Есірткісіз өмір ғажайып
ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР ҒАЖАЙЫП
Ресми деректер бойынша, 2000 жылы Қазақстанда 34 мың нашақор арнайы тіркеуде болған, ал БҰҰ-ның наркобизнеске және қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметі бойынша, сол жылдары Қазақстанда 250 мың есірткіге тәуелді адам өмір сүрген. Қазір бұл көрсеткішті Бас прокуратураның Құқықтық статистика және әлеуметтік есепке алу комитеті 54 мыңға жеткізіп отыр. Соның ішіндегі 4 мыңы әйелдер, бес мыңға жуығы жасөспірімдер екен. Наркологтардың айтуынша, есірткіге тәуелді нашақорлардың нақты санын шығару үшін, ресми көрсеткіштерді кемінде 5-6 есеге көбейткен жөн, сонда Қазақстандағы нашақорлардың нақты санына жақындауға болады дейді олар
Елімізде қара саудамен күрес барынша күшейтілсе де, наша тұтынушылар саны жылдан жылға артып барады. Мұның себебі неде? Неліктен жасөспірімдер уақытша рахат үшін өз болашақтарын құрбан етуде?! Бұл жағдайға қалай нүкте қоймақпыз?
Сұрағымызға жауап бермес бұрын, алдымен есірткі тарихына назар аударайық
Есірткі өсімдігін практикада алғаш болып медицина атасы Гиппократ қолданған. Ол есірткіні аурусезгіштікті жоғалтатын препарат ретінде қолданған. Алғашқы наша зерттеушілер қатарына Клавдий Гален де кіреді. Ол есірткі өсімдіктерін сипаттау үшін мандаргор, семена эклаты және мака тамырларын қолданған. Бұл уақыттарда есірткінің тек ауружойғыштық қасиетін пайдаланып жүрді. Алайда уақыт өте келе есірткінің адамның жүйке жүйесіне, денсаулығына, физикалық және психологиялық жағдайларына әсер ететіндігі зерттелген. Есірткінің осы қасиеттерің ағылшындар өздерінің соғыс қаруына айналдырады. Яғни қытаймен контрабандалық сауда жасасу арқылы, қытайлықтарды толықтай есірткінің құлына айналдырады. Есірткіден уланған халық түрлі ауруларға ұшырап, естерің жоғалтып үлкен қырғынға ұшырайды. Осы мезетте қытайлық билеушілер портты жауып, апиынды тәркілей бастайды. Апиынға толықтай тәуелді болған халық көтерілістер жасап, ауыл аймақтарды өртке орап, апиын табу үшін тіпті өз жақындарын өлтіріп жатты. Халық қырғынға ұшырап, ақырында қытайлықтар ағылшындықтардың қол астына өз еріктерімен өтті. Мұның барлығы да осы бір бейкүнә апиын есірткісінің салдарынан болған жағдай. Яғни, қарапайым ғана препарат үлкен бір империяның әлсіреуіне себеп болды
Есірткілер адамға қалай әсер етеді, оның денсаулыққа әкелетін зардабы қаншалықты күшті?
Есірткі- адам гормондарын еліктіретін химикаттардан тұартын препарат. Адам ағзасы есірткі әсеріне жауап беруге қауқарлы. Бұл рефлексті медицинада- есірткіге қарсы әрекет деп атайды. Есірткі ағзаға түскен жағдайда олар жанама немесе тура әсерін көрсетіп бастайды. Алдымен жүйке нейрондарын әлсіретіп адамның ауру сезгіштік қасиетің төмендетеді. Алайда есірткі күшін жойған жағдайда адамның ауруға бейімділігі 3 есеге артады. Бұл дегеніміз адам қарапайым деген жараларға төзбейтін болып кетеды. Сонымен қатар есірткі адам ағзасына түскенде постиснаптикалық нейрондардағы дофамин мен сиротин секілді ағындарды жоғарлатып адамға уақытша ғана бақыт силайды. Бұл уақытша рахаттың құны өмірлік азабына әкеледі. Есірткіні қолданып жатқан нашақор өзінің дофамин құрамын төмендетіп тек мезеттік рахатты алып жатқандығын түсінбейді. Ол қазір есірткі күшімен уақытша рахатқа бөленіп жатқанда, есірткі нашақордың қуану, рахаттану және ләзәттану секілді сезімдерін жойып отырады. Осылайша адамда психологиялық тәуелділік пайда болады. Нашақор психологиялық тәуелділіктің кесірінен есірткіні жиі қолдануға мәжбүр болады, осының салдарынан нашақор өз денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Адам организмі есірткіні бір қолданыстан кейін-ақ улана алады. Ал есірткіден уланған дене ешқашан қалыпқа келмейді
Жоғарыдағы статистикалық мәліметке сай, есірткі қолданушылардын 70%-ы жасөспірімдер. Елдің ұмітпен қарап отырған жастары неліктен есірткінің құлына айналып барады?!
Осы орайда А.Е. Личко мен В.С. Битенский есірткі мен психотропты заттарды қолдану мотивтерінің классификацисын жасап ұсынған болатын
1. Әлеуметтік-психологиялық мотивтер: мәдениет пен дәстүрге негізделген мотивтер; басқа адамдардың немесе референтті топтың қысымынан бағынуды сипаттайтын субмиссивті мотивтер; жеткіншектік топтың «есірткілік құндылықтарына» салдарымен байланысты патологиялық мотивация.
Н.Ю. Максимованың пікірінше, жеткіншектерді есірткі мен басқа да психтропты заттарды қолдануға итермелейтін себептер төмендегідей
Өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыруда кездесетін қиыншылықтардан жеткіншектің продуктивті жол таба алмауы;
Эмоционалды қозуды аз уақытқа жоюға мүмкіндік беретін психологиялық қорғаныш әдістерінің эффективтілігінің төмендігі мен толық қалыптаспауы;
Жеткіншек жол таба алмайдын психотравмалық жағдаяттардың болуы.
Яғни еліміздегі жасөспірімдер эмоциялық күйзелістері мен депрессиялық жағдайын жеңу мақсатында есірткінің көмегіне жүгінеді. Алайда кейбір жастар өздерінен туған қызыққұмардықтың әсерінен және оның салдарын білмегендіктен есірткіні қолданып көріп жатады. Ал бір типтер тек өздерінің ойларында образ тудырып, еліктеушіліктің әсерінен ұрынып жатады
Қортындылай келе жасөспірімдерді есірткіден аулақ ұстау үшін алдымен оларға моральдық көмек ұсынуымыз қажет. Жастардың психологиялық проблемасына олақ қарамай, керісінше оларды жігерлендіріп және олардың проблемаларын химиялық жолмен емес, өздерінің күштерімен жеңуге мүмкіндік берген жөн. Олар алдымен тұлға, оларда да моральдық тұрғыдан қиыншылықтар туады. Сондықтан қоғам жастарға құрметпен қарап, олардын құқығын бағалай білу қажет.