«Шертпе күйдің орындалу әдіс-тәсілдері. Сүгірдің күйі «Шалқыма»»

Домбыра пәні бойынша ашық сабақ

20.10.2020.

Пән: Домбырашылар ансамбілі. 5 сынып оқушылары.

Тақырыбы: «Шертпе күйдің орындалу әдіс-тәсілдері. Сүгірдің күйі «Шалқыма»».

Оқытушы: Зайнуллинова Айгуль Есентаевна

Мақсаты:

  • Оқушылардың музыкалық көзқарасын кеңейту және тереңдету
  • Орындау шеберлігін арттыру

 

Міндеттері:

  • Музыкалық тәрбие беру, техникалық және мәнерлік ерекшіліктерін игеру, көрсету
  • Шертпе күйде кездесетін қағыстарды аспапта орындау арқылы оқушының жеке және ұжымдық қасиеттерін ашу,
  • Ансамбілде есту қабілетінарттырып, жалпы үндестікке қосылып орындау;
  • Ұлттық күйшілік өнерді, ішінде шертпе күй өнерін оқушының бойына дарыту.
  • Халқымыздың асыл мұрасын оқушыға музыка тілімен жеткізу;

Сабақ жоспары:

  1. Аспаптарды келтіру
  2. Сүгірдің өмірбаяны
  3. Шалқыма күйі туралы мәлімет
  4. Кездесетін әдіс-тәсілдерді талдау
  5. Ансамбльмен бірге орындау

 

Сабақтың көрнекілігі:

  • Музыкалық аспаптар
  • Куйлердің нота жазбалары
  • Үнтаспа
  • слайдтар

 

 

 

 

 

Сабақ барысы:

  1. Үй тапсырмасы: Сүгір «Шалқыма»
  2. Композитордың өмірбаяны
  3. Орындалатын күй туралы қысқаша түсінік
  4. «Шалқыма» күйін Ж. Жүзбаевтың орындауында үнтаспадан

тыңдау(3,20 мин)

  1. Күйдің орындалатын әдіс –тәсілдерін талдау
  2. Бірге қосылып ойнау

 

 

Сабақ беру әдістемесі:

Қайырлы күн, Құрметті әріптестер. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Шертпе күйдің орындалу әдіс-тәсілдері. Сүгірдің күйі «Шалқыма»».

Балаларды музыкалық шығармашылыққа тәрбиелейтін, әрі оқытатын өте күшті құрал — балалардың музыкалық аспаптардағы ұжымдық ойыны. Ансамблде ойнау – тәртіпке үйретеді, жауапкершілік сезімін дамытады, музыкалық қабілетті жетілдіреді, жүйкенің нәзік қызметіне жауапты психикалық механизмдерге жұмыс істеткізеді және жаттықтырады. Ұжымда ойнағанда баланың жауапкершілігі артады. Ноталық мәтінді жақсылап жаттап , пысықтауға, жетекшінің талаптарын дұрыс орындауға, өз аспабының үнінің сапалы шығуына қол жеткізуге тырысады.

Орындалатын шығарма туралы балаларға әңгімелеп беріп, композитордың өмірбаянымен  таныстыру қажет.

 

Сүгір Әлиұлы(1882-1962)

Сүгір Әлиұлы 1882 ж Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Кеңшар деген жерде туып, 1962ж.  сол жерде дүниеден  озған. Сүгір бала кезінен өнерге бейім болған. Ежелден жырдың, әннің, күйдің туын тіккен өнерлі өлкеде Қорқыт бабамыздың күй дәстүрін қобызды Ықылас Дүкенұлы жалғастырса, Ықыластың өнерін домбырада Сүгір жалғастырды, одан әрі дамытты. Асқан домбырашы, дарынды композитор Сүгір күйшілік өнерде тың арна салып орындаушылық мектеп қалыптастырды.  Қазақ музыка мәдениетінің барлық жетістіктерін бойына жинаған Сүгір өзіндік стильдік ерекшеліктерімен дараланып тұрады.

 

 

 

 

Сүгір күйлерінің орындаушылық  әдіс амалдары:

  1. Қара шертіс (төрт саусақпен шерту арқылы)
  2. Дара шертіс «даралап әр ішекті кезек-кезек ойнау)
  3. Іліп қағу (сұқ саусақпен іліп ойнау)
  4. Төгіп қағу (білезік буынмен ойнау)
  5. Лига (іліп қалу, серпіп басу)
  6. Форшлаг (әуенді дыбыстық безендіру, негізгі дыбыстан кейін алынатын бір -неше қысқа дыбыс)

Сүгір күйлерін насихаттау, кейінге жеткізу бағытында айырықша еңбек сіңірген дүлдүл домбырашы Т. Момбеков. Одан кейінгі жеткізу жолында Жүзбаевтар әулетінің үлесі көп.

«Шалқыма» күйі

Шалқыманың бұл нұсқасын орындаған шертпе күйдін шебері Жанғали Жүзбаев. Т. Момбековтың орындаған нұсқасымен салыстырса орындаушылық интерпретация анағұрлым өзгеше. Сүгірдің «Шалқымасы» адам көңілінің шалқып отырған шағынан әсер береді. Арасында толғаулы, тебіреністі келетін екінші әуен шалқыған әуенді алмастырып сабасына түсіріп отырғандай болады. Шалқыма әуенге аса бай, төгіліп отыратын, қомақты шығармалардың бірі.

Дамыту кезеңі:

  1. «Шалқыма» күйінің өлшемі бірқалыпты деуге болады 2/4(бір жерінде 5/8 кездеседі)
  2. Орташа, шалқыта екпінде орындалады
  3. До диез, фа диез альтерациялық белгілер кездеседі
  4. Күйдің формасы: бас буын- орта буын- кіші саға- үлкен саға -бас буын(дара шертіс)-орта буын(қайталау)- бас буын (соңы).
  5. Күй қара шертіс, дара шертіс, лига, тұтып алу, форшлаг сияқты әдіс амалдарымен өрнектеліп, нюансқа толы ойналады.

Оқушылардың  оң қолы мен сол қол техникасының өз ара келісімділігі (координациясы) өте жоғарғы деңгейде болған жағдайда ғана, күйдің әрбір дыбысының өз деңгейінде шығу мәселесіне көңіл бөлуге болады. Бүкіл күйдің музыкалық әдемілігін беру үшін әрбір дыбысына асқан жауапкершілікпен, ерекше көңіл бөліп қарау жөн.

 

 

Қорытындылау:

Бүгінгі сабағымызды қорыта келгенде бір «Шалқыма» күйінің төңірегінде  біз Қаратау өңірі мектебінің күйші, композиторы Сүгір Әлиұлының өмірбаянымен шығармаларымен таныс болдық. Шертпе күйдің орындаудағы кездесетін әдіс-тәсілдермен таныстық.

Үй тапсырмасы:

«Шалқыма» күйінде кездесетін әдіс- тәсілдерді жаттығып шеберлікпен орындау, күйді жаттау және сезініп шертіп ойнау.

 

Назарларыңызға рахмет!

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Есенұлы Айтжан, Елеусізқызы Гүлперизат. Күй керуені 1997ж
  2. Сүгір «Қаратау шертпесі»
  3. А. Сейдімбек «Күй шежіресі»

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.