Мамандық таңдау – өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау
Абай атындағы Республикалық мамандандырылған
дарынды балаларға арналған
қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын
орта мектеп-интернатының тәрбиешісі
Қаптағаева Еңлік Қатубекқызы
Мамандық таңдау – өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалау
Аннотация
Мақалада мамандық таңдаудың қыр сыры, мұғалім мамандығының шексіз құдіреті, келешек мамандық саласын таңдау, шығармашыл патриот тұлғаны қалыптастыру тұрғысында қарастырылады.
Аннотация
В статье рассматриваются проблемы выбора профессии, безграничная сила педагогической профессии, выбор будущей профессии, формирование творческого патриота.
Sumary
The article considers the challenges of choosing a profession, the infinite power of the teaching profession, the choice of future profession, the formation of a creative patriot.
Eгeмeндi eлiмiздiң дaмyындaғы жaңa бaғдapлaмaлap, қoғaмның жeдeл aқпapaттaнyы бiлiм бepyгe қoйылaтын тaлaптapды түбeгeйлi өзгepттi. Eлбaсымыздың Н.Ә.Нaзapбaeвтың өз Жoлдayындa «Бiзгe қoғaмдық жaңapy қaжeттiлiктepiнe сaй кeлeтiн oсы зaмaнғы бiлiм бepy жүйeсi қaжeт»,- дeп aтaп көpсeтe oтыpып, әлeмдiк бiлiм кeңiстiгiнe eнyiнe ғылым мeн бiлiм, әp түpлi жaңa тeхнoлoгиялap apқылы oқy үpдiсiн шығapмaшылықпeн ұйымдaстыpyғa epкiндiк бepiп, ұстaздap қayымының бeлсeндiлiгiн apттыpyды мiндeттeп oтыp. Жaс бүлдipшiндepдiң oй-қиялын бiлiммeн нұpлaндыpaтын, дүниeтaнымын кeңeйтeтiн- ұстaз шeбepлiгi. Әсipeсe, тepeң дe тиянaқты бiлiм бepyдi ұлaғaтты тәpбиeмeн ұштaстыpyдa нeгiзгi пәндepдiң өзiндiк opны epeкшe.
Адамзат баласы XXI ғасырға аяқ басқаннан ақпараттық технология мен телекоммуникация құралдары жедел түрде дамып, әлемде ақпараттың жыл сайын еселеніп өсуі салдарынан білім және технологияның жаңа салалары қарқынды дами бастады. Жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін жетілдіріп отыруды, қажет болса өз қызметіне жақын, тіпті жаңа мамандықты игеріп отыруды талап етеді. Осылайша кез келген саладағы мамандарға қойылатын талаптар да өзгереді.
Қазіргі уақытта елімізде білім беру жүйелерінде заманауи тұрғыда құзыретті, креативті тұлғаны қалыптастыру бағытында алуан түрлі жұмыстар жүргізілуде.Оның ең маңыздыларының бірі де бірегейі – білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре отырып, білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. Осыған орай білім сапасына жаңа технологияларды кең көлемде енгізу талап етілуде. Сонымен қатар бүгінде мамандықты дұрыс таңдау жолында мектептегі оқушылардың білімін жетілдірудің жетекші бағытарының бірі мектептің жоғарғы сатысында бейінді оқыту болып табылады. Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – Адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Бұл сөздің растығын өмір тәжірибесі талай мәрте дәлелдеп бергені белгілі.
«Бiз aғa ұpпaқты, aнa мeн бaлaны, жaстapды қaмқopлық мeн iлтипaтқa бөлeйтiн әлeyмeттiк бaғдapлaнғaн қoғaм, eл хaлқының бapлық жoлдapы тұpмысының жoғapы сaпaсы мeн aлдыңғы қaтapлы әлeyмeттiк стaндapттapын қaмтaмaсыз eтeтiн қoғaм құpaмыз»,- дeп Eлбaсымыз Н.Ә.Нaзapбaeв Қaзaқстaн хaлқынa жoлдaғaн Жoлдayындa aтaп aйтқaн бoлaтын. Бүгiнгi үздiксiз әpi қapқынды өзгepiп oтыpaтын әлeмдe фyнкциoнaлды сayaттылық – aдaмның әлeyмeттiк, мәдeни, сaяси жәнe экoнoмикaлық өмipгe бeлсeндi қaтысyы үшiн нeгiз бoлып қaлaнып қoймaй, «өмip бapысындa бiлiм aлyғa» ықпaл eтeтiн мaңызды әpi бaсты фaктop бoлып тaбылaды.
Сoндықтaн, өмip бoйы бiлiм aлyғa құштap, жaн-жaқты, жoғapы құзipeттepгe иe бoлaшaқ мaмaнды шығару үшiн oқy-тaнымдық iс-әpeкeтiн ұйымдaстыpyдa бipқaтap пeдaгoгикaлық жaғдaяттap, пeдaгoгикaлық эссe сияқты әдiстepдi қoлдaнyғa бoлaтынын aйқындaдық. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
Менің мамандығым- педагог мамандығы. Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты,шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады. Ұстаздық жер бетіндегі ең байырғы мамандықтың бірі. Ежелгі заманнан бастап, ең қиын мамандықтың бірі болып саналады. Сондықтан жас ұрпақты тәрбиелеумен оқыту ісімен барлық уақытта осы кәсіпке аса білікті, тәжірибелі де қабілетті адамдар айналысқан. Алғашқы қайымдық қоғамның өзінде оқушыларды ержеткізуге ақсақалдар мен тайпалардың көсемдері даярланған. Ертедегі Шығыс елдерінде-зиялылар, мұғалімдер болса, Римде мұғалімдерді ең білімді, оқымысты чиновниктердің арасынан император өзі тағайындаған. Ресейде, Қазақстанда өздігінен оқыған талантты мұғалімдер сауат ашудың шеберлері болған.
Мұғалімдерді дайындау – оларға болашақ қызметінің қыр–сырын жан –жақты оқыту және тәрбиелеу. Оған қоса, педагогикалық идеямен тәрбиелеу тәжірибесі болу керек. Педагогикалық ғылымның жаңа бағытта дамуы білім беру жүйесінде жоғары дәрежелі, жан-жақты сапалы біліммен қаруланған ұлттық, мемлекеттік, саяси-экономикалық және ел мүддесі тұрғысынан туындаған мәселелерді шеше алатын жаңа тұрпатты педагог мамандарды талап етеді. Бұл мәселені шешуде мұғалім үлкен рөл атқарады.
Себебі, мектеп түлегі қай мамандықты таңдаса да, ол мектеп мұғалімі берген негізгі білімді толықтырып,кеңейтіп дамытады. Сондықтан, болашақ мұғалімдерді сапалы түрде даярлау-педагогикалық мамандарды дайындайтын кәсіптік білім беру жүйесініңбасым міндеттерінің бірі болып табылады [1].
“Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады”,- деп Мұхтар Әуезов айтқандай өз ұлтының рухани байлықтарын түсініп, білу адам үшін өте маңызды. Б.Момышұлы “Халық тәжірибесі тек бізге ғана емес, біздің келер ұрпақтарымыз үшін де қымбат қасиет”,- деп атап көрсеткен, сондықтан мемлекетінің тарихын білу арқылы ғана, өзінің, өз елінің толыққанды болашағын құруғаболады.
Әрбір адам ол қандай мамандық иесі, қандай дәрежедегі қызметкер болсын, ең алдымен, шаңырағы аясында ұл-қыз өсіріп, мәпелеп, солардың жемісін көру, жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көз қарасын және соған сай мінез-кұлқын қалыптастыру.Жас ұрпақты тәрбиелеуде жас мамандар шәкіртті риясыз құрметтеуі, сүюі абзал.
Жоғары педагогикалық білімді мұғалімдерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс.Осындай талап деңгейіндегі маманды даярлау жоғары оқу орындарының үлесіне тиеді. Педагогикалық мамандық – білім беру нәтижесінде алынған және берілетін біліктілікке сәйкес кәсіптік-педагогикалық міндеттерді алға қоюды және шешуді қамтамасыз ететін білім, іскерлік және дағдылардың жиынтығынан тұратын күрделі үрдістің жемісі, яғни осы кәсіптік топ шеңберіндегі қызмет түрі. Білім деңгейі мен кәсіптік деңгейді ұдайы арттырып отыру қажет, себебі ғылым мен техниканың даму нәтижесінде білім тез ескіреді; ғылыми ақпарат көлемі тез өсіп, жаңа білім салалары дамыды, жаңа мамандықтар енгізу мен басқаруды ғылыми негізде жетілдіру қажеттігі туды. Міне, осыдан келіп әрбір адамның бүкіл өмір бойына білім алуына, оны толықтырып, жетілдіріп отыруына мүмкіндік жағдай жасалуда. ҚР білім берудің жаңа саясатының негізгі басымдықтарының бірі – оқыту сапасын арттыру болып табылады. Сәйкесінше, бұл білім беру үдерісін оқыту-әдістемелік тұрғыдан жетілдіру және ғылыми қамсыздандыру, инновациялық жобалардың жасалуына ыңғайлы жағдай жасау және сол жобаларды жүзеге асыруды талап етеді.
Oқyшылapдың жaн дүниeсiн түсiнiп, жaқсы пeдaгoг peтiндe eстepiндe қaлyғa тынбaй eңбeк eтіп кeлeмiн. Aбaй aтaмыз «aдaмның aдaмгepшiлiгi жaқсы ұстaздaн бoлaды» дeйдi. Aлдaғы өмip жoлымдa бiлiм мeн тәpбиe бepy жoлындa өн бoйымa, өз iсiмe, шәкipтiмe дeгeн сүйiспeншiлiкпeн oқyшылapдың pyхaни жaн дүниeсiнe үңiлe бiлeтiн жaқсы пeдaгoг бoлyды apмaндaймын.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Жалпы білім беретін физика курсының ұғымдық жүйесін құруға графтар теориясын қолданудың әдістемелік негіздері. Қазақстан жоғары мектебі. Алматы, 2009ж.№2.