Қазақстан – Республикам менің
Бимагамбетова Жанар Жанболатқызы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне сай ұйымдастырылған тақырыптық оқу қызметі
Тақырыбы: Қазақстан – Республикам менің
Мақсаты:Егемен еліміздің рәміздерін қастерлеуге,Отан сүюге,туған жерінің,туған елінің патриоты болуға тәрбиелеу.Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау. Балалардың білімдерін сұрақ-жауап, ойын арқылы кеңейту, көркем сөз және ән, әңгімелер арқылы олардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру, музыка тәрбиесі арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін, шығармашылық белсенділігін арттыру.
Қолданатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру. Сұрақ – жауап,әңгімелесу
Оқу қызметінің
кезеңі |
Тәрбиешініңіс- әрекеті | Балалардың іс- әрекеті |
Мотивациялық
қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Қуан шаттан алақай, Қуанатын келді күн, Қайырлы таң,қайырлы күн, Күліп шықты күн бүгін, Сәлеметсізбе,есенсізбе,амансызба Бәріміз күндей жарқырайық,бәріміз тату болайық, Қолымызданұстайық жылулықты алайық, Еліме тыныштық тілеймін,Күніміз жарқын болсын ,аспанымыз ашық болсын, Көк туымыз биік болсын! |
Балалар қол ұстасып шеңберге тұрады:бірге тілек сөзін қайталайды. |
Іздену- ұйымдастырушы | -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Дұрыс балалар аққала жасап ойнаймыз. : Балалар бүгін 16 желтоқсан егеменді еліміздің тәуелсіздік мерекесі.
Шырқап көкке аспан-ән, Болашаққа бас қадам. Қазақ рухын биіктет, Ей,бас қала – Астанам Нұрсұлтан!
Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді.Қайсар,батыр аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болдық.Өзіміздің Желбіреген Туымыз,Әнұранымыз,Елтаңбамыз бар. Қазақ деген қалың жұрт Бәрін кешті басынан Тәуелсіздік туыңды Биік көтер жас ұлан! Қазақстан – өте үлкен республика.Оның табиғаты алуан түрлі, жері бай. Талай қиындықтарды бастан кешкен қазақ халқы бүгінгі күні – егемендікке қол жеткізіп отырған ел.Біздің мемлекетімізде көптеген ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүруде. Орыс, қырғыз,украйн,өзбек …. Әуен ойнап топқа Орыс ұлт өкілі келеді. Амандасады. Қандай мереке тойлап жатырсыңдар. Мен Қазақстан елі туралы білгім келеді. Ел ордамыз қай қала? Елбасымыз кім? Призеденттіміз кім? Рәміздерді атайықшы?Ия балалар әр елдің ерекщелігін білдіретін ән ұраны ,елтаңбасы, ттуы болады.Балалар үлкен мерекелерде салтанатты жиындарда туымыз көтеріліп,ән ұранымыз орындалады.Осы рәміздерді үлкен де кішіде құрметеп жоғары ұстауы тиіс.Ал ән ұранды балабақшадан бастап жатқа айтып жүрміз.Сендерде елтаңба мен туды әр қашан қастерлеуге тиіссіңдер. Балалардың қандай өнері бар? Біздің балалар сізге тақпақтар айтып бергісі келіп тұр
Ән «Елтаңбасы елімнің» Ойын «Тақия тастамақ»
Ән :«Егемен ел – Қазақстан» Балалар мен сендер арқылы көп мағлұмат алдым меніңде кететін уақытым болыптысау болыңдар!
|
-Қыс
-Күн салқындап аязды,боранды боады.Балалар шана,коньки теуіп ойнайды.
Тыңдайды
Амандасады.
Қазақстан елінде Нұрсұлтан қаласы Н.Ә.Назарбаев Қ.К.Тоқаев Әнұран,ту,елтаңба
Отан деген – атамекен, Отан деген – туған жер, Отан – ана, Отан – үлкен, Қазақстан туған ел.
Ұланымын елімнің Болам жігіт зор әлі, Қазақстан жалауын Көтеремін жоғары. Орындайды Шеңберге отырады.
Сау болыңыз |
Рефлексивті қорытындылаушы | -Балалар бізге қонаққа кім келді?
Ия біздің ата – бабамыз ұлы мен қызын болашақта білімді,ал елін тәуелсіз мемлекет болуын армандады. Қонақтарға сау болыңыз айтайық |
Орыс ұлты келді
Сау болыңыз |
Нені біледі: Тәуелсіз ел екенін, Туымыз,әнұранымыз,елтаңбамызды жоғары ұстау керектігін.
Нені игерді: Көптеген ұлт өкілдері тату – тәтті өмір сүріп жатырғанымыз.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сұрақтарға толық жауап беру,ойын ережесін бұзбау.