Оқушыны сахна шеберлігіне дайындауда ұстанатын қағидалар.
Музыка адам мiнезiне икемделiнедi және оны реттейдi. «Бұл ғылым музыка өзiнiң байсалдылығынан айырылған адамдарды түзеуге, қызба адамды қалпына түсiруге, байсалды адамды ылғи да бiр қалыпта ұстауға құдiретi әбден жетедi» дейдi Әл-Фараби.
Домбырадан шыққан туынды шығарған композитордың да мiнезiн бiлдiредi. Кайкабус адам мiнезiн музыка арқылы анықтауға болатыны туралы ақыл-кеңес бередi. Композиторлардың шығарған туындылары әр түрлi мiнезде жүредi. Олар: шапшаң, баяу, белсендi, ұстамды т.б. болып характерге бөлiнедi.
Домбыраның әр пернесiн адамша сөйлету, адамға қызмет еткiзу үшiн оның қыр-сырын толық меңгеру керек. Ол үшiн домбыра болымының философиясын тұтас бiлу қажет. «Домбыраның әр пернесiнiң өз мәнi бар, домбыра тартқанда олардың мән-мазмұнын дұрыс анықтау бiрден-бiр шарт. Домбыра шерткенде оны адамша сөйлетiп, сол арқылы белгiлi бiр күйдiң мән-мазмұнын тыңдаушыға толық жеткiзу керек» деп Д. Нұрпейiсова орынды пiкiр айтады. Күй тарту алдында келтiретiн құлақ бұрауды байқар болсақ, олар адам мiнезiнiң психологиялық типтерiне сәйкес бұрылатынын аңғарамыз. Мысалы: бос бұрау – меланхолик, қатаң бұрау – флегматик, орташа бұрау – сангвиник, шiңкiлдек бұрау – холерик. Осы төрт бұрау орындаушы адамның психологиясын аңғартады.
Ата-бабалар орындаушылық мектептiң әр түрiн ұстана бiлдi. өйткенi орындаушылардың бәрi бiр-бiрiнен оқшау ерекшеленiп көрiнуi домбыраның адам мiнезiмен сабақтасып өрiлуiне байланысты болды. Егер барлық орындаушылар бiр қалыпқа салып орындаған (шығарған) болса онда әр аймақтың орындаушылық мектептерi мен күйшiлiк дәстүрлерi дамымай қалған болар едi.
Әр аймақтың өзiндiк iрi-iрi мектептерi бар. Бiрақ соған қарамастан олардың iшiнен бөлiнетiн алуан түрлi бiр-бiрiне ұқсамайтын өзiндiк бөлек-бөлек iшкi мектептiк үрдiстерi және бар.
Орындаушылар бұқара халықтың ортасында отырып, психологиялық мiнез-құлықтарын бiлiп отырған. Халыққа қажеттi күй әңгiмесiмен қатар әртiстiк шеберлiктерiн көрсету арқылы керектi шығармаларды дереу орындап отырған. Мұндай құбылыс орындаушының еркiндiк қалпын қалыптастыруға ықпал еттi.
Орындаушылық өнердің негізгі арқауы шығармаға табиғи берілу, дене қимылы орындау шеберлігі ,сезу, ойлау қабылеті өзара қатынастарына тұрады. Осы қасиеттер орынды әсер бергенде орындаушы денгейі жөнінде сөз етуге болады.Автор тындаушымен орындаушы арасынан өз ойын ұқса,керсінше орындаушы шығарма болысын жеткізе алса – онда ол жоғары денгейлі болғаны. Себебі әр шығармада автордың өскен ортасы заманы,стилі, ойы екпіні ырғағы, музыкалық тілі сан-салалы екені даусыз. Күй өнерінде халық таныған орындаушыларға бас иген,бірнеше ұрпақ арқылы үлгісі биікте қала алған. Әрбір шығармада әсіресе біздіңң күйлерімізде ноталық жазба түспейтін қыр-сырлар жеткілікті. Орындаушы мұны өз талғамы ,түйсігі арқылы жеткізе алады. Жас балаң орындаушылар құрғақ текстіні орындайдыда дұрыс бұрысына мән бермейді.Орындаушылықтың шеберлік сыры , естілмей тұрған әуенді таба білуінде.
Қазақстан Халық әртісі,Мемлекеттік сыйлық иегері Қ.Ахмедияров орындаушылық шеберлік жөнінде тұжырымы:
1.Орындаушылық үрдісте түрлі мектеп, сонша күй мазмұны, соншалықты бояу бар.Соны таба білетін еп керек. Қимыл,жүрек сезімін қосу арқылы іске асады.
2.Барлық саусақ бірдей емес,бірақ пернеден шығарар дыбыс деңгейі бірдей болуы керек. Дыбыс теңдестігі осыдан шығады.
3.Айшықты, иірімді,бұрма жымдастыруда күй ыңғайына байланысты дыбыс аралық тартылу заңдылығы бар, оны ести білу керек-бұл сирек кездесетін қасиет.
4.Сол қол саусақтары кестесінің аймақ аралық ерекшеліктері жеке ілім. Бұл заңдылықтаты толық меңгермейінше ,құпиясын ашпайынша кемел күйші шығуы екі талай. Орындаушы деңгейінің асқақтығы содан.
5.Ал оңға келетін болсақ, әр саусақтың өзіндік қасиеті бар, әр буынның, домбыра мойының , бет қақпағының аумағының қай шамадан қағудың дыбыс бояуы үшін қасиетін ажырата білген дұрыс.
- Қағыс күшігің ішке жанасу дәлдік заңдылығы бар.
- Дыбыс күшін жобалауда щң шынтақты ашып, жабудың өзіндік реті бар (педаль).
- Оң қолда жүретін әдемі қимылдар , қағыс түрлері қиын да қызықты үрдіс.
- Күйдің мазмұны, уақиға желісіне байланысты аңызын, әңгімесін айтудың , болмаса қимылмен орындау кезінде дәлдеудің, жандарудың маңызы зор.
- Орындаушылық өнердің тобықтай түйіні екі қолдың жұмдасқан үндестігінде, ойыңның жүректі серпіген сел сезімінің саусақ арқылы пернеге тіл бітіріп, домбыраны сөйлетуінде.
Музыка мектептері, колледж, музыкалық жоғары оқу орындарында көпшілк алдында өнер көрсету техникалық, академикалық сынақ, емтихандардан басталады. Мұнда бағдарлама бойынша арнайы берілген міндеттемені орындайды. Бұл шағын концерттік бағдарлама.
Осы баспалдақтан шәкірттің орындаған шығармасына есеп беруі, өзін өзі ұстауы қалыптасады, мамандар алдында өнер көрсетеді. Өнер көрсету тек қана шығарманы шебер меңгеру емес, сонымен қатар, орындаушының мінез-құлқының қалыптасуы. Ұстаз өз оқушы жайында оның мінезін, әдетін, дағдысын өте жақсы білу қажет. Бұл оқытушының оқушысына дұрыс бағыт беруіне, сахнаға шығу дайындығына көмектеседі.
Оқушы орындауға өзінің мүмкіндік дәрежесіне сайшығармалар алуы керек. Сахнаға «сәтсіз», түсініксіз, шала орындалатын шығармаларды орындауға болмайды.
Шығарманың нотасы, мәтіні және көрік пен аппликатураның техникаға байланысты негізгі жұмыстары уақытымен жүргізілуі қажет. Шығармаға аз уақыт жүргізілген жұмыс сенімсіздікті, қобалжуды, шаршауды тудырады.
Орындауды таспаға жазу арқылы жүргізілген дайындықтың маңызы зор , себебі, таспаны тыңдай отырып, оқушы өзі орындаған шығармаға талдау жасай алады.
Сахнаға шығар алдында орындаушылық сенімділікті арттыру үшін , шығарманы әр түрлі ортада орындап көру керек. Кластас достарының алдында, үйде ата – ананың ортасында, орындау оқушыны шынықтырады. Орындауға бірнеше күн қалғанда , орындалатын шығарманы концерт залында дайындаған жөн.
Қобалжуды жену үшін, тыңдаушылар алдына көбірек шығып орындаған дұрыс. Орындаушыға әсер ететін факторлар:
1) тыңдаушы орта, оның қабылдауы
2) концерт өтетін жердің акустикасы
3) микрофон
4) сахналық киім
5) орындаушының көңіл күйі т.с.с
Шәкіртті сахна өнеріне дайындау:
1)Баланы жастайынан музыка мектебінде оқып жүрген кезінен бастап орындаушылық қағидаларын түсіндіріп, халық алдында шығуға сүйіспеншілік сезімін арттыру керек.
2) Концерт алдындағы дайындық жұмысы. Сахнада жүріс – тұрысы, шығарма орындаудағы сезімі, көпшілікке қатынасы – бұның бәрі әрбір орындаушыда өзінше болсада жаттықтыру қажет. Концерт болатын күні тыңғылықты , тиянақты түрде бірнеше уақыт дайындалу, қиын бөлшектерін жеке орындау өте жақсы көмектеседі.
Кейбір орындаушылар концерт алдында көп дайындалса, ол сахнада күндегінен нашар көрсетеді. Кейбіреуі концерт алдында кішкене қол жүгіртіп, дайындалыа, содан соң дем алыа, серуендеп, басқа да музыка қатысы жоқ істермен айналысып, содан соң концертке шығады. Концертке шығар алдында орындалатын шығармаларды бірінен кейін бірін бағдарлама бойынша тұтас қарап, уақыты, бастау, аяқтауға жаттықтыру керек. Шығарманы басынан аяғына дейін белгілі бір дәрежеде орындау үшін тұрақты талпыныс керек. Бұл үшін жалықпай ішкі музыкалық жүйенің өсуіне бейімдеу қажет. Бұл ағартушы Ы.Алтынсарин айтқандай «Қайталау – оқу анасы» екенін әр ұстаз ұмытпағаны жөн. Оқушылардың орындаушылық мүмкіндігін өсіру үшін, класта кейде сабақты өте жақсы , дайын тұрған шығармадан бастаған да пайдалы болады. Кейбір оқушылар концертке дайындалу қателігі үй жұмысымен шатастырады. Бұлар үшін жаттау мен жаттығудың мғынасы бір, әдемі шығарманы сағаттап ойнап, қиын тұсын қайта-қайта қарап , музыкамен (музыкасыз) айналысады.
Қазір тыңдаушы да өнерді қатты түсінеді. Керемет деген шығарманың өзі этюдке айналады. Концерт алдында қатты абыржу сахна өнерімен бас тартуға әкеліп соғады. Сахна өнеріне шыңдауға сайыстардың атқаратын маңызы зор. Бірақ сайыстар бір композитор шығармашылығы аясында өтіп щектеуге апарады. Орындаушы дайындауда жан – жақтылық ұстаным болуы шарт.
Қазақстанда қанша күйшілік мектеп, әсіресе кәсіби білім жүйесінде терең тағылымды Қазақстан және шетел композиторлары шығармаларының қоры бар Ұстаздардың көп еңбектері баршылық. Орындаушылық өнер тарихы пәні де көп мәселелерді қарастырады. Соңғы жылдардағы үн-бейне таспалар да көмекке келеді. Көшіру, еліктеу жөн емес, әрбір орындаушының, жеке тұлғасын қалыптастыру – басты міндет.
Қолданылған әдебиеттер:
Б.Мұстафин, Т. Мұстафина, Т.Алыбаев, З.Смақова «Сырнай үйрену мектебі»
К.Сахарбаева «Домбыра үйрету әдістері»
“Ана тілі” газеті » «Дариға, домбырамды берші маған!»
Понравилось