Әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру

Әлеуметтік педагог қызыметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар.

Әлеуметтік педагог өз жұмысында:Қ,Р Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Б.Ұ.Ұ «Бала құқығы туралы»Конвенциясын, Қ.Р «Бала құқығы туралы» Заңына, ҚР «Неке және Отбасы туралы»Заңын, ҚР «Даму мүмкіндігі шектеулі қолдау туралы»Заңын, «Әлеуметтік педагог» Ережесін және басқа да білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс.

Егеменді мемлекеттің басты проблемаларының бірі бала құқын қамтамасыз ету, себебі мемлекеттің өміршеңдігі болашағы балаларға байланысты. Бұл проблема көптеген мемлекеттерде қиын шешілетін мәселенің бірі болып саналады, сондықтан ол өркениетті, халықаралық сипат алып отыр.

Бүгінгі таңда халықаралық-құқықтың бала құқын қорғау юойынша құрылымы құрылып және жұмыс жасауда.

Халықаралық бала құқын қорғау деп-баланың үйлесімді және жан-жақты дамуы үшін және оны мемлекеттік заң шығару деңгейіне көтеруге дейін әсер ететін және нашар дамыған мемлекеттердің балаларыны көмек көрсететін мемлекет пен мемлекеттік емес халықаралық ұйымдастырылып өзара келісімге келген жүйені айтуға болады.

1989 ж БҰҰ Бас Ассамблеясына бала құқығының дүние жүзілік Конституциялық Бала құқы туралы Конвенция қабылданды.Өркениетті адамзат бұл құжатты қабылдауға дейін бірнеше құжаттар қабылдаған болатын. 1948 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясына бала құқы туралы Женева декларациясы, 1959 ж Бала құқы туралы Декларациясы БҰҰ Конвенциясы заңдық құжат ретінде Декларация Ережелерін одан әрі тереңдетеді. Оны қабылдаған мемлекеттерге балаға қатысты әрекеттері үшін құқықтық жауапкершілік артып, заңдық кепілдемелер мен нормалардың жетілген түрін ұсынады.

Конвенцияның мақсаты-бала мүддесін, қызығушылығын барынша қорғау. Конвенция негізгі төрт талап қояды, ол бала құқын қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Өміршеңдңлік,

өмір сүруі баланың дамуы, баланы қорғау және қоғам өміріне белсенді қатысуды қамтамасыз ету.

Конвенция-бұл жоғары әлеуметтік-адамгершілік қасиеттерді уағыздайтын құжат. Ол баланы бүкіл ажамзаттың бір бөлігі ретінде қабылдауға, баланың жалпы адамзатық құндылық пен тұлғалық дамуын қамтамасыз етуге, оның ешбір себептері мен мотивтеріне қарамастан дискриминайияламауға негізделген.

Конвенция бала мүдесін мемлекет мүдесінен жоғары қоюмен қатар, әлеуметтік депривацияланған (әлеуметтік әлсіз топ, қорғалмаған)балалар тобына айрықша қамқорлық жасауды талап етеді; жетім, мүгедек, босқындар,құқық бұзушылық балалар.

Конвенция-жоғарғы халықаралық стандарты, құқықтық құжат. Ол баланы өзіндік дербес субъект ретінде ариялап, Конвенцияны қабылдаған мемлекеттерге ұлттық заңдарын Конвенция негізінде қабылдауды талап етеді. Бала құқының әртүрлі аспектілері бойынша-анықтап, мемлекеттің құқықтық нормаларын белгілеп, арнайы бақылау механизмін-БҰҰ Бала құқын қорғау бойынша Комитеті құрылып, оған жоғары дербестік, өкілеттік берілген.

Конвенция-жоғары, биік педагогикалық мағынасы бар құжат. Балаға ересектер ата-аналар және педагог тарапынан авторитарлықпен қарау барлық мемлекеттерге бар. Конвенция балалар мен ересектерді қарыми-қатынасты өзгеше адамгершілік-құқықтық және педагогикалық негізде құруын уағыздайды. Баланың ойына, көзқарасына, тұлғасына силастықпен, түсінушілікпен қарау тек жалпы адамзаттық мәдениетнормасы емес, құқықтықнорма да болуы қажет дейді. Соған байланысты әлеуметтік педагогика талап етушілік педагогикасын-тұлғаралық педагогикасына құндылық бағдарды өзгертуге тиіс педагогика саласы.

Конвенция бала құқы туралы бүкіл мемлекеттерге қабылданған, ратификацияланған құжат. Қазақстан Республикасы бұл құжатты 1994 жылы қабылдады. Конвенция бала

құқы мен мүдесіне байланысты базалық құжатқа айналады. Қ.Р.-ның Конституциясы (30 тамыз 1995 ж)ҚР «Неке және Отбасы»туралы

Заңы(17.12.1998 ж.)»Қазақстан Республикасының даму мүмкіншіліктері шектеулі балаларды әлеуметтік медика-педагогикалық, корекциялық қолдау (11.07.2002 ж) туралы Заңы, Қ.Р-ның «Бала құқы туралы» (8.08.200 ж)ҚР Заңы және т.б. заңдары Конвенция негізінде қабылданды.

Отандық тәжірибеде алғаш рет бала арнайы қамқорлықты қажет ететін субъект ретінде ғана емес, адамға қажет барлық құқықтары бар субъект ретінде қарастырылады.

Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері:

· Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді.

· Баланы әлеуметтік ортаға бейідеу, жеке тұлға ретінде дамыту.

· Оқушының микроорталығын, өмір сүру жағдайларыны зеріттейді.

· Оқушының қажеттігі мен қызығушылығын байқайды, баланың жеке және әлеуметтік қиыншылығын анықтау және өз құзырлығы бойынша шешу.

· Оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді, құқық бұзушылығы бойнша алдын – алу жұмыстарын жүргізеді;

· әлекметтік –педагогикалық диогностика, әдістемесін анықтайды;

· Патронот бойнша тұрғын үй, зейнет ақы беру, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік және мүліктік емес құқы бойынша жұмыс жүргізеді;

· Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық талантын дамытуға жағдайлар жасайды;

· Баланың мемлекетпен, қоғаммен, ұжыммен және әлеуметтік қызыметкермен байланысын ұйымдастыру;

· Мұғалімдермен, ата-аналар мен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды;

· Білім беру ұйымдарынаң білім бағдарламаларын құрастыруға, бекітуге, оны жүзеге асыруға қатысады және өзінің құзіреттілігі бойынша олардың орындалуына жауап береді;

ІІІ. Әлеуметтік – педагог жұмысының негізгі бағыттары

Мектепттің әлеуметтік-педагогикалық қызыметі төмендегідей бағыттардан тұрады:

Ұйымдастыру шаралары:

· Қажетті құжаттар мен жұмыс (жылдық жоспар, әртүрлі катигориядағы балалар мен отбасы туралы мәліметтер банкін құру, ата-анаға кеңес беру және үйіне баруын тіркеу туралы журнал арнау);

· Мектептің әлеуметтік паспортын жасақтау;

· Ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар үшін кеңес беру және лектория ұйымдастыру;

· әлеуметтік-педагогикалық тәрбие мен әлеуметтік-педагогикалық қорғау міндетін шешуші мекемелермен өзара байланыс жасау (денсаулық сақтау СПИД орталықтары, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, ішкі істер және т.б.мекемелері мен мамандары және т.б.);

· құқықбұзушылықтың алдын алу Кеңесін құру;

Зерттеу шаралары:

· Әлеуметтік қорғаламаған оқушылар катигориясын анықтау (қамқорлықтағы балалар, мүгедек балалар, жетім балалар, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары, девиянтық мінез- құлықты оқушылар );

· Бірінші сынып оқушыларының бейімделу деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік психологиялық зерттеу;

· Бесінші сынып оқушыларының бейімделу дейгейін анықтау;

· Мүгедек балалардың денсаулығына мониторинг жүргізу;

· Балалардың әлеуметтену деңгейін анықтау (сыртқы орта кіріге алуы, жоғары сынып оқушгыларының құндылық бағдары мен өмірлік маңызы бар жоспарларын мектептің іске асыру дәрежесі);

· Мектептегі әлеуметтік-психологиялық ахуалын бағалау (педагогтардың тұлғааралық және кәсіптік дейгейдегі қарым-қатынасы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас, оқушылар мен оқушылар, мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынас, біртұтас ұжымның қалыптасу деңгейі (ұйымшылдығы, бір-біріне көмекке келуге дайындығы));

· Мектептің әлеуметтік-мәдени жағдайын бағалау (оқушыны жалпымәдени дүниетанымын дамыту және оқытушының бос уақытын ұйымдастыру бойынша мектеп қызыметін бағалау);

· Білім беру қызыметі деңгейінің ата-ана сұранысына сәйкес келуі;

· Мектеп қызыметін бағалау мақсатында педагогтар арасында сауалнама жүргізу;

Түрлі балалыр категорияларымен жүмыс:

· Мүгедек балалрмен жұмыс (мәліметтер банкін құру, оларды жеке оқұытуды ұйымдастыру, әлеуметтік –тұрмыстық жағдайын анықтау мақсатында олардың үйіне бару, оларды оқулықпен қамтамасыз ету, бос уақытын ұйымдастыру, халықаралық мүгедектер күнін өткізу, әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету, санаториялық –курорттық жолдамалармен қамтамасыз ету );

· Қамқорлықтағы балалар және жетім балалармен жұмыс (мәліметтер банкін құру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын анықтау мақсатында олардың үйіне бару, жалпыға білім беру қорынан материялдық көмек көрсету, қамқорлық бойынша инспектормен кездесу, әлеуметтік көмек көрсету, саноториялық –курорттық жолдамалармен қамтамасыз ету, мектепте тегін тамақты ұйымдастыру);

· Девиенттық мінез-құлқы бар балалармен жұмыс (мәліметтер банкін құру, баланың үйіне бару, олардың қызығушылығына қарай үйірмелеріне тарту, балалар мен олардың ата-анадары мен әңгіме жүргізу, қиын балаларды диагностикалау

(қызығушылығы, проблемалары, дау-дамай жағдайлары) сынып жетекшілеріне қиын балалармен жұмысына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық кеңес беру, ата-аналар үшінпедагогикалық консилиум өткізу, олардың жазғы демалысы туралы мәлімет жинау, жазғы демалысын ұйымдастыру, КТІЖБ-мен бірлесіп профилактикалық жұмыстарын ұйымдастыру);

· Аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылармен жұмыс (мәліметтер банкін құру, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына акт құру мақсатында иелеріне бару, мектепте тегін тамақпен қамтамасыз ету, материялдық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету ).

Отбасымен жұмыс:

Қазіргі қиын жағдайда отбасыға мектеп тарапынан жүйелі білікті көмек қажет. әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысының негізгі бағыттары:

· Диагностикалық (отбасы ерекшелігін және кіші ортаның әсер ету дәрежесін зеріттеу);

· Болжамдаушылық (диагностика нәтижесін ескере отырып, тәрбие жағдайын модельдеу);

· Ұйымдастырушылық-коммуникативтік (ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту, олармен қарым-қатынас орнату);

· Құқыққорғаушылық (құқық қорғау, бостандығы, әлеуметтік гарантия бойынша отбасын қолдай);

· Ескерту-профилактикалық (девианттық мінез-құлықтың алдын-алу);

· әлеуметтік-тұрмыстық (материялдық көмекке зәру отбасыны көмек көрсету);

· әлеуметтік-психологиялық (шұғыл, кідіртуге болмайтын психологиялық көмекті іске асыру)

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *