Іскерлік ойын: «Тапқыр тәрбиешілер»

Менлибаева Дана Даулетовна

“Қарлығаш” бөбекжай-бақшасы

Мақсаты: Қатысушылардың қарым – қатынасын оңтайландыру, психикалық көңіл – күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай отырып, ойлау қабілеттерін дамыту.

Құрметті әріптестер  және сайысқа қатысушы сайыскерлер!

Бүгінгі кеш – қызықты кеш,

Көрермендер халайық.

Ми – түйсікті қозғап қазір,

Биікке қанат қағайық!

Қай іс – шара болсын өжет, тапқыр адамдардың қатысуынсыз өтпейді. Сондықтан біз бүгінгі «Тапқыр тәрбиешілер» атты психологиялық жиынымызды сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық. Әрине бұл сайыс болғандықтан оның міндетті түрде жеңімпазы болады. Ойынға қатысушы сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.

Ал құрметті, қонақтар!

Ортаға назар салайық.

Сайыскерлерді қошеметтеп,

Қол соғып қарсы алайық, – дей отырып, сайыскерлеріміз жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар өрендер «лидерлер» мен «ойшылдар» тобын ортаға шақырамыз.

 

Сайысымыздың әділ – қазылар алқасын таныстырып өтейін:

«Лидерлер» командасына:

1.

2.

3.

4.

 

«Ойшылдар» командасына

1.

2.

3.

4.

 

Ал енді сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін. Сайыс 6 кезеңнен тұрады:

1.«Менің командам». Әр команда өз  команда мүшелерін таныстырып, мінездеме беріп шығады.

  1. «Ертегі сахналау»
  2. Логикалық сұрақтар
  3. Тәрбиеші мамандығына байланысты сұрақтар
  4. «Суреттен танып, біл!»
  5. «Мен суретшімін» Топтық жұмыс
  6. «Шатасқан әріптер»

 

Барлық кезеңдегі жауаптарға команданың капитаны алдарыңыздағы қызыл белгіні көтеріп жауап беріңіздер. Оны көтермей жауап берілсе ұпай болып саналмайды.

 

1.«Менің командам».

Нұсқау: Әр команда өз  команда мүшелерін таныстыру арқылы мінездеме беріп шығады.

Әділ – қазы алқасы  ұпай санын береді.

 

  1. «Ертегі сахналау»

Нұсқау: Берілген карточкадан бір – біреуден таңдап алып, сол карточкада берілген ертегі желісі бойынша берілген көрнекіліктер арқылы ертегіні сахналап шығу.

Әділ – қазы алқасы  ұпай санын береді.

 

  1. Логикалық сұрақтар

*Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен
тұрса қанша кг?
(3 кг)

*Қай айда 28 күн бар?
(Барлық айда)

*Мені ешкім түсінбейді, неге?
(Өйткені ол ешкі ғой)

*Лимонның жартысы неге ұқсайды?
(Екінші жартысына)

*Король кімнің алдында тәжін шешеді?
(Шаштараздың)

*Аяқкіим жөндеушілердің ең жақсы
көретін клиенті?
(Қырықаяқ)

*Құлақ не үшін керек?
(Көзілдірікті ұстап тұру үшін)

*Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк
машинаны бір қолымен кім тоқтата
алады?
(Жол полициясы)

*Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі?
(Ұзынағашта)

*Бір бөлмеде 9 свеча жанып тұр, үшеуін
сөндірсек қаншауы қалады?
Үшеуі қалады, қалғандары жанып,
таусылып жоқ болады

*Елімізде талдармен жасалған қорған қай
қалада?
(Талдықорғанда)

*Есікті ашу үшін не қажет?
(Есіктің жабық болуы қажет)

*Жеген сайын жылататын нәрсе?
(Таяқ)

*Алма жегенде ішінен құрт көруден де
жаман не болуы мүмкін?
(Құрттың жартысын көру)

*Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? Ауылға бір ғана мотоцикл бара жатыр.

Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жоғарықарай.

Әділ – қазы алқасы  ұпай санын береді.

  1. Тәрбиеші мамандығына байланысты сұрақтар

 

1.Мектепке дейінгі мекемелер бағынатын құжат? (стандарт)

  1. Жуыну, тамақтану, үстел жасау, асхана, табиғат бұрышындағы жұмыс – бұл барлығы қалай аталады? (Тәртіптік кезең)

3.ҚР «Білім туралы» заң? (2007 ж 27 шілдедегі №319 заңы)

  1. «Өзіз-өзі тану» бөлімі қай саладан? (Әлеумет)

5.Баланың білімін анықтайтын қорытынды сараптама қалай аталады? (индикатор)

6.Қауіпсіз мінез – құлық негіздері қай білім беру саласына жатады? (денсаулық)

 

Әділ – қазы алқасы  ұпай санын береді.

  1. «Суреттен танып, біл!»

Нұсқау: қатысушыларға ақын жазушылардың үлкен суреті берілген сол суреттегі адамның кім екендігін табу. Сұрақ қойылғанда қайсы топ қызыл белгіні көтерсе сол топқа ұпай саны беріледі.

 

Әділ – қазы алқасы  ұпай санын береді.

 

  1. «Мен суретшімін» Топтық жұмыс. Берілген тақырып бойынша ватманға сурет, схема түрінде салынып, қорғалады.

Тақырыбы: «Болашақтағы армандаған балабақшамыз»

«Лидерлер» командасына

«Ойшылдар» командасына

 

  1. «Шатасқан әріптер»

Нұсқау: Екі топтың қатысушыларын үстелге отырғызып, алдарына әртүрлі қиылған әріптер беріледі. Қатысушылардың көздері байлаулы болады. Жұмбақ жасырылған кезде эауабын тауып сол әріптермен құрастыру қажет.

Қайсы топ бірінші құрастырса сол топқа ұпай саны беріледі.

 

Әділ – қазы алқасы  ұпай санын береді.

 

Құрметті әріптестер, осымен біздің сайысымыз аяқталуына жетті. Енді әділ – қазы алқасының шешімін күтейік. Олар өз шешімін шығарғанша, мына сергіту ойынын ойнауды ұсынамын.

 

«Жіптік курс»

 

«Мимика»

Нұсқау: Әртүрлі жануарлардың суреті бейнеленген атрибутты қатысушы капитанға көрсетпей басына кигізіліп қойылады. Ал топтағы қалған қатысушылар сол жануарды сөйлемей ым ишарамен жүріс тұрысын мимика арқылы салады, ал капитан соны табуы қажет.

 

«Аю мен аралар» ойыны.

Педагогтартар топтасып жұмыс жасау қабілеттерін тағы бір тексеріп көрейік. Әр топтан бір «Аюды» таңдайды, қалғандары «Аралар» болады. Аюды залдың сыртына шығарып, жүргізуші «балды» тығып қояды. Содан кейін «Аю» кіріп, «балды» іздейді, «аралар» тек қана «ж-ж-ж» деп дауыстап көмектеседі. «Аю» «балға» жақындай бергенде, «аралар» «ж-ж-ж» деп қуанып қатты дауыс шығарады. А «аю» «балдан» басқа жерге кетсе «ж-ж-ж» деп ашуланып дауыс шығарады.

 

Әділ – қазымүшелері ұпайларды санап, жеңімпаздарды айтады. Жеңімпаздарды марапаттау, қатысушыларға қатысқандары үшін алғыс хат беріледі.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *