БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУ – КИБЕРПЕДАГОГИКА МӘСЕЛЕСІ
БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЦИФРЛАНДЫРУ –КИБЕРПЕДАГОГИКА МӘСЕЛЕСІ
Маденова Л.М. – п.ғ.м, аға оқытушы,
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Бүгінде еліміздің экономикасының барлық салаларын цифрландыру күн тәртібінің басты тақырыптарының бірі болып отыр. Осы бағытта жүріп жатқан белсенді жұмыстың басым бағыттардың бірі білім беруді қамтиды.
Білім саласындағы цифрландырудың ең басты міндеті білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті ел жастарын дайындау. Бұл тұста болашақ педагог мамандардың цифрлық сауаттылығына көңіл аудару қажет.
Цифрлік сауаттылық – бұл адамның өмірдің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді, сыни және қауіпсіз қолдануға дайындығы және қабілеті. Ол қазіргі таңдағы өзекті мәселеге айналып отырғаны рас. Адамның миын алмастыру мүмкін болмағанымен, оны жасанды интеллект арқылы жүзеге асыруға болады. Жасанды интеллект- бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін программалық жүйе.Ауқымды деректер -білім беру жүйесі деректерден білім алудың заманауи әдістері, модельдеу мен болжаудың математикалық әдістері, заманауи бағдарламалық жүйелер мен деректерді талдауға арналған бағдарламалау әдістері саласындағы дайындықты көздейді. Қазіргі таңдағы педагогиканың жаңашыл инновациялық саласы ретінде кеңінен қолданылып айтылып келе жатырған киберпедагогика ұғымы пайда болуда. Кибер –(ағылш. Cyber) – компьютерлік электрондық цифрлық технологиялармен байланысты кибер әртүрлі желілік ресурстарға, ақпараттық объектілер мен оқиғаларға және т.б. сілтеме жасау үшін қолданылатын бүкіләлемдік ғаламдық желілік түбір. Сол себепті білім беру жүйесіне «виртуалды шындық технологиясы» ұғымы мен киберлік әлеументтендіру үрдісінде кибербілім беру және оқыту, кибербілім беру бойынша арнайы ұйымдастырылған мақсатты, жүйелі іс-әрекеттер маңызды орын алып отыр.