(Ұ) (С) Дереккөз. «Ақпарат желісі» әдісі.
Тапсырма:Суреттерге қара жануарларды салыстыр,олардың ұқсастығымен айырмашылықтарын атайық.

Дескриптор:
-жануарларды атайды
— жануарлардың класын анықтайды.
ҚБ: Тамаша! Жарайсыңдар!
(Ұ) (С) Диалог және қолдау. «Ұқсастықтарын тап»әдісі

Тапсырма:- Суреттерге қарап жануарларды салыстыр. -Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ата?
Дескриптор:
— Суреттерге қарап жануарларды салыстырады.
— Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атайды.
ҚБ: Өте жақсы! Керемет!
(Т) «Дене мүшелері ұқсас бөлігін тап»әдісі
— Ара мен құмырсқаның дене мүшелерін салыстыр.
— Олардың қандай ұқсастығын байқадың?

Дескриптор:
— Ара мен құмырсқаның дене мүшелерін салыстырады.
— Олардың ұқсастығын анықтайды.
ҚБ:«Үш шапалақ» арқылы қолдау көрсету.
Дәлелдеме.Бунақденелілердің денесі үш бунақтан тұрады:бас,кеуде және құрсақ.Осыған байланысты оларды бунақденелілер деп атайды.Барлығының алты аяғы мен мұрты болады.
(Т) (С) Тапсырма бойынша:
А- деңгейіне: «Суреттер сөйлейді»әдісі.
Тапсырма:
— Берілген сөздерден мақал құрастып жаз:
бұзба,ұясын,құстың.
— Құстарды сақтаудың маңыздылығын анықтап,сурет бойынша әңгімеле.

— Құс пен ұяның өзара байланысты болуының себебі неде?
-Құстарды қалай қорғайсың?
Дескриптор:
— Берілген сөздерден мақал құрастырады.
— Құстарды сақтаудың маңыздылығын анықтайды,сурет бойынша әңгімелейді.
В — деңгейіне: «Зуылдақ» әдісі.
— Өзіңе таныс жануарды таңда,ол туралы әңгімелеп бер.

Дескриптор:
— Өздеріне таныс жануарды таңдап,ол туралы әңгімелеп береді.
С — деңгейіне: «Зерттеу» әдісі.
(Т) Тәжірибе жасау
Тапсырма:
Балығы бар аквариум алыңыз.
Балықтың қалай қоректенетіндігін зертте.
Сүзіге балықты алып көр, ол қандай күйде болады?
Не байқадыңыздар, жазыңыз.
Коректі шашыңыз, балықтардың әрекеті?
Не байқадыңыздар, жазыңыз.
Қорытынды жазыңыз.

Дескриптор:
— Балықтың қалай қоректенетіндігін зерттейді
Сүзгіге балықты алып көреді, ол қандай күйде екенін зерттейді..
Нәтижесін жазады.
Коректі шашады балықтардың әрекетін жазады
Қорытынды жазады..
.
Тіктеп титтей құлағын,
Ботам былай жүреді,
Сыртылдатып тұяғын,
бұзау оған ереді.
Алға созып мойнын,
ойнақтайды ботақан,
Көкке қарай мұрынын
шүйіреді бұзауқан.
(Ұ ) (С)Талдау.
Жануарларды топтастыр.
Тапсырма.Сурет нөмірлерін кестенің дұрыс бағандарына орналастыр.
І топ: сүтқоректілер мен құстар.
ІІ топ: бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер.
ІІІ топ: балықтар, бунақденелілер

Дескриптор:
-сурет нөмірлерін кестенің дұрыс бағандарына орналастырады
(Т) (С)Қарқын.
Тапсырма: Жануарларды сәйкестендір.

Дескриптор:
-жануарларды атайды
— жануарлардың класын анықтайды.
Қосымша тапсырма:
(Ө) Дәптермен жұмыс. «Тауып көр» әдісі
«+» таңбасымен тек бунақденелілерді белгіле.
Қанша бунақденеліні таптың?

Дескриптор:
— «+» таңбасымен тек бунақденелілерді белгілей алады.
— Бірнеше бунақденелілерді таба алады.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма
Бағалау критерийі:
—Жануарлардың белгілі бір ортаға қарай бейімделе тіршілік ететінін түсіндіреді.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану.
Тапсырма:
— Суреттерге мұқия қара.Қай жануар қай жерде тіршілік етеді? Сәйкестендір.
— Жануарлар сол ортаға қалай бейімделеді?
Топта ой бөліс.

Дескриптор:
— Жануарлармен олардың тіршілік ортасын сәйкестендіреді.
— Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі жолдарын түсіндіреді.
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі бойынша бағалау.

|