1желтоқсан Тұңғыш приздент күні
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «1 желтоқсан-Тұңғыш президент күні»
Мақсаты:
Білімділік: Елбасымыздың туып, өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Балаларды қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беруге жаттықтыру. Балалардың көркем сөз арқылы тілін жетілдіру.
Тәрбиелік : Балаларды Отанын, жерін сүюге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап,шаттық шеңбері,сергіту сәті, әңгімелеу, ойын ұйымдастыру, мадақтау, қорытындылау.
Көрнекі құралдар: Елбасының және президент Қ.Ж. Тоқаевтың суреті,ту,елтаңбаның суреттері
Жеке жұмыс: Айназға,Шұғылаға,Ғаниға,Айзереге Елбасы туралы тақпақтар жаттату.
Оқу қызметінің барысы
I.Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңбері:
Отаным менің кең – байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Ел – Отан біздің кең – байтақ,
Отанның біздер баласы.
– Балалар, бүгінгі тақырыптық оқу қызметіміз қызықты өтпек, себебі бүгінгі оқу қызметімізді Тұңғыш президент күніне арнаймыз.
Оқу қызметімізді ән ұранмен бастаймыз.
II.Негізгі бөлім:
– Балалар, Отанымыз қалай аталады?
– Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
Нұрсұлтан
-Елбасымыз кім?
– Н. Ә. Назарбаев Алматы облысында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды армандаған. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы)
-Балалар Н.Ә.Назарбаев-біздің бірінші президентіміз. Ал кәзір,біздің мемлекетімізді басқарып отырған президентіміз-Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
-Ендеше балалар елбасымызға арнап тақпақтар орындаймыз.
Айназ:
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
Шұғыла:
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Айзере:
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады,
Орындалып – арманы,
Халқымызда – ажарлы
Осының бәрі – әрине,
Елбасының – арқасы.
Сергіту сәті:
Ән: «Алға Қазақстан»
– Балалар,Қазақстан Республикасының рәміздері бар?
-Сендер қандай рәміздерді білесіңдер?
– Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, әнұран.
– Балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы: Ш. Ниязбеков атамыз .
-Тудың түсі қандай?
-Ортасында не бейнеленген?
-Тудың шетінде не бейнелеген?
-Балалар енді біздің Ғайнидің көк туымызға жаттағын өлең жолдарын тыңдайық.
Ғайни:
Көк аспандай көкпенбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабағы
– Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы: Мәлібаев және Уәлиханов аталарымыз.
-Балалар, біздің Елтаңбамыздың пішіні қандай?
– Тәрбиеші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранның әнін жазған Шәмші Қалдаяқов сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аталарымыз
Тәрбиеші: Балалар әнұранымыз қалай басталады?
– Жарайсыңдар, балалар
Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт – Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі – еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың арқасы!
Ойын: «Жалаушаны жалғастыр?»
Ойының шарты: ән айтып тұрады ән тоқтағанда кімнің қолында жалауша қалады сол мақал-мәтеле, тақпақ немесе Қазақстан Республикасының қалаларын айтып береді.
III.Қорытынды бөлім:
-Елбасымыз кім?
-Мемлекетімізді кәзір кім басқарып отыр?
-Қазақстан Республикасының қандай рәміздерін білесіңдер?
Оқу қызметке жақсы қатысқан балаларды мадақтап аяқтау.