Елін сүйген Елбасы.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Білім беру саласы: «Қатынас»
Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Үлестірмелі материал, суреттер.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ — жауап, мадақтау
— Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Шаттық шеңбер:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
— Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
— Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
— 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
— Ал, балалар, көгілдір мына суретке назар аударайық.
— Балалар, бұл кім?
— Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
— Әр елдің өз басшысы болады. Ал біздің Елбасымыз тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Нұрсұлтан қаласында тұрады. Мынау – Нұрсұлтан қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда. Қазіргі таңда біздің елдің Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы.
— Балалар, әр елдің өз рәміздері, өз ана тілдері болады.
— Балалар, біз қай тілде сөйлейміз?
— Еліміздің рәміздерін мына суреттер арқылы қарап білейік.
— Балалар бұл біздің мемлекеттік – Гимніміз. Ал, мынау – Елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір, самғау биігі. Шекесінде 5 жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы. «Қазақстан» атты жазу біздің қазақ екенімізді білдіреді. Балалар туымыздың түсі – көк. Көк түс – адалдық пен тазалықтың, бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз, оң жағында оюдың суреті бар. Күннің болуы – күндей жарқын болсын, дала бүркіті – дархандық пен қырағылықты бейнелеген. Оюдың бейнеленуі – қазақ екенімізді білдіреді.
Түстерінің сары болуы – молшылықтың белгісі екен.
Балалар, дидактикалық ойын ойнайық. Ойын:«не жетіспейді?»
Ойын шарты: Балалар мынау не?
Тудың ортасында не жетіспей тұрғанын тауып көріп жабыстырайық.
Мақсаты: Балаларды шығармашылыққа, жылдамдыққа үйрету.
— Балалар, біз нені жабыстырдық?
— Күннің түсі қандай?
— Күннің пішіні қандай?
— Тудың түсі қандай?
— Күнді
— Сары
— Домалақ
— Көк
Сергіту сәті: Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
— Елбасымыз кім?
— Қазіргі Президентіміз кім?
— Елбасымыздың жұмыс жасайтын орны қалай аталады?
— Біз қай елде тұрамыз?
— Біз бүгін не жабыстырдық?
— Жарайсыңдар, балалар!
Әрқашан еліміз тыныш, елбасшымыз аман, көк туымыз мәңгі желбірей берсін!
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Елбасын және елбасы күнін
Үйренуі керек: Рәміздерді құрметтеуді.