“Күй -халық мұрасы”

                        Шиелі аудандық    балалар  әуез  мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Күй  халық  мұрасы»

 

Домбыра  сыныбы  мұғалімі: Ф.Ө.Ибадуллаева

 

 

 

 

 

Күй  халықта  болмасын  өзінің  атадан – балаға  жеткен,  қадірлеп  көзінің  қарашығындай  сақтап, қымбат  қазынасына  айналдырған  ұлттық  музыкалық  өнері  болады.  Ол  негізінен  вакальды  және  аспапты  болып  екіге  бөлінеді.

Ұлттық  өнердің  негізін  қалаушылар – халық, сол  халық  арасынан  шыққан  компазиторлар  қазақ  халқының  аспапты  музыкасына  күйлер  жатады.

Қашаннан  күй  мұрасы  ұрпақтан – ұрпаққа  жалғасып  отырады.

Күй  атасы  Қорқыттан  бері  келе  жатқан күй  сазы  ғасырлар  үнін  өмір  тынысын,  халық  арманын, мұң – шерін,  қуаныш – күйінішін  баяндайды. Мысалы: «Ақсақ  құлан»  аңызы  Шыңғысқан  дәірін  меңзейді. Аңызда  адам  өмірінің  арашасы  болған  өнер  құдіреті  баяндалады.«Қорқыт  күйі», «Асан  қайғы  күйі», «Ақсақ  құлан», «Азамат  қожа»,«Саймақтың  сары  өзені», «Наридірген», «Аңшының  зары»сияқты  көптеген  күйлер  тарихи – аңыз  оқиғаларды  баяндаса, енді  бірқатары  халықтың  өмірін, тіршілік – тынысы, қайғысы  мен  қуаныш  сезімдерін  толғайды. Мысалы: XIX  ғасырда  өмір  сүрген  Құрманғазының «Көбік  шашқан», «Ақбай», «Топан», «Салық  өлген»  күйлері,  Тәттімбеттің «Көкейтесті», «Азамат» ,«Саржайлау»  күйлері, Мәменнің «Қайғылы  қарасы», Қазанғаптың «Көкіл»,  Сейтектің  «Замана»,  Ықыластың «Кертолғау», «Жезкиік», «Ерден»  сияқты  т.б.  көптеген  халық  композиторларының  өмірдің  шындығынан  туған  өлмес  туындылары  тақырыбымен  мазмұнына  орай  өз  тыңдаушысының  көңіл – күйіне, сезім  сырына , жүрек  тебіренісіне  айналып, ішкі  жан  дүниесінен  терең  орын  алып  отырады.

Күй  композитордың  ішкі  жан  сырының  айнасы  десек, күй  деген  атаудың  өзінде  үлкен  қуат, шабыт, құдіреті  жатады.

Сол  үшін  де  қазақ  халқы  күйшіні  ерекше  қадірлеп  бармағынан  бал  тамған,  адамның  жарғысы  деп  ықыласпен  атаған.

Аспапты  музыка  мәдениетімізде  күйдің  алар  орны  ерекше. Күй  қазақ  музыкасында  өз  алдына  дербес  бір  жанр  болып  ерекшеліктеріне  қарай  бірнеше  орындаушылық  дәстүрді  қамтиды.

XIX  ғасырда  өмір  сүрген  дарынды  халық  композиторларынан  бұрында  ел  арасынан  көптеген  күйшілер  өтке,  олардың  аты  бара – бара  ұмытылып, шығарған  күйлері «Халық  күйі»  деген  атпен  сақталған.

Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл  күйшілері  соқыр  Ензар, Байжұма, Баланайсан  дәстүрлері  жалғастырады.

Арғы  тарихқа  үңілсек  Байжігіт  күйшінің  аты  ел  аузында  ілтипатпен  аталады. Өнерді  қадір  тұтқан  халық  өзінің  асылын, жоғалтқан  емес,  сол  асыл  мұраны  қадірлеп, оған  ие  болар  мұрагерлері, әр  дәуірде  табылып  отырған. Соның  бір  көрінісі  Байжігіт  күйлерінің  бүгінгі  дәуірге  дейін  сақталып  келуі.

Ел  арасында  күйлер  өзінің  дәстүрлі  ерекшелігіне,  орындау  мәнеріне,  құрылыс  тәсілдеріне,  қағыс  түріне  қарай  екі  үлкен  мектепке  бөлінеді.

1.Оның    біріншісі  –   төкпе  күй  оброзы  жағынан  симфониялық   сипатты  бейнелейтін  Батыс  Қазақстан  дәстүрінде  орындалатын  күйлер  жатады.  Ол  күйлер  өзінің  өлшемі  мен  ырғағы  жағынан  ұстамды  болып, саусақтардың  біріңғай  сілтеуімен  орындалады.  Сондай  – ақ  көбіне  жігерлі, екпінді,дауылды  болып, тыңдаушысының  көңіл – күйін  көтереді. XIX  ғасырда  өмір  сүрген  Құрманғазы, Сейтек  күйлері  өзінің  мазмұны  жағынан  әлеуметтік  өмірді  бейнелейді.  Күйдегі  симфониялық  түр  дегеніміз – басталу, шарықтау, қорытынды  элементтері  айқын  күйлерден  тұрады.

Кейде  күй  тамаураған, талқысыған,

Кейде  өжет, кейде  долы  албырсынған.

Кейде  паң, кейде  дархан,  кейде  сергек,

Шаршы  өрге  кейде  шапшып, шауып  тынған,-  деп  ардагер  ақынымыз І.Жансүгіров  жырлағандай  өз  бойынан  бар  қасиетті  төгіліп  тұрған  суреткер  атамыз  Құрманғазының  асқақ  күйлері,  сахына  төрінен  құрметті  орын  алады.

  1. Күйдің екінші  мектебі  шертпе  күй  мектебі  болып  табылады..

Шертпе  күйлер  ежелден  Қазақстанның  Шығысы  Алтай,  Тарбағатай, Шыңғыс  таумен, Ұлытау  өңірлерінен  бастап  Жетісу,  Қаратау  және  Сырбойына  дейін  ел  арасына  кеңінен  таралған.  Ол  ел  арасында «Шертпе  күй»  деп  те, «Нақысты  күй»  деп  те  аталады.  Қазақтағы «Сыр  шерту», «Көңіл  күйін  шерту»  деген  сөздерге  шертпе  күйлер  өзінің  аты  жағынан  ғана  емес,  ішкі  мазмұны  жағынан  да  үйлесіп  отырады.  1970  жылдан  бастап  Қазақтың  Құрманғазы  атындағы  мемлекеттік  консерваториясының  ұлт  аспаптар  кафедрасы  шертпе  күйлердің  факультативтік  класын  ұйымдастырып, Тәттімбет ,  Тоқа, Сүгір, Раздық  сияқты  шертпе  күйдің  саңлақ  өкілдерінің  туындыларын  ақ  программасына  енгізіп, студенттерге  үйретіп  келеді.  Шертпе  күйлерінің  жанрлық  ерекшеліктерін  талдап  насихаттау,  жекелеген  халық  композиторларының  өмірімен  творчестволық  портретін  жасау  жұмысына  ғалымдар  ақын  жазушылар, журналистер  белсене  ат  салысып  келеді.

Солардың  ішінде  әсіресе  филалогия  ғылымының  докторы  сыншы  Рахманқұл  Бердібаев  жазушылар  С.Бегалин, Т.Әлімқұлов, М.Мағауин, А.Сатаев, А.Сейдімбеков  ғалым  Омар  Хаймулдин  композитор  І.Жахановтың  еңбектерін  атап  айтуға  болады.

Шертпе  күйлерді   орындаушылардың  қатарына  М.Хамзин, Ә.Әбенова,  Н.Тілендиев, Т.Момбековтерді,  М.Тілеухановтер  өнерлі  толықтыра  түседі.

Сырлы  әуенмен  сомдалған  көңіл  тербетер  қазақ  елінің  ұлттық  музыка  фольклоры  орыс  саяхатшылар  мен  журналистерініңжәне  музыка  зерттеушілерінің  назарын  ерте  аударғаны  мәлім. Бұған  өткен  ғасырда  жазбалар  қалдырған  Г.Потанин, Н.Савичев  т.б  естеліктері  дәлел.

XIX  ғасырдағы  халық  композиторы  Дәулеткерей , Тәттімбет, Құрманғазы   күйлерінің  нотаға  түсірілуі  мен  зерделеп  зерттенуі  тек  советтік  дәуірде  ғана  мүмкін  болады.

Алғаш  рет  қазақ  ән-күйлерінің  ноталық  үлгісін  қағаз  бетіне  түсіре  бастаған  этнограф  зерттеуші  А.В.Затаевич  еңбектерінің  саны  2400  ден  асты. Ол  1925  жылы  «Қазақ  халқының  мың  әні»  деген  үлкен  жинақ  шығарды.  1931  жылы  «Қазақ  халқының  500  ән – күйлері»  деп  аталатын  екінші  кітабы  жарық  көрді. Қазақ  музыкасының  фольклорын  әсіресе  күйлерін  жинастыруда  еңбек  еткен  өнертану  ғылымының  докторы  академик  А.Жұбановтың  алар  орны  ерекше.  А.Жұбановтың  көп  жылғы  зерттеу  жұмысының  нәтижесінде «Ғасырлар  пернесі»,  «Замана  бұлбұлдары», «Құрманғазы»  атты  кітаптары  жарық  көрді. Қазіргі  кезде  көп  дауысты  оркестр  үнімен  ерекше  бояуға  еніп,  күй  өнері  ұлттық  өнеріміздің  жаңа  заманға  лайық  шаңырағын  биік  көтереді.

Қазақ  операларындағы  билер, тіпті  кейбір  хорлардың  өзі  халық  композиторларының  күйлері  негізінде  алынған.  Е.Брусиловский  «Сарыарқа», А.Жұбановтың  «Абай» , Қ.Мусиннің  «Қазақстан»    атты  симфониялқ  поэмаларынан  бұған  көз  жеткізуге  болады.

Бұны  қазақ  композиторларының  үлкен  жетістігі, өнердің  қол  жеткен  табыстары  деп  білеміз.

Күй – қазақ  халқының  асыл  мұрасы, қымбат  қазынасы.

 

 

Қолданылған  әдебиеттер:

1.Уәли  Бекенов «Күй  табиғаты»

2.А.Жұбанов «Құрманғазы

«Замана  бұлбұлдары»

«Ғасырлар  пернесі»

  1. Қ. Сабыров «Күй толқыны»

«Қазақстан  әйелдер»  журналынан.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *