Онсыз бала мінезі басыла береді. Ал,балалардың бір – бірін мақтағаннан гөрі сөккенін ұнатуы қазіргі заманға жат құбылыс болмай бара жатыр.Бұл кімді болса да еріксіз қынжылтады.Бірақ мұны қазіргі заманның баласы қатыгез болуының себебі деп айту қиын. Әрине, қазіргі біздің қоғамымызға батыстық үрдістердің тереңдеп енуіне байланысты, қоғамда болып жатқан жахандану тенденциясына қарай,қазіргі балалардың психикасының бұзылуы олардың мінез – құлқы мен өмірлік бағдарларының, құндылықтарының өзгеруі байқалады. Атап айтсақ, баланың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылмауы, ата – аналар тарапынан тәрбиенің толыққанды болмауы, ақпараттық технология құралдарын баланың өз еркімен қалауынша қолдануы – оның өзімшіл, ашушаң, ұрысқақ, қатыгез болуына, жанашырлық езімін іркіп қалатынына ықпал ететіні сөзсіз. Бала тәрбиесінде мейірімнің маңызы ерекше. Жақсы да, жақсылықта жалпыға ортақ.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *