Мазмұнға өту

Таным. Математика негіздері

Тлеубаева Махаббат Бакытбековна 2 мин оқу 419 оқылым

Тлеубаева Махаббат Бакытбековна

Білім беру саласы: Таным

Сабақ: Математика негіздері

Cабақтың тақырыбы: «1 - 10 - ға дейінгі сандарды қайталау»

Сабақтың мақсаты: Сандарды білуге, кері санай алуға, заттың санын білуге, математикалық тапсырмаларды дербес шеше білуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: суреттер, таблица.

Шаттық шеңбері:

Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.

Өлең жолдарын қайталау

Ұйымдастыру-іздестіру. Әңгімелесу.

-Балалар бүгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз өткенді қайталауға арналады.

- Оқу іс-әрекетті«Алтын балық» ертегісімен бастау

Автор: Ерте, ерте, ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Олар балық аулап күн көреді екен. Бір күні шал балық аулауға өзен бойына келеді. Балық аулап отырғанда қармаққа балық ілінеді. Ол алтын балық екен. Балыққа жан бітіп адамша сөйлеп, шалға былай дейді.

Балық: Шал сен мені өзенге қоя бер. Егер сен мені жіберсең мен сенің үш тілегіңді орындаймын-дейді.

Автор: Шалдың балыққа жаны ашып өзенге жібереді. Үйіне келіп кемпірге барлық мән-жайды айтып береді. Кемпір оған ашуланып:

-Неге сен оны қоя бердің, міне, қарашы біздің қол жуғышымыз қандай ескі жанасын неге сұрамадын-дейді

Автор: өзенге қайтадан келіп, балықты шақырады. Сонда балық келіп шалды тыңдайды

Шал: бізге жаңадан қол жуғыш керек дейді. Сонда балық: менің тапсырмамды орындасаң сендерге жаңа қол жуғыш болады- деп жауап береді.

Автор: балалар шалға тапсырманы орындауға көмектесеміз бе?

1 тапсырма: «Тура және кері санау»

-Бір таңбалы және екі таңбалы сандарды өз үйлеріне орналастыру керек

Автор: шал үйіне келсе жаңа қол жуғыш үйінде тұр екен. Бірақ, кемпір:

-Оданда балықтан үй сұрамадың ба-деп тағы да ашуланады

Шал: өзенге қайтадан келіп, балықты шақырып, кемпірдің жаңа үй қалайтынын айтады

Балық: менің тапсырмамды орындасаң сендерге үй де болады- деп жауап береді

2 тапсырма: «Берілген тапсырманы орындау »

Автор: шал үйіне келсе үйі тұр екен. Бірақ, кемпір:

-Мен енді ел билеуші ханым болғым келеді дейді

Шал: өзенге қайтадан келіп, балықты шақырып, кемпірдің ханым болғысы келетінін айтады

Балық: менің тапсырмамды орында- деп жауап береді

3 тапсырма: «Жүйріктер»

Автор: Осылайша кемпір ханым болып, балыққа ризашылығын білдіріп, бәрі тату-тәтті өмір сүріпті

Ертегі желісін тыңдау

Жарайсыңдар балалар! Бүгін келген қонақтарымызға тамаша білімдеріңді көрсеттіңдер. Тобымыздың атына сай менің балаларымныңда білімдері де өздеріде алтын болып шықты.Сол себепті сендерге атаның тосын сыйы бар. Үнемі осылай жүзден жүйрік болыңдар! Үйдегі ата-аналарынды,сендерге білім беріп журген балабақшадағы апайларыңды осылай қуантып жүріңдер!Рахмет сендерге-деп ата беріп жіберіпті....!

(бағалау)

Рефлексиялық коррекциялаушы

Шал: балалар сендер де маған тапсырмаларды орындауға көмектестіңдер, рақмет-деп сыйлықтарын таратады.

Күтілетін нәтиже

Нені біледі: заттарды атау және санау, салыстыру, 1-10-ға дейінгі сандар, +, -, = таңбалары, ертегі кейіпкерлерін

Қандай түсініктерді игерді: өрнек, теңдік,  қайталау

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: заттарды біріктіру, бөліп алу

Мектепалды даярлық тобы.

Тәрбиеші: Тлеубаева Махаббат Бакытбековна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Тлеубаева Махаббат Бакытбековна

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Тлеубаева Махаббат Бакытбековна Таным Жаратылыстану

Тәрбиеші:Тлеубаева Махаббат Бакытбековна Білім беру саласы: Таным Бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы: Сиқырлы су Мақсаты: Зерттеу әрекетіне қызығушылық баулу. Міндеттері: балаларды судың қасиеттерімен таныстыру(дәмі, түсі,…

Тлеубаева Махаббат Бакытбековна 544 оқылым 4 мин
Эссе

ЭССЕ «Тәрбиеші – ұлы тәрбиенің тірегі»

«Тәрбиеші – ұлы тәрбиенің тірегі» Ақын Мағжан Жұмабаев айтқан «Мен дәрігерден гөрі, тәрбиешілердің көп болғанын қалаймын, себебі дәрігер ауырған жеріңді емдесе, тәрбиеші өн бойыңды емдейді» - деп өзінің құнды пікірін…

Тлеубаева Махаббат Бакытбековна 713 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 417 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 932 оқылым 10 мин