«Біз-біргеміз» Ұжымға арналған тренинг

Қызылорда қаласы

«Бегім Ана» бөбекжай-бақшасының педагог-психологы

Кошпембетова Камшат Кайратовна

      Мақсаты:  Ұжымның көңіл-күйлерін жақсарту, қарым-қатынасты нығайту,   өзін еркін сезінуге көмектесу, ұжым ауызбіршілігін қалыптастыру.

Тренинг ережесі:

1.Күлімсіреу;

2.Бірігіп жұмыс жасау;

3.Өз ойын еркін ашық жеткізу;

4.Белсенді қимыл қозғалыс;

5.Еркін отыру;

 

Тренинг бағдарламасы:

  1. “Комплимент, қошемет”
  2. “Үй,жол,жылан,шалбар және орамал”

диагностикасы;

  1. Ұжымдық хор

4.«Жасырылған хат, ойлан тап!»

  1. Ыстық картоп ойыны;
  2. «Оның есесіне мен…» жаттығуы
  3. “Күн шуағы” –қорытындылау.

 

Арайлап атқан таңмен күліп оянудың денсаулығымызға қаншалықты пайдалы екенің білесіз бе? Таңертең айнадан өз келбетімізді көріп, жай ғана жымиюдың күні бойы көңіл-күйіңізге тигізер ықпалы мол. Күлу-адамдар қатынасының маңызды бөлшегі. Мысалы, езуінен жымию адамның өзіне сенімділігін, еркіндігін, мейірімділігі мен қуанышын білдіреді екен. Ал күлкі иесінің жанына-тыныштық, жылу, деніне саулық сыйлайды. Барлық адам күле алады. Күлкі арсыз дегенімізбен, күлкінің адам денсаулығына пайдасы өте көп.

1.«Комплимент» психологиялық жаттығуы.

Жаттығудың шарты: Қатысушылар қатармен бір-бірлеріне комлимент айтып, мақтау керек.

2.“Үй, жол, жылан, шалбар және орамал” диагностикасы.

Қатысушыларға ақ парақ пен қалам таратылады. Үй, жол, жылан, шалбар және орамалдың суретін салу тапсыралады. Суретті салып аяқтағаннан кейін, диагностикасы экран арқылы слиадпен көрсетіледі.

Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл адам өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.Үйдің есік-терезелері бар болса – қарым-қатынасқа ашық адам. Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жәйт адамның қонақжай екендігін білдіреді.

Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.Жол кең , әрі үйдің есігінен басталатын болса,  бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай)өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.

Жылан – “Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?”деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретіндігіңіздің айғағы.Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі  аузынан көрініп тұрса, ондаСіз “Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан  басқа іспен айналыспайды екен” деген ойдасыз.Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда Сіз “Басқалардың мен туралы ойы жаман емес”деген ұстанымдасыз.

Шалбар мен орамал – адамдардың  түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.

Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда адам  өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.

         3.“Ұжымдық хор “–   Бегім Ана балабақша                ұжымының орындауында  «Жануарлар әні». Қатысушылар 3 топқа бөлінеді. Мысалы: балапандар тобы, сиырлар тобы, бақалар тобы. Осы топ бойынша топтың атауына сәйкес дыбыс шығарып ән айтады. (мяу-мяу-мяу, мөөө-мөөө-мөөө, кря-крря-кря)

           4.«Жасырылған хат, ойлан тап!»

Қатысушылар үш топқа бөлінеді.

Психолог: Ерте-ерте-ертеде…. әлі адамдардың әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті біз бүгін оны үйренеміз.

Әр топқа тапсырма сөйлемдер беріледі. Сол сөйлемдерден  сурет шығару керек.

Тапсырмалар:

1.Жексенбі күні сағат 15.00-де менің туған күніме кел.

2.Бүгін жұмыстан кейін кино көруге барайық.

3.Мен Астанаға ұшақпен бадым.

 

Қарсылас топтар суретте не жазылғаның анықтайды.

  1. “Ыстық картоп” ойыны

Нұсқау: музыка ойналады, ыстық картоп кезекпен қолдан-қолға беріледі. Музыка тоқтаған кезде картоп кімде калса, сол адам ситуациялық сұраққа жауап береді. Ситуациялық сұрақ  әр картоптың ішінде жазылады.

Ситуациялық сұрақтар

1.Суға қай кезед қолды кесіп алуға болады?

2.Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

3.Көшеде екі әкесі, екі баласы және атасы немересімен әңгіме айтып отыр. Көшеде неше адам отыр?

  1. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?
  2. Бір көз, бір мүйіз, бірақ мүйізтұмсық емес?

6.Бір қолшатыр астында алты бала, екі ит, төрт ересек қайткен жағдайда су болмайды?

7.Ол сізге тиесілі, бірақ адамдар оны сізден жиі қолданады?

8.Жаңбырдың кезінде кімнің шашы суланбайды?

9.Сиыр неге жерге жатады?

  1. 1 бұқа 5 литр сүт беретін болса, 5 бұқа қанша литр сүт береді?
  2. Тауық құс құспен деп айта ала ма?
  3. Оқушы мектепке 15 минутта жетеді. Ал 3 оқушы бұл жолды қанша уақытта өтеді?
  4. Жасыл аадамды көрген жағдайда не істеу керек?
  5. Пілден үлкен және сонымен бірге салмақсыз не болуы мүмкін?
  6. Қай ай бәрінен қысқа?
  7. Егер оны төңкеріп қойса, не көбейетін болады?

17.Кактус гүліне ұқсайтын жануар?

 

Ситуациялық сұрақ жауаптары:

 

1.Егер оны мұз етіп қатырса;

  1. Үш стакан;
  2. Үшеу;

4.Шырпы;

5.бұрыштап сығалап қараған сиыр;

6.егер жауын жаумаса

7.сіздің есіміңіз

8.тақырбас адамның

  1. өйткені отырра алмайды
  2. бұқа сүт бермейді

11.жоқ, ол сөйлей алмайды

  1. 15 минут
  2. көшеден өту
  3. пілдің көлеңкесі
  4. май айы
  5. 6 саны
  6. кірпі

 

6.«Оның есесіне мен…» жаттығуы

Нұсқау: Барлық педагогтарға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратылады. Сөйлемдерді әр қатысушы өз ойымен аяқтайды.

– Мен шаршадым, оның есесіне …… .

– Мен жақсы билей алмаймын, оның есесіне …. .

– Мен көп үндемейтін адаммын, оның есесіне …. .

– Мен көп ұйықтаймын, бірақ оның есесіне …. .

– Мен Алматыда болған жоқпын, оның есесіне …. .

– Мен өзім туралы көп ойламаймын, оның есесіне…… .

– Мен тез ашуланғыш адаммын, оның есесіне….. .

– Мен соншалықты сымбатты емеспін, оның есесіне …. .

– Мен тым толықпын, оның есесіне…. .

– Менің аяқтарым ұзын емес, оның есесіне … .

– Менің кемшіліктерім көп, оның есесіне … .

– Менің жазуым әдемі емес, оның есесіне ….. .

  1. “Күн шуағы ”

Мақсаты: бүгінгі тренингтен  алған әсерлеріңізбен бөлісу.

Нұсқау:  күннің бөлшектерін қолдарына алып, тілектерін айтып, тақтаға жапсырып, күннің суретін құрау.

 

Құрметті әріптестер! Біздің сіздермен кездесуіміз өз мәресіне жетті. Бірақ біздің жолымыз әлі соңына жеткен жоқ, біз әрдайым қозғалыстамыз. Олай болса ΧΧΙ ғасырдың жаңашыл педагогі, шығармашылықтарыңыз толағай табыстарға толы шебер маман иесі болуларыңызға тілектеспін!

Барлықтарыңызға үлкен рахмет!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *