«Б» дыбысы және әрпімен таныстыру
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс – қызметі: Сауат ашу және жазу негіздері
Тақырыбы: «Б» дыбысы және әрпімен таныстыру.
Мақсаты: Балаларды «Б» дыбысы мен таныстыру. Құрамында «б» дыбысы бар сөздерге талдау жасауға үйрету. « Б » әрпінің баспа түрін жазып үйрену.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу түсіндіру.
Көрнекіліктер: балық, бақаның, бесіктің,бүркіттің , «б» дыбысының суреттері, сөзжұмбақтар.
Тәрбиеші:
Шаттық шеңбері
Бақыт толы шеңберге,
Шаттық толы шеңберге
Қол ұстасып келдік біз,
Жан достармыз енді біз.
Көңілденіп , күлемін,
Бақытты боп жүремін.
Бәрін біліп алатын
Мен ақылды баламын
Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше күн, біздің тобымызға көптеген қонақтар келіпті. Көңілді отырып оқу-қызметімізді бастайық.
Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
Бала:Бір жылда 4 мезгіл бар.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Бала: Қазір жылдың күз мезгілі
Күз мезгілінің қай айы?
Бала: Қараша айы.
Аптаның қай күні?
Бала: Бейсенбі
Жарайсыңдар балалар!
Жұмбақ:
Алыстағы көлде,
Кеш те, түн де,
Бақ-бақ етіп
Шулайтын ол не? Бақа.
Ия дұрыс айтасыңдар.
Бақа сөзі қай дыбыстан басталып тұр. Дұрыс айтасыңдар «Б» дыбысынан ендеше біздің оқу-қызыметіміздің тақрыбы «Б» дыбысы болмақ.
Қане, балалар бәріміз «Б» деп қайталайық. Ерін бір-біріне жабысып тиеді, дауыс екпінінмен «б» дыбысы пайда болады.
«Б» дыбысын созып айтуға болмайды. «М» дыбысына ұқсап кетеді екен. Сондықтан «Б» дыбысы дауыссыз дыбыс болып саналады. Дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
Балалар: -Көк текшемен белгілейміз-деп текшені көтереді..
Тәрбиеші: «Б» дыбысынан басталатын сөздер айтайықшы?
Балалар: « Бесік, белдік,бақа, балға банан, бес, бағбан, барабан, балабақша».
Тіл жаттықтыру:
Би-би-би
Кіп-кішкентай сәби
Та-та-та
Отын жарар балта
Ық-ық-ық
Суда жүзген балық
Ақ-ақ-ақ
Қандай тәтті балмұздақ
Ба-ба – бақа
Та-та тасбақа
Дәптермен жұмыс
Дәптердегі тапсырманы орындалады. Жеке жұмыс жүргізіледі.
1-дид ойын: «Үй жануарлары қалай дыбыстайды?»
2-дид ойын: «Суретті жалғастыр.»
Балалар жарайсыңдар тапсырманы барлығында дұрыс орындап жатырсыңдар. Қәне орнымыздан тұрып сеогіту сәтін орындап алайық
Сергіту сәті:
Бақа, бақа балпақ.
Басың неге жалпақ.
Темір телпек көп кидім
Содан басым жалпақ
Бақа бақа балпақ
Көзің неге тостақ
Қарауылды көп қарап
Көзім содан тостақ.
Сөз жұмбақ шешу. «Бесік» созі шығу керек.
1.Қызықтырып әркімді-ақ.
Суда жүзер шалпылдап. (Балапан.)
2.Бір саның көршісі.. (Екі)
3.Күннің түсі. (Сары.)
4. Ағасы бардың жағасы бар,
—– бардың тынысы бар.қай сөз қалып қойды. (Іні.)
5. Гүл ұшып гүлге қонады
Гүл бақшам гүлге толады. ( Көбелек )
3-тапсырма:
«Бала » сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Қорытынды:
Балалар бүгін қандай жаңа дыбыс өттік?
«Б» дыбысы.
«Б» дыбысы қандай дыбыс?
Дауыссыз дыбыс.