«Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары»

 

Бүгінгі жас ұрпаққа жан – жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Ұстаз балаға белгілі білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, қоршаған ортаға дұрыс көзқараста болу, талдау жасап үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдниетіне үйретеді.

Сондықтанда оқытудың да басты мақсаты – баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Кейбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрлерін  пайдаланса, кейбіреуі жаңашыл педагогтардың тәжірибесін қолданады. Қай әдісті пайдаланса да мақсат – бағдарламадағы материалдардың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру.

Сынып оқушыларының зейіні тұрақсыз, барлық баланың ойлау қабілеті бірдей. Сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты көздейді. Дегенмен, әр баланың бір нәрсеге бейімі болады.

Бейімділік – оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.Педагогика ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ қабілетті адам болмайды деп дәлелдейді.

Оқушылардың шығармашылық, логикалық ойлау қабілетін дамытуда әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдануға болады.

  • Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру. Жұмбақ құрастыру. Барлық сөзі бірдей әріптен басталатын мақал – мәтелдер құрастыру. Мұнда бала біріншіден ұйқас сөз табуға ойланады, екіншіден баланың қызығушылығы артады.
  • Шығарма жаздырту. Бастапқы кезеңде бұл үйрету мақсатында жүреді. Көмек ретінде тірек сөздер беріледі, сюжетті суреттер арқылы дайындық жұмысы жүргізеді. Шығарма жаздыртудың бір ерекшелігін ұғатын жері – кейбір бала өз ойын ауызша айтқаннан гөрі жазбаша жақсы жеткізеді.
  • Мәтін, ертегі, әңгіме сияқты тапсырмаларда оқушылар өз бетінше мазмұндап, өз бетінше аяқтау көзделеді. Бұл тапсырмада оқшылардың сөздік қоры молайып, бала қиялы дами түседі деп ойлаймын.Осындай әдіс – тәсілдерді қолданғанда,әріптестердің көкейінде сабақ сапасы арта ма? Немесе қалай арттыруға болады деген сұрақ тууы мүмкін.Әрине, сабақ сапасынан оқушылардың білім сапасы көрінеді. Мұғалім еңбегінің жемісі де білім көрсеткішімен, сабақ сапасымен бағаланады. Олай болмаса мен өз тәжірибемде сабақ сапасын арттыру, жақсы білім дәрежісіне жетуде әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолданып келемін.

Оқушылардың танымдық, логикалық қабілетін дамыту – күнделікті сабақтың негізгі мақсаты. Танымдылық қабілетті дамыту жолдары әр түрлі. Мысалы қазақ тілі сабағында 10 сыныпта «Сөйлем мүшелерінің байланысы» тақырыбына сай деңгейлеп оқытуда былай жүргіздім.

    Жоғары деңгейде:Басқа оқушыларға қарағанда берілген тапсырмадан күрделі болады. Оларға толық емес сөздерден сөйлем құрастыру тапсырылады. Соңғы сөйлем байланысын табу.

Екінші деңгей:Мақал ретінде беріледі. Жатқа жаз. Сөйлем мүшелерінің асын сызу. Байланысын сызбамен көрсету.

Ақыл жастан шығады,

Асыл тастан шығады.

Үшінші деңгейде:Өлеңді мәнерлеп оқу. Соңғы сөйлемнен сөйлем мүшелерінің байланысын табу.

Кесіртке құмын сүйеді.

Тасбақа тыңын сүйеді.

Сұңқар шыңын сүйеді,

Тұлпар қырын сүйеді,

Ер жігіт елін сүйеді.

Берілген тапсырмалар ұжым болып талқыланып, «Сөйлем мүшелерінің байланысы» тақырыбы қортындыланады.Сөйлем мүшелері мағынасына қарай өзара байланысып айтылады.  Олардың байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.

Танымдық, логикалық дамыту жеңілден ауырға біртіндеп көшу және таныс сөзден таныс емес сөздерге біртіндеп көшіп оқулықтағы жеңіл сөзден гөрі күнделікті тұрмыста пайдаланатын сөздерді кеңінен енгізу арқылы жүргізудің бір түрі. Ол оқушының қабілетін және шығармашылық жұмысқа баулудың бір тәсілі.

Оқушылардың жоғарғы тапсырмалар арқылы жазба тәсілін дамыту, өз ойларын қағаз бетіне түсіре білу, өлең сөздерді өз ойымен дұрыс түсініп мәнерлеп оқу, не қара сөзден ұйқас құрастыру, сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланысу арқылы оқушылардың ерлігі мен қиялын, зейінін тәрбиелеу арқылы оқушыларды тыңдай білуге баулып отырамын. Бұлай оқыту негізгі жеңілден ауырға, оңайдан қиынға біртіндеп көшіп, оқушыларды пәнге қызықтырады.Оқыту кезінде оқытудың әр түрлі тәсілдерін сабақ тақырыбына сай түрлендіріп отырамын.

Танымдылық қабілетін дамытудың ең қызықты түрі ойын сабағы. Мысалы: сөйлемдегі сөздердің байланыс тақырыбын пысықтауға бес оқушыдан бір – бір топ ұйымдастырып, олардың әрқйсысына әр түрлі заттар мысалы 1 – топқа қуыршақтар, 2 – топқа еңбек сабағында жасаған зат, 3 – топқа оқулықтар жинағы деген сияқты заттар беріп, оларға бес сөйлемнен тұратын мазмұндама, өлең құрастыру тапсырылады. Бұл жердегі мақсат оқушылардың ұжым болып жұмыс істей білуіне баулу және жақсы оқитын оқушының нашар оқитын оқушыға ықпалын дамыту.

Тапсырманы оқушылар өте қызыға орындайды. Және талқылау жұмысы да сәтті шығады. Оқушылардың ойлау қабілеттерінің дамуына зор ықпал ететін жұмыс қатемен жұмыс. Мысалы: Жаздың күні далада қар жауып тұр. Қыстың күні далада қар тез еріп кетеді. Деген сияқты сөйлемдерді дұрыс жазып, ондағы сөйлем мүшелерінің дұрыс байланыспағанын оқушылар дауласа, қызыға талдап дұрыс мағынасын табуға тырысады.

Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру үшін өткен замандағы билер мен ақын жазушылардың тағылымды сөздерін сабақта пайдалану арқылы олардың ата – бабаларына құрметпен қарауына, сөздік қорын байытуға, жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін оята отырып, шешендік сөздерді осы бастан санасына сіңіруді мақсат етіп қоямын.

  • Жаңбыр жаумаса жер жетім,
  • Басшысы болмаса ел жетім,
  • Ұқпасқа айтқан сөз жетім.

деген ұлағатты сөзін оқушылар арқылы талқылай келе сабақ тақырыбы сөйлемдегі сөздердің байланысына ұластыру сабақ тиімділігін арттырады.

Сонымен, оқушылардың пәнге қызығушылығын, шығармашылық, логикалық ойлауын, білім сапасын арттыруда сабақта қолданған әдіс – тәсілдерді ескере отырып, сабақ барысында алға қойған мақсатым.

  • Оқушылардың ой – өрісін дамыту. Саналы ойлана білуге машықтандыру.
  • Танымдылық қабілетін дамыту
  • Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу
  • Ойлау қабілеті мен сөздік қорын молайтуға түрлі дағдылар мен шеберлікті меңгертуге баулу.
  • Практикалық жұмыстар жүргізуді ұштастыра білу деп ойлаймын.

Қорыта келе, пікірлес әріптестер, осы тиімді жолдарды қазақ тілі сабақтарында өзге ұлт өкілдеріне қолдана білсеңіз, деңгейлік оқудағы жеті модульге негізделген сабақтарды жүйелі ұйымдастыра білуге болады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журналы №7-8 2015 жыл
  2. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Назарбаев зияткерлік мектебі» 3-деңгей
  3. Досымбекқызы Ж. Жаңа кезендегі қазақ тілін оқытудың басты бағыттары. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде»-Алматы №6,2005 жыл

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *