Ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынас

 

Отбасы тұлға қалыптастырушы бесік. «Адамзат қалыптастырамын десең бесігіңді түзе»  деп ұлы ғұлама М. Әуезов бекер айтпаған. Қазіргі отбасы тәрбиесіне  аса мән беретін нысана ол – қарым қатынас. Қарым – қатынас жасау арқылы біз диалогпен ғана шектелмейміз. Ол арқылы біз салт – дәстүр, рухани үндестілік пен үйлесімділік, ата – баба мұрасын сақтау, халықтық тәлім мен туыстық арақатынасқа бейімдейміз. Қарым – қатынасты жақсарту жолдары тек қана екі тарапты сөйлесу мәнерімен шектелмейді. Байланысқа тағы ат салысатын құрылымдар : спектакль көру, кітап оқу, сахна мәнерімен байланысу, лекция тыңдап, достармен сөйлесу, ақпарат алып, бөлісу сынды қалыптастырушы факторлар іске асырылады. Ал бұның барлығын ашық түрде жан – жақпен байланыстыру үшін ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту тиіс. Бірақ отбасы арасындағы жақындық біз ойлағандай бола бермейді. Отбасы тәрбиесінің тиімді әрі дұрыс болуы ондағы қарым – қатынас беріктігін орнығуына байланысты. Әр отбасында барлығы идеал бола бермейді. Әр түрлі қарым – қатынас әр жақты орын алады. Отбасы қарым – қатынас түрлері :

– ынтымақтастық қарым-қатынас, яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы    түсіністік пен көмекке бағытталған;

– ортақ мүддеге негізделген біріңғай қарым-қатынас;

– өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас;

– бәсекелестік, яғни барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым-қатынас;

– түрлі себептермен туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас. Жоғарыда белгіленгендей әр отбасындағы әр түрлі қарым – қатынастан баланың жеке тұлғалық мәнері, қасиеті қалыптасады. кей отбасыларда баланы өз бетінше жіберіп қояды. Яғни ол бала ата – анамен санасу, ата – ана пікірін тыңдау сынды қасиетті өз бойынан көрсетпейді. Ал бұндай сәтте отбасы араындағы қарым- қатынас атымен болмайды. Ал кей жерлерде отбасында бала пікірімен санаспай тек ата –  ана құқығының басым болуы да кездеседі. Бұндай арақатынастағы ерекшелік – баланың жасқаншақ болуы, баланың өзіндік шешім қабылдай алмауы, тұлғалық қасиеттердің болмауы болып табылады.  Ал осы аталған қасиеттер баланың дамуына кері әсер етеді. Бірақ қазіргі заман талабына сәйкес ата – ана мен бала арасындағы құқықты теңдей жүргізіп отырады. Бұл қарым – қатынаста демократиялық ұмтылушылық және отбасының теңдей құқық сақталған. «Ата- ана мен бала» айнымас жұп. Бұл қос жұптың арасында қарым – қатынастың нығайуына кепілдік беретін ең басты қағидат ол – тәрбие. Тәрбие үрдісінде екі түрлі әсер болады. Олар : мақтау және жазалау. Бұл екі түрлі әсер балаға екі түрлі ой- өріс қалыптастырады. Мақтау, мадақтау арқылы баланың өмірге деген көзқарасы оң болады. Мақтау естіген, әр ісіне жақсы пікір қалғанын сезген бала алға қарай ұмытыла бастайды. Мақтау бұл – баланың мақсаты айқын әрі нық қадам басуына гарантия бере алады. Ал жазалау тарапына зер салсақ. Бұл тарапта баланы ұрып – соғу, балағаттап, оны төмен түсіру әсерлері жатады. Бұндай іс- әрекетті көріп , сөз естіген баланың дамуы баяулауы әбден мүмкін. Физикалық қысымды көп көрген баланың бойында өшпенділік пен кекшілдік қасиеттері басым болады. Менің ойымша осы қос әсерді 50 / 50 қолдану керек деп білемін. Баланы шамадын тыс мақтасаң бала еркінсініп кетуі мүмкін. Ал жазалау тарабы шамадан тыс қолданылса бала жасқаншақ болып қалады. Керек кезде мақтап, артық қылық танытса жазалауда қолданылу керек. Бірақ ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты жойып алмау үшін ұрып – соғуды көп қолданбау керек. Балаға дұрыс әрі нақты сөзбен түсіндірсең саналы түрде ойланатын бала  оны түсінеді. Бала туыла сала епті әрі ақылды болып кетпейді. Бала кішкентайында яғни мектеп жасына дейнігі жаста өз сөздерін мимика, жесть арқылы көрсетеді. Егер ата – ана бұл қадамды оң қабылдамаса бала бойында үрей қасиеті қалыптасады. сол себепті баланы кішкентай кезінен демеп, қолдау көрсеті орынды деп білемін. Кей отбасыларда ата – ана талабының тым жоғары болуынан бала үрей қасиеті осыданда қалыптасады. Үрей және өз-өзін төмен бағалау сәтінде қандай нәтиже болады деп ойлайсыз? Балада ең алдымен өзі үшін емес ата- ана үшін тырыасды, осы қос жан маған деген бір сенімділік пен оң көзқараста болса екен деген оймен жүреді. Әрине, бұлда дұрыс шығар, бірақ әр адамның өзіндік ішкі қалауы болады. Ал талабы жоғары ата – ана сол бала қалаған істі бұрыс деп тауып ересектік нұсқау ұсынса бала оны өзі үшін емес ата-ана үшін жасай бастайды. Бұл дегеніміз баланың өз қалауын аяқ асты етіп, өз – өзін бағаламау қасиетіне әкеп соғады. Сондықтан екі жақты санасу, пікір алмасу сынды жұмыстар жүргізілсе, ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынас нығая түседі. Баланың іс – әрекетіне ата – ана өздерін сол баласының орынына қойып көруі қажет. Сол кезде арада түсіністік орнайды. Баланың жасаған қателігіне ата –ана бірден тарпа бас салып ұрып – соғуға көшсе бала бойында естен кетпес қорқыныш қалып, ата- анасының бейнесі иделды болуына кері әсерін тигізеді. Сонымен жоғарыда сипатталған бала тұлғасының негативті қырлары дискомфорттың (жайсыздықтың) салдарынан туындайды. Сондықтан ата-ана мен бала арасындағы қарым – қатынас үздіксіз және терең болуы тиіс. Сол кезде ғана ортада түсіністік пен бір – бірінен алшақтық қасиеттері сезілмейді. Қорыта келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашанда ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл-кеңес айтушы болып танылады.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *