Жаңаша оқытудың тиімді жолдары
Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман. Сондықтан, ой-өрісі терең, білімі ұшқыр ұрпақ тәрбиелеу ұстаздар қауымының басты міндеті деп ойлаймын. Әр ұстаз өзіндік білімі мен қатар, шығармашыл және ізденімпаз болғаны дұрыс. «Әлемді өзгертем десең, алдымен өзің өзгер» деген сөздің берер тағылымы мол деп есептеймін. Алдындағы шәкіртін білімнің шыңынан көргісі келетін ұстаз үнемі жаңашылдықтың бел ортасында жүруі міндетті.
«Сабақ беру–үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол-жаңадан жаңаны табатын өнер. Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» Жүсіпбек Аймауытов демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың
көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сапалы білім негізі жан- жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды
технологияларды, тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,
білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру.
Өйткені, тек оқулықтағы білімді жеткізуші мұғалімнің құны жоқ
деп ойлаймын. Оқлықтағыны оқушы өзі де оқып алады. Сондықтан ұстаз қазіргі заман талабына сай құзіретті маман иесі болуы шарт. Осы құзіреттілікті бойыма сіңіре отырып ел келешегін кемелдендіре алатын білімді ұрпақ тәрбиелеу-біздің яғни педагог қауымының ұстаздық борышы. Соңғы кезде еліміздің білім беру ісінде түбегейлі өзгерістер еніп жатқаны баршаға аян.Ең бастысы әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында алғашқы қадамдар болып отыр.Үш базалық деңгей бағдарламасы бойынща жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсының ашылуы соның дәлелі. Бұл курста бізге пайдалы сыни тұрғыдан ойлау технологиясымен оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен жетік таныстық.
Кез келген ұстаз осы ұлы есімге сай ұрпаққа білім беруді өзінің тікелей парызы деп білуі шарт.Баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын оқу мен тәрбие. Яғни осы курстан алғанымыз мұғалімнің ең басты міндеті дайын білімді дағдыларды меңгертіп қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта ізденетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін рухани бай жан-жақты дамыған жеке тұлғаны жетілдіру болып отыр.Сондықтан мұғалім өз жұмысын оқушының өздігімен білім алуына бағыттауы қажет екенін білдік.Қорыта келгенде мұғалімнің сабақ барысында тек жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға жол ашады. Мұғалімнің тығыз ынтымақтастығында бола отырып оқушы өз дамуының жаңа сатысына бірте-бірте көтеріледі.Оқушы бойындағы оқуға деген қызығудың аз да болса көрінісін дер кезінде байқау, танымдық қызығуды біртіндеп қалыптастыру үшін барлық жағдайды жасау, оқушының ойын ояту түйінді сұрақ қою, оны таңғажайыптармен таңырқата білу, белсенді өзіндік іс-әрекеттерге қатыстыру, міне бүгінгі таңдағы мектеппен мұғалімнің басты міндеті болып отыр.Дарынды да талантты жас ұрпақ –бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Қазіргі заман талабына сай әрбір ұстаз өз тәжірибесін жетілдіріп үнемі ізденіс үстінде болып үздіксіз жас буынды тәрбиелеу ісінде өз құзіреттілігін арттырып отыру керек.Сонда ғана құзіретті оқушыны болашаққа дайындай аламыз.Оқушының дамуын жан-жақты зерттеп,оны терең білу,оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру әр ұстаздың жауапты міндеті.
Бұл жерде мұғалімнің негізгі міндеті: өз ойын, пікірін айтқысы келген оқушыны тыңдау оның логикасын түсіну, қате пікірді бірден жоққа шығармай, оқушылардың өзара пікір алысуы барысында елеусіз түзету.Әр оқушыда «Менің ойымша», «Мен онымен келісер едім, егер…» «Мен былай түсінемін» деген сияқты әрі өз пікірі бар тұлға екенін сезінуге,өзін еркін ұстауына мүмкіндік беретін жағдай туғызу керек. Алайда барлық оқыту үдерісін ұйымдастырып, көшбасшылық жасайтын мұғалім болғандықтан, бағдарлама ең әуелі мұғалімге қарай бағытталады. Өйткені, мұғалімдер ойлау қабілеттері жоғары деңгейде дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, онда өздерінің де терең ойлау қабілеттерін дамытқан жөн. Сонда ғана бір жақты, «тек менікі дұрыс» деген сенімнен гөрі жаңашыл идеяларға деген көңіл көкжиектері ашылып, жаңаша қалыптасуы мүмкін.Оқушының жетістігі, бұл мұғалімнің жетісігі, ал мұғалімнің жетістігі – бұл жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануында екеніне көзім жетті. Бірақ көш жүре түзеледі дегендей алда әлі алдымызға келген әрбір бүлдіршіндерге заман талабына сай білім беруге бар күш жігерімізді салып құзіретті оқушы болып шығуына үлес қосамыз деген ойдамын. Бүгінде білім беру саласында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгермейінше, сауатты, жан – жақты болу мүмкін емес. Оқытудың жаңа әдіс -тәсілдерін меңгеру мұғалімнің интеллектуалды, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және өзінің мәдениеті мен өзге ұлтаралық мәдениеттерді сыйлай білетін басқа да адами құндылықтарының қалыптасуына әсер етіп, өзін -өзі дамытып, оқу -тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Күнделікті сабақтарда білім беруде басты мақсат «не нәрсеге оқыту», «қалай оқыту» және оқушыларымның топтық, жұптық жұмыстарда өздерінің шығармашылықтарын шыңдай түсу үшін қандай тапсырмалар беру керектігін әбден зерттеп, зерделеп алған дұрыс құра білу керектігін түсіндім. Сабақты бастамас бұрын оқушылармен психологиялық ақуал жасатып, көңіл – күйлерін көтере отырып, бүгінгі сабақтың қызықты әрі тартымды өтуі өздеріне де байланысты екенін сездіруге тырысу керектігін үйрендім. Ендігі тоқталып өтетінім: тәжірибе кезінде байқаған топтық, жұптық жұмыстардың оқушыға тигізетін оң әсерлерін сөз еткім келіп отыр. Топтық жұмыстарға оқушыларды бағыттап отыру әсіресе көп үндемейтін, тұйық, баяу болып келетін оқушыларға аз да болса серпіліс жасатып, ұжымның ортасына қарай икемделетіндіктерін байқалады. Топпен жұмыс істеуге дағдыланған оқушылар бір – бірін тыңдауға, пікір сайыс құруға, араларынан көшбасшы сайлап, топ ұстанымын орындауға бірте – бірте бейімделе түседі екен. Бұған әрине, тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдылары кіргізуге де болады. Әрбір пәндерде топтық жұмыстарға өте қолайлы тапсырмалар беруге ыңғайлы. Әсіресе тұйық отыратын оқушы топтың қолпаштауымен ортаға шыққанда, өз тобының намысын ойлап, тәп -тәуір әңгіме айтып беруге тырысатыны байқалады. Критерилі бағалау, дескрипторды дұрыс құрып берілетін тапсырмалар нақты болған жөн. Ендігі жерде оқыту үдерісіне енген жаңалықтарды біртіндеп кіргізу арқылы жаңаша оқыту технологиясын сәтті пайдаланып, заманауи талаптардың басында көшбасшы болу әр ұстаздың ұрпақ алдындағы парызы. Мұғалім тек бағыттаушы,ал оқушы -ізденімпаз болып, өз бетімен шешім қабылдауға жүрексінбей кіріссе, бұл жұмысымыздың белгілі бір нәтижесі болады деп сеніммен айта аламын.