«Заттарды көлеміне қарай екі топқа бөлу»

Берекетова Талшын

Байқампаздар әлемі .

Тақырыбы:  «Заттарды көлеміне қарай екі топқа бөлу»                             

Мақсаты: Балаларды көлемі әр түрлі, түсі бірдей тостағандарды (үлкен, кіші) екі топқа бөлуге үйрету. Тостаған дөңгелекке ұқсайтынын түсіндіру. Заттарды өзара салыстыра білуді меңгерту.

 

Оқу ісәрекетінің кезендері          Тәрбиешінің іс  әрекеті     Балалардың

      ісәрекеті

Мотивациялық қозғаушылық Тәрбиеші балаларды сабаққа ұйымдастырып, жаңа сабақпен таныстырады.

Ал бүгін сабақта үлкен және кіші тостағандарды екі топқа бөлеміз.

 Балалар тәрбиешінің жаңа тақырыпты түсіндіргенін мұқият тындайды.
Ұйымдастырушылық

ізденістік

Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды.

қымызханада болғандарың барма?

Ол қандай болады?

Мынау тостаған, ол дөңгелек болады. Халқымыз тостағанды қымыз ішу үшін пайдаланған. Үлкен және кішкене дөңгелектерді салыстырады.

Жаңылтпашты балаларға қайталату.

Тас тостаған,

Тас тостаған ішіне

Тас тастаған.

Балалар қымызханада болса соны айтады, тостағанның дөңгелек болатынын айтты. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша үлкен және кіші тостағандарды ажыратты.

 

Жаңылтпашты тәрбиешімен бірге қайталады.

 

 

Рефлексиялық түзетушілік Тәрбиеші балалар жауабынан соң бірекі баланы қасына шақырып, үстелде тұрған тостағандарды топтауға тапсырма береді.

Дидактикалық ойын: «Қайсысы үлкен?»

Тостаған мен теңгенің қайсысы үлкен, кіші екенін салыстырады.

 Үстел басына келіп тостағандарды топтастырады, үлкендерін бір бөлек және кішілерін бір бөлек.

Балалар ойынға қызығушылық танытты.

 

Күтетін нәтижелер:

Нені біледі: Заттарды көлеміне қарай топтастыруды

Қандай түсініктерді игереді: Үлкен және кіші деген ұғымдарды.

Меңгеретін дағдылары мен іскерліктері: Заттарды өзара топтастыра біледі

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *