Тәрелкені әшекейлеу

1 11.01.2019 Есенжолова Ж.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу
Тақырыбы: «Тәрелкені әшекейлеу»
Мақсаты: Балаларды белгілі бір тұтынатын бұйымдардың пішініне сәйкес ою-өрнектермен тәрелкені әшекейлей білуге үйрету, қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды, нүкте арқылы ою жасауды, әсемділікті қабылдай білуге тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық-қозғаушылық.

Ұйымдастырушылық-
Ізденістік.

Рефлекстік-түзетушілік. «Көрме» ойыны.
Кесе, тәрелке, торсықты көрсету, оларды бір-бірімен салыстыру, бұлардың барлығын бір сөзбен не деп атайтынын сұрау (ыдыстар), олардың ою-өрнектеріне мән беру.
Педагог балалардан қазақ халқының тұрмыста тұтынатын бұйымдары жайлы сұрап, ол ыдыстармен таныстырады. Бұл ыдыстар күнделікті тұрмыста қолданылатыны туралы, ыдыстарға салынатын «омыртқа», «тышқан ізі», «толқын», «құс – қанаты» оюлары туралы түсіндіреді («құс қанаты» оюы құстың екі қанатына ұқсайды т.б.).
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Бойымызды жазайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
– Осы суреттегі ыдыстардың ішінде тәрелкенің суретін салып, оның ішін өрнектермен әшекейлейік. Тәрелкеде бейнеленген ою «су тамшысы» деп аталады. Су тамшысы – су, судың тамған бөлігі, демек судың тамшысы. Алдымен үлкен дөңгелек (шеңбер пішіндес) сызамыз, ішіне орташа дөңгелек сызамыз, сосын шет – шетіне айналдыра кішкентай тамшылар – судың тамшыларын салып, іштерін бояймыз. (Әртүрлі трафарет – үлкен, орташа дөңгелектерді қолдануға болады). «Тамып – тамып» деген сөзді қатты – ақырын дауыстап айтқызып, сөздік жұмысы жүргізіледі.
– Өрнегімізді жіңішке қылқаламмен бастырып, бояумен әдемілеп бояймыз. Міне, біздің тәрелкеміз әшекейлі, әдемі болып шыға келді.
Педагог мақтау, мадақтау жұмысын жүргізіп, балалардың жұмыстарын көрмеге іледі.
Балалар ыдыстарды ұстап көреді, пішініне, түсіне көңіл аударады.

– Қазақтың ұлттық ыдыстары – кесе, пияла, ожау, тостаған, тәрелке. Бұл ыдыстардың сырты өрнекпен әшекейленген, ол қазақтың ұлттық ою-өрнектері -«қошқар мүйіз», «құс қанаты».
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Қылқаламды тік бағытта ұстап, қылқаламның ұшымен жұмыс жасайды.

Балалардың жауабы анық және толық болуы қажет.

Әдемі
әшекейленген тәрелкелерді өздері таңдайды
Күтілетін нәтиже:
Біледі: белгілі бір тұтанатын бұйымдарды пішініне сәйкес ою-өрнектермен әшекейлеуді.
Игереді: қылқаламның ұшымен жұмыс жасай білуді.
Меңгереді: қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалануды.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *