“Ата – аналармен тіл табысу жолдары” Тәрбиешілерме іс-тәжірибе алмасу

 

 

 

 

“Ата – аналармен тіл табысу жолдары” Тәрбиешілерме іс-тәжірибе алмасу

 

 

Серажова Айнагул Сапаровна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әңгімені айтып қана қоймай, тыңдау да – үлкен өнер. Және осы қасиеттің көмегімен кез келген адамды баурап ала аламыз. Ол үшін, ең алдымен, әңгімелесушімізге қызық тақырып ұсынуымыз керек. Ол қызық тақырып әңгімелесушінің өзімен тікелей байланысты болуы тиіс. Енді нақты мысалдар келтірейік:

 

  1. Әңгімелесушіңіздің өзі туралы айтып жатқанын аса қызығушылықпен тыңдап, оған ұзақ сөйлеуге мүмкіндік беріңіз.Кей адамға Қазақстандағы қарттар үйінде қанша адам бар екендігінен, өзінің бетіне шыққан безеуді кетіру мәселесі маңызды болуы мүмкін. Егер әңгімелесушіңізге, расымен де, қызығатын болсаңыз, 4 аптаның ішінде 10 жыл бойы жинай алмаған достарға ие боласыз.

 

  1. «Мен», «менің», «маған» сөздерін «сіз», «сіздікі», «сізге» сөздерімен алмастырыңыз.

 

Еш уақытта төмендегідей сөз айтпаңыз:

 

«Мен өзімнің жобамның өте қызықты екенін білемін. Себебі адамдар үнемі маған кеңестерім үшін рақмет айтады».

 

Орнына былай айтыңыз:

 

«Бұл жоспарды жүзеге асырған соң табысыңыздың нәтижесі сізді таң қалдырады. Аталған жоспар сізге және сіздің отбасыңызға көп көмегін тигізеді».

 

  1. Сұрақты әңгімелесушіңіз өзі туралы мәлімет айтатындай етіп қойыңыз.

 

Сіз қалай демалдыңыз?

 

Өзіңіздің мансап жолыңызды қалай бастаған едіңіз?

 

Балаңыз жаңа мектепке үйренді ме?

 

Сіздің ойыңызша, әлемдегі ең әдемі қала қайсы?

 

… (Кез келген нәрсе) туралы не ойлайсыз?

 

Ең бастысы, адамдарды сіз де, мен де қызықтырмайтынын біліңіз. Оларды тек өздері ойландырады. Ал егер бұл жағдай сізді мұңайтса, сезіміңізді жеңуге тырысыңыз.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *