“Өрт тілсіз жау”
Білім беру саласы: Денсаулық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қауіпсіздік әліппесі
Тақырыбы: «Өрт- тілсіз жау»
Мақсаты:
Білімділік: оттың адам өміріндегі маңызы,пайдасын,пайда болу жолдарын ұғындыру.Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін түсіндіру.Қауіпті жағдайда өзін ұстай білуге үйрету.
Дамытушылық: отқа абаймен қарауды, қырағы болуды,айналасына ұқыптылықпен қарауды дамыту.
Тәрбиелік: балаларға оттан сақтанудың жолдарын,өрттің табиғатқа ,адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып оттың қатерлі нәрселерден аулақ болуға трбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәтін, шаттық шеңберін ұйымдастыру, жұмбақ жасыру, ойын ойнату, мадақтау, қорытындылау.
Керекті құралдар: тақырыпқа сай суреттер,өрт сөндіретін құралдар,доп
Сөздік жұмыс: от,өрт,сіріңке.
Оқу қызметінің барысы
I.Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңбері
Қайырлы таң,Алтын күн!
Қайырлы таң,Көк аспан!
Қайырлы таң, Жер ана!
Қайырлы таң , қонақтар!
Қайырлы таң, достарым!
Балалардан жыл мезгілдерін сурау.
II.Негізгі бөлім:
Бүгін біздің өтетін оқу қызметіміздің Қауіпсіздік әліппесі.Тақырыбы:
«Өрт -тілсіз жау».
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын,ал сіздер оның жауабын табыңдар.
-Қандай зат ең қауіпті,көгілді,қызыл түсті (газ)
-Бір үйде тұрушы еді елу батыр
Үй сыртына сүйкеніп өліп жатыр (сіріңке)
-Жаурағанды күлдірер,
Аяғы жоқты жүргізер.
Өз еркіне жіберсең
Дүниені бүлдірер (от)
-Түймесін бассаң
Сәулесін шашқан ( электір шамы)
-Тұмсығы мықты
Қыр мен ойды тегістеп шықты (үтік)
Өртті көрсе,зулайды,
Жүрген жері шулайды (өрт сөндіргіш машинасы)
Балалар біз бүгін қауіпсіздік ережелерінің бірі өрттің қаншалықты қауіпті екенін билейік. Жалпы от деген сөзді қалай түсінесіңдер? От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. От өмір сәні. Отсыз тіршілік жоқ . От жағылмаса тамақ піспейді,үй жылымайды.Ал тамақ ішпесек бойымызға қуат бітпейді.От өміріміз десекте ,оның әлемды жайлаған алапаттың бірі-өрт қауіпін шығаратынын да естен шығармауымыз керек.Өзіміздің ұқыпсыздығымыз немесе байқампаздығымыздан кейде өрттің қалай күш алып кеткенінде байқамай қаламыз.Оттың зиянды жақтары :
1.Шылымның тұқылын сөндірмей тастаса;
2.Сіріңкемен ойнаса;
3.Үтікті қосып кетіп қалса;
4.Газды ашық қалдырып кетсе;
Отты дұрыс пайдаланбаса ,адам күйіп қалады.
Сіріңке туралы не білеміз? Сіріңке не үшін керек?
Сіріңке – күнделікті өмірге қажет. Сіріңке арқылы газды,майшамды т.б заттарды тұтату үшін іске асырамыз. Сіріңкені үлкендердің рұқсатысыз алуға болмайды. Сіріңкенің адам өміріне пайдасымен бірге зияныда бар.Сіріңке ойыншыққа жатама?
Өзі кішкентай болғанымен,
Бойында алып күші бар.
Сіріңкемен ойнасаң
Абайсызда от шығар
Соны есте сақтаңдар.
Газ плитасы көгілдір от тұрмыс-тіршілігімізда көп орын атқарады. Егерде газ плитасынан бір кемшілік байқалса ата аналарға айту керек.Газды бұрап сіріңке жағуға болмайды.
Электр тоғы жарық көзі. Бір күн үйімізге электр қуаты келмей қалса, дүниені қараңғы түнек басады.оны ұқыпты пайдаланбасақ өрт шығады.
Дидактикалық ойын: «Қайсысы дұрыс»
Ойынның шарты: Мына үстелде көптеген карточкалар бар,карточкаларда қауіпсіз және қауіпті іс-әрекеттер бейнеленген.Қауіпсіз іс-әрекеттер бйнеленген карточкаларды жасыл дөңгелектің астына орналастырамыз, қауіпті іс-әрекеттер бейнеленген карточкаларды қызыл дөңгелектің астына орналастырамыз.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Иелеміз оңға бір,
Иелеміз солға бір.
Жоғары қолды созамыз.
Біз тынығып аламыз.
Өрт болып жатқанда оның қасына баруға,оны қызықтап қарап тұруға болмайды,оттың ұшқыны түсуі мүмкін,оны көргенде үлкендерге хабар беру керек,егерде үйде үлкендер болмаса ,өрт сөндіретін адамдарға 101 телефонына хабар беру керек. Өрт сөндіретін құралдарға мыналар жатады.
Балта, көбік шашатын құрал,каска,т.б.
Дидактикалық ойын: «Қауіпті-қауіпсіз»
Ойынның шарты: мен седерге допты лақтырып заттарды атаймын,сендер егер қауіпті болса қауіпті деп,қауіпсіз болса қауіпсіз деп айтасыңдар.Мысалы:
Сағат. (қауіпсіз)
Ине. (қауіпті)
Қуыршақ. (қауіпсіз)
Қайшы. (қауіпті)
Шеге. (қауіпті)
Доп. (қауіпсіз)
Кітап . (қауіпсіз)
Үтік. (қауіпті)
Кішкентай үшқын орманды өртейді.Отпен ойнауға болмайды.Ата-аналарың рұқсат еткен құралдарды ғана тұтынуға болады.Сіріңке ойыншық емес,от ермек емес.
III.Қорытынды бөлім:
-Бізге бүгін қандай оқу қызметі болды?
-Біз не туралы әңгімелестік?
– Қауіпті заттарды қолдануға болама?
-Сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнадыма?
Балалар, бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар,жарайсыңдар.
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: қауіпсіздік туралы ережелерді.
Игеруі: қауіпті заттарды, «с-әрекеттерді біледі.
Меңгеруі: үйде жалғыз қалғанда қауіпсіз ережелерді сақтауды меңгереді.
Жаңаөзен қаласы. “Рахат бөбекжай-бақша” тәрбиешісі: Джумамуратова Бахыт Жусипбайқызы