Ғажайып гүлдер
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Дүр Оңғар ауылы
№11 балабақша психологі Успанова Аяужан Қорғанбекқызы
Психологиялық дамыту қызметі
Тақырыбы: «Ғажайып гүлдер»
Мақсаты: Балалардың ойлау, қабылдау қабілеттерін арттыра отырып, ұсақ қол маторикасын дамыту, ойын арқылы сөздік қорын молайтып, тіл мүкістігін жою, эмоционалды көңіл-күйін қадағалауды үйрету.
Әрекет кезеңдері |
Психологтың басқару әрекеті |
Баланың іс – әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
«Түрлі – түсті көңіл-күй» ойыны
Балалар сендердің көңіл-күйлерің қалай? Мен сендерге бір құпияны ашқым келіп тұр. Білесіңдерме әр көңіл-күйдің өз түсі болады екен. Сендерге өз көңі-күйлеріңді түстерге бояуды үйретемін. Қараңдаршы менде түрлі-түсті гүлдер бар. Осы гүлдерді шеңберге орналастырайық. Бізде түрлі-түсті көңіл-күй гүлі пайда болды. Әр гүл әр түрлі көңіл-күйді білдіреді. Балалар әр қайсыларың өздеріңнің қалаған түстеріңе мына дөңгелек жіпті домалатып жібересіңдер.
Қызыл – белсенді көңіл-күй Сары – көтеріңкі көңіл-күй Жасыл – тіл табысқыш көңіл-күй Көк – жайлы көңіл-күй Қызғылт – орташа көңіл-күй Сұр – іш пысарлық көңіл-күй Қоңыр – ашулы көңіл-күй Қара – көңілсіз көңіл-күйде екен. Балалар сендерге көп-көп рахмет, сендердің көшілігіңнің көңіл-күйлеріңнің жақсы екеніне мен өте қуаныштымын. |
Балалар шеңберге тұрып, қалаған түстеріне жіпті жібереді. |
Ізденушілік ұйымдастыру-шылық |
«Ғажайып гүлдер» Топқа бөліну:
Балалар мына карточкаларды алып үш топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
1-топ: Балалар біз түрлі-түсті үлпілдектерден гүл жасаймыз.
2-топ: Балалар біз пенаның үстіне гуаштан түрлі-түсті гүл саламыз.
3-топ: Балалар біз ермексаздан гүл жасап, таяқшалардың қиындысын түстерін сәйкестендіріп, ермексаздың үстіне жапсырамыз.
|
Балалар үш түрлі тәсілмен гүлдер жасайды |
Сергіту сәті |
«Би терапиясы»
Балалар шеңберге тұрайық. Шаршағанымызды басып, бойымызды сергіту үшін би терапиясын жасайық. Көңілді әуен орындалады. Әннің шумағы орындалғанда барлығымыз шеңберді айналып жүреміз, ал қайырмасы орындалғанда екі-екіден жұптасып, екі қолымызбен кезек-кезек шапалақтаймыз.
Жарайсыңдар балалар.
|
Балалар шеңберге тұрып, би терапиясын жасайды |
Ізденушілік ұйымдастыру-шылық |
«Су Джок» терапиясы
«Сәлем!» ойыны. Саусақтар сәлемдеседі. (массаж шармен оң және сол қолының саусақтарының басына тигізіп, амандасады). Бас бармақтар амандасады сәлем! Балаң үйректер амандасады сәлем! Ортан теректер амандасады сәлем! Шылдыр шүмектер амандасады сәлем! Титтей бөбектер амандасады сәлем!
«Доп» ойын жаттығуы.
Айналдырған добыңды, Қытықтасын қолыңды. (сырты бүдір кішкентай шарларды партаға қойып, алақанмен айналдырады). Енді көтер партадын, Жаса солай қайтадан. (шарды алып, екі алақанның арасына салып, айналдырады). |
Балалар шариктермен алақандарына массаж жасайды |
Рефлексивтік
коррекциялаушы |
Балалар біз бүгін гүлдің қандай түрлерін жасауды үйрендік?
Су Джок шариктерімен не жасадық?
Көңіл-күйлеріңді қалай боядыңдар? |
Сұрақтарға жауап береді |
Ізденушілік ұйымдастыру-шылық |
«Құрғақ душ» тренингі.
Балалар осы жақсы көңіл-күйімізді ұзақ уақытқа сақтап қалу үшін, кезекпен құрғақ душ қабылдайық. Түрлі – түсті жолақтардың бетімізге, қолымызға тигенін сезінейік. Барлық жамандықты, ренішті артта қалдырып, белсенділіктен, жақсылықтан, сергектіктен қуат алыңдар. Осы жақсы көңіл-күй бойларыңда ұзақ сақталсын. |
Балалар құрғақ душ қабылдап, қоштасады. |
Күтілетін нәтиже:
- Балалардың ойнау арқылы ойлау, қабылдау қабілеті, ұсақ қол маторикасы дамиды;
- Сөздік қоры молайып, тіл мүкістігі жойылады;
- Эмоционалды көңіл-күйін қадағалауды үйренеді;