Мен адаммын

Джолдасбекова Молдир  Джолдасбековна

Өзінөзі тану пәнінің жоспары

Тақырыбы: Мен адаммын

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық

Мұғалімі: Джолдасбекова М Д

Сынып: 5 «а»

Оқушы саны:

Сабақтың мақсаты: оқушыларға жақсылық, қайырымдылық жасаудың мағынасын кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері: оқушыларға мейірімділік қасиеті туралы түсінік беріп, өзін-өзі тәрбиелеу туралы халық даналығымен қалыптастыру; -оқушыларды өзіне және өзгелерге қайырымды іс жасауға, өзін кемелдендіруге баулу арқылы қамқорлық қасиетіне баулу. -оқушыларды жақсы адам болуға, қайырымдылыққ, шыншылдыққа мейірімділікке тәрбиелеу. Ресурстар (құралдар, мәліметтер): Оқулық, дәптер,стикерлер, күн суреті, жүрекше, ақ парақтар.

Ұйымдастыру бөлімі .Шаттық  шеңбері

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік!

Кел, балалар күлейік

Күлкіменен  түлейік

Күлкі  көңілді  ашады,

Күліп өмір сүрейік!

Өзін-өзі тану 5-Т ережесі мен құндылықтарды еске түсіру

  1. Тәртіп.
  2. Талап.
  3. Тыныштық.
  4. Тазалық.
  5. Татулық.

Жағымды көңіл – күйге келу. «Нұрға бөлену»

Ойын «Өз есіміңді ерекше ата»

Адамның есімі-оның бетке ұстар құралы.Біздің есімдеріміз өмір бойы бізбен бірге,олар біздің мінезімізге,сезімдеріміз бен ойымызға өз ізін қалдырады.

Кәнеки, өзіміздің есімімізді еркелей әрі ардақтап айтып көрейік.Жаттығып алайық.

Мұғалім балаларды шеңберге жинайды.Әр бала өз есімін атаған кезде өзінің ерекше бір қимылын жасайды.Сонда барлық бала ортаға бір адам аттап,жаңағы баланың есімін айтып,қимылын қайталайды.Ойын барлық баланың есімі н аталғанша жалғаса береді.

Балалар ойын барысында:

– өзін еркін сезінеді.

– іздемпаздық , тапқырлық әрекет байқатады.

Үй тапсырмасын сұрақтар арқылы талдау.

«Қарапайым адам» аңыз мәтінін мазмұндау.

-Адамды қалай тануға болады?

-Жақсылық жасау үшін адамға қандай қасиеттер қажет?

-Қарапайым адам деп кімді айтамыз?

-Адам жақсылықты не үшін жасайды деп ойлайсыңдар?

-Өзіңе басқалар жақсылық жасаған кезде қандай күйде боласың? Сабақ барысын талдау

Дәйексөз.

«Адам боп оңай туғанмен

Адам боп қалу көп қиын»

Оқиға айту. (Мұғалім сыйы)

Бір жұлдызды құтқару (аңыз) Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып – ақ қалған екен. -Сен не істеп жатырсың? – деп сұрайды әлгі кісі. -Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой, – дейді бала таңырқап. -Бұл ақымақтық қой, – дейді қызбаланып әлгі адам, – қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллион жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма? -Бала жерден келесі теңіз жұлдызын алып, шамалы ойланып тұрып былай депті: -Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе… мына бір теңіз жұлдызы үшін.

Сұрақтар:

 -Баланың әрекетінен нені байқауға болады?

-Бала теңіз жұлдыздарын не үшін құтқарды?

-Риясыз қызмет дегеніміз не

Топпен ән айту Балдырғандар жыры

Әні: М.ЫбыраевӘ

Өлеңін жазған:.Асылбеков

Үйге тапсырма.

«Ұстаз бен шәкірт» аңызы.

Соңғы тыныштық сәті.“Көңіл толқыны”

Баяу әуен қою. Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз. Бугін сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік. Қиянат жасамау,жақсы мінез-құлық, ешкімге зиян келтірмеу, өзіне-өзі есеп беру, өзін-өзі дамыту туралы ойымызды кеңейттік. Осы құндылықтар мен қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды, сау болыңдар!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *