“Сүйіспеншілік мекені”

Білім беру саласы: Әлеуметтік таным.
Ұйымдастыру оқу-іс әрекет түрі: Өзін-өзі тану.
Тақырыбы: Менің есімім.
Мақсаты: балалардың өзіндік «Менің» ұғындыру, өз есімдерін саналы түсінулеріне ықпал ету, Өздерін тануға, ерекшеліктерін білуге үйрету
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: жүрекше, альбом, әр балаға қарындаштар, айна.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, әңгімелеу.
Әрекет кезеңдері
Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастыру кезеңі
Өткен сабақты қайталау
Жаңа тақырыппен таныстыру.
Балалардың назарын тәрбиешіге аудару.
Іздену ұйымдастырушы

Педагог: балалар, бір-бірімізге қарайықшы, біз бір-бірімізге ұқсаймыз ба?
Балалардың жауабын тыңдап болған соң, педагог ойды қорытындылайды.
Педагог: Ия, балалар, дұрыс айтасыңдар біздің бір-бірімізге ұқсайтын жерлеріміз көп екен. Бірақ бізді басқа баладан ажыратып тұратын, көзге көрінбейтін ерекшелігіміз бар екен, ол не? Ол біздің есіміміз екен. Әлемде есімі жоқ бір-де бір адам жоқ екен. Есім бұл сөз, бірақ ерекше сөз. Әр есімнің мағынасы болады. Біздің ата-бабамыз балаға есім таңдаған кезде ерекше назар аудаған. Олар балалары мықты, мейірімді, бақытты, көрікті болып өсу үшін есімдерін де солай таңдаған. Мысалы, мықты болу үшін батыр болу үшін Алпамыс, Батырбек деп, бақытты болу үшін Бақытжан, Бақытбек деп атаған.
«Жаңғырық» ойыны. Қазір біз бір ойын ойнаймыз. Әрқайсымыз өз есімімізді буынға бөліп, алақанымызды соғып айтамыз. Мысалы: Ай-гүл, Дас- тан, ал барлығымыз сол есімді жаңғырықша қайталап, алақанымызды соғамыз.
Жақсы, балалар, жарайсыңдар.
Міне барлығымыз есімімізді айтып шықтық. Енді кезекпен әр бала өз бойында бар, өзіне ұнайтын жақсы қасиеттерін айтып шықсын.
Педагог: балалар, сендер өздеріңнің жақсы қасиеттеріңді білетіндеріңе өте қуаныштымын. Әрбір адам қайталанбайтын дара тұлға. Әрқашан өз дара ерекшеліктеріңмен ерекшеленіп тұрасыңдар. Бұл сөздердің мағынасын түсіну үшін «Айна» жаттығуын жасаймыз. Мына қол айнаға мұқият қараймыз, өзіміздің ерекшелігімізді байқаймыз. Айнаға қарап тұрып «Мен жақсы баламын!», «Мен ерекше баламын!» деп айтамыз.
Балалар, жақсы, бірақ та өздеріңді ғана мақтап, менменшіл болып кетуге болмайды екен. Әр адамды сыйлай білу керек. Әр адамның есімі болады, жақындырыңның, достарыңның, таныстарыңның есімін білмеу – бұл әдепсіздік екен. Сондықтан адамдар бір-бірінің есімдерін есте ұстап, сәлемдескенде, қоштасқанда, бір нәрсе сұраған кезде есімдерін атап айтады екен. Қазір біз бір сайыс өткіземіз. Екі командаға бөлініп, кім көп есім білетінін тексерейік. Қай команда көп есім атаса,сол жеңеді.
Педагог: бүгін біз біздің есіміміз жайлы сөйлестік. Ал енді әрқайсымыз қағазға өзімізге визитка жасаймыз. Өз есімімізді жазып қасына сурет саламыз. Сурет дәмді немесе әдемі, немесе қуанышты зат болуы керек. (мысалы кәмпит, гүл).
Балалар тапсырманы орындап, бір біріне көрсетеді.
Жүректен жүрекке. Балалар бүгін біз есімдеріміз туралы көп айттық. Мына жүрекшені бір-бірімізге бере отырып, ата-анамыз үйде қалай еркелетіп айтанынын айтамыз.
Рефлексті коррекциялау
Қорытынды. Балалар бүгінгі сабақта не жайында әңгімелестік?
Балалардың жауаптары

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *