Өмірдегі кереметтің бәрі ұстаздан

Өмірдегі кереметтің бәрі ұстаздан

«Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін
алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын –
мұғалімдердікі» М. Жұмабаев.

Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты. Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздар еңбегінің жемісі.
Жаңаша оқыту жүйесі заман талабына жатады. Оқыту үдерісінде өзгеріс енгізілмесе, нәтиже де болмайтыны белгілі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 6 сәуірден бастап жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкені баршамызға белгілі. Қашықтықтан оқыту оқу жүйесіндегі жаңа формат болғандықтан, алғашында қобалжу болғанын мұғалімдер қауымы жасырмайды. Ұстаз бен ата-ана және шәкірт бірлесе жұмыс жасай отырып, бұл олқылықтың да орнын толтыра білдік.
Орыстың педагогтарының бірі К.Д.Ушинский заман талабына сай, әрбір ұстаз өз білімі мен біліктілігін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды күнделікті білім беру барысында қолданса, өткізілетін сабақтың тиімді, қонымды болатындығын айтқан болатын.
Білім беру саласының қашықтықтан оқыту форматына көшуі жаңа режимде жұмыс істеу педагогтер үшін де, балалар үшін де оңай болған жоқ. Алағашқы кезеңде оқушылар қалай жұмыс жасайды екен? Әсіресе бастауыш сынып оқушылары қалай болады екен? Соның ішінде бірінші сынып оқушылары қалай жұмыс жасайды? -деген сауал, барша ата- аналар мен ұстаздардың бойын қорқыныш пен үрей баулаған болатын. Алайда оқушылар ата- аналардың көмегімен екі аптадан кейін қалыптасып алды. Үшінші аптадан бастап оқушылар өздері берілген тапсырмаларды орындап интернет платформасы арқылы кері байланыс жасап отырды. Оқылым, айтылым жұмыстары аудио және видео жазбалары арқылы іске асырыла бастады.
Барлық ұстаздар шәкіртінің жан дүниесін жақсы түсініп, оқу күнінің әр күнінде үнемі ата-анамен байланыста болды. Осындай қарым-қатынас орнағаннан бері мұғалім ,ұстаз,оқушылар арасында ұжым бірлік артып , балалар да өздерінің оқуы үшін жауапты екенін тереңірек сезінді. Таңертеңнен бастап, баламен ақпараттық хабарлап оқыту әдісімен сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып, олармен кері байланыс орнатылып,түсіндіру жұмысы кеңінен жүргізілгендіктен , мұғалім мен оқушы арасында тамаша тұтастық пайда болғаны айдай анық.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауға зор мүмкіндік алады.
Қорыта келе айтарым қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы
үшін өте жоғары. Ұстаздарымызға орасан зор атқарған істеріне, олардың жылдам әрі жүйелі түрде жұмыс жасағандарын, мұғалім, оқушы, ата-ана –”үштік одақ” боп сабақ оқытқандарын айта отырып, мұғалімнің сабағын бірден қабылдап ала алмаған балаларымызға қашықтықтан оқуда көз майын тауысып, ерінбей-жалықпай үйретуден талмаған ұстаздардың ерен еңбегін елемесек болмайды. Бұл орасан зор еңбек.
Барлық ұстаздар қауымына жазғы демалыстарыңызды отбасыларыңызбен жақсы өткізіп, жаңа оқу жылында жаңа күш жігерлеріңізбен оралуларыңызға тілектеспін. Білім әлеміндегі шығармашылық ізденістеріңіз, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін дегім келеді.

Қарағанды қаласы «№103 мектеп-лицей»КММ
бастауыш сынып мұғалімі: Омирбаева М.Р.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *