Құқықтық білім-баршаға

Кулиза

Мақсаты:

Білімгерлердің құқықтық білімдерін тексере отырып, жауапкершілікті  арттыру, алдына мақсат қоя білуге  баулу.  Білімгерлердің ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін  дамыту, сөздік қорларын молайту. Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың барысы :  Ұйымдастыру  кезеңі.

  1. Көрініс.
  2. Кіріспе сөз.
  3. Қонақтармен таныстыру.
  4. Слайд-материал
  5. Сұрақ – жауап.
  6. « Ой жалғау » (мақалдардың жалғасын табу).
  7. Ой талқы (маңызды тақырыптар бойынша білімгерлердің пікірлерін тыңдау).
  8. Қорытынды бөлім.

   I-бөлім. Көрініс (Құқық бұзушылық).

IІ-бөлім. Кіріспе сөз.

Қазақстан Республикасының Конституциясында – Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық , зайырлы , құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ , Қазақстан Республикасының  Конституциясының   1-бабында : «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам  және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп  баян етілген. Азаматтық  қоғам мен  құқықтық мемлекеттің  қалыптасуының басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдениетін қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам  құқығының  мәдениеті . Адам құқықтары  туралы  ақпаратпен  жүйелі  қамтамассыз  етудің  қажеттілігі  маңызды  екенін  ескерсек , онда бұл салада  адам  құқығы  мәдениетін  қалыптастырудамаңызды  құралдардың  бірі – білім  беру  ұжымдары  десек  қателеспейміз. Қоғамның  ең  өзекті  мәселелерінің  бірі  – қылмыстың , құқық  бұзушылықтың алдын алу. Бұны  бүгінгі  таңда  барлық  деңгейдегі  шенеуніктерден  бастап , құқық  қорғау  органдары  қызметкерлері , ұстаздар мен  ата- аналар , азаматтарда  түсінуде .

Құқық  бұзушылық  жөнінде  «Құқық бұзушылық  дегеніміз – адамның  қоғамға, мемлекетке  немесе  жеке  тұлғаға  зиян  келтіретін , соңы  заң  алдындағы  жауаптылыққа  апаратын  құқыққа  қайшы  әрекеті  немесе  әрекетсіздігі» , – деп көрсетілген. Қоғамда  тәртіп  орнамаса, ол  құлдырайды, яғни  келешегі  болмайды . Бұл  бәрімізге  белгілі  және  оны  жақсы  түсінеміз. Дегенмен,  қоғамда  қоғамдық  тәртіпті  бұзуға  бейім  азаматтар  да  кездеседі  және  бұл – құқық  бұзушылықтың  орын  алуына  әкеп  соқтырады , сондықтан  құқық  бұзушылық  – қоғам өміріне  тән  қауіпті  дерт . Құқық  бұзушылықтың  себептеріне  қатысты  ерте  заманнан  осы  күнге  дейін  әр  түрлі  пікірлер  айтылып  келеді .Солардың  ішінде  құқықтық  нормаларды  бұзуына  ең  алдымен  әлеуметтік  және  биологиялық  жағдайлар  әсер  ететінін  байқауға  болады . Жастар  арасында  құқық  бұзушылықтың  алдын  алуға , қоғамдық  тәртіпті  сақтауға , заңды  жауапкершілікті   сезінуге  өз  үлесін  қосатын , атсалысатын  суъектілердің  бірі – оқу  орындары  болып  табылады. Оқу орнында  жасөспірімнің  азаматтық, патриоттық, адамгершілік, салауаттық, құқықтық, мәдени, шығармашылық т.б.  қасиеттерін  дамыту  және  қалыптастыру  процесі  жүзеге  асырылады . Бұл  ұжым  мүшелеріне  үлкен  жауапкершілік  пен  міндет  жүктейді . Құқық  бұзушылық  пен  келеңсіз  жағдайларды  барынша  болдырмау  және  алдын  алу ,  оның  зияндылығы  мен  қауіптілігін  түсіндіруде – өскелең   ұрпаққа  құқықтық  тәрбие  беру,  оның   мақсат – міндеттерін дұрыс  түсіндірудің  маңызы  ерекше .

Құқықтың тәрбие негізгі отбасынан басталады. Білімгерлердің тәртіп бұзудың бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы:маскүнемдікпен күн өткізген,ұрыс-керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен теріс жолға барып қалғысы келетін отбасылар бар. Осындай отбасында өскен балалардың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тәрбиеленген бала өзімшіл болады, қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады.

Жастарды құқықтық  салауаттылыққа  тәрбиелеу – олардың  қылмысқа  ұрынбауына, өздігінен  өмірдегі  мәселелерді  шешуде  дұрыс  шешім  қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз  жағдайлардан  тартынуына, қоғамға  пайдалы  іспен  шұғылдануларына  жәрдемдеседі .Көп  ұлтты  тәуелсіз  мемлекетті  нығайту , өскелең  ұрпаққа  адамгершілік , патриоттық , азаматтық  тәрбие  беру  біздің  баршамызға  міндет  екенін  өмірдің  өзі  дәлелдеп  отыр . Құқықтық  тәрбиені  ұстаздар  қауымы  ата-аналармен, құқық қорғау  органдары  қызметкерлерімен, салауаттылық  және  денсаулық  сақтау  мекемелерімен , спорттық  ұйымдармен , қоғамдық  бірлестіктермен  бірлесіп , тәрбиенің  өзге  түрлерімен  байланыстырып  жүйелі  жүргізер  болса, нәтижелі  болмақ. Оқу  орны  мен  отбасында балалар  әлеуметтік  іс – әрекеттің  алғашқы  дағдыларын  қалыптастырып  адамгершілік , әдеп , заңды  мінез – құлық, орынды  әрекет – қылық, құқықтық  нормаларды  меңгере  бастайды. Құқықтық  тәрбие  беру  баланың  жеке  тұлғасын  қалыптастырып, олардың  бойына  жоғары  идеялық  пен  қоғамдық  меншікке  қатынасты  көзқарасты  дарытудың  асыл  міндеттерін  атқарады . Мемлекетіміз  жастарға  құқықтың  тәрбие  беру  ісіне  үнемі  маңыз  беріп  келеді. Қазақстан  заңдарына  терең  құрмет  сезімін  қалыптастыру , оларды  сөзсіз  сақтау  және  орындау – ұзақ уақыт  тәрбие  жұмысын  жүргізудің  жемісі. Көбіне  құқықтық  сананың  төмендегі, материалдық  және  рухани  игіліктердің  не  екенін  жөнді  түсінбеушілік  қоғамға  жат  қылықтарды  туғызады.  Сондықтан  да  әр оқушының  санасына  құқықтық  нормаларды  жеткізу, жеткізіп  қана  қоймай  оның  күнделікті  мінез – құлық  нормасына  айналдыру  үшін  күресу  құқықтық  тәрбиенің  міндеті  болып  табылады.                                                     Заңды білмеу-құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құткармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет білімгерден  жан-жақты құқықтық білімдерді талап етеді. Адамның құқықтық мәдениеті-күрделі психологиялық құбылыс.Бұл құбылыс қоғамның ,мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі –орынды тәртіп пен мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.

Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз – орынды тәртіп пен мінез-құлқы, жан-жақты құқықтық білімдері мен заңды құрметтеу, құқықтық қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.

Құқықтық құрметтеу, әділдікті,борышты,жауапкершілікті,заңдылықты,сезіну-адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес.

IIІ-бөлім. Қонақтармен таныстыру.

ІV-бөлім. Слайд материал.

V- бөлім.«Сұрақ-жауап»

  1. Еліміздегі мемлекеттік тіл?(Қазақ тілі)
  2. ҚР-ның биліктің бірден бір бастауы (халық)
  3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
  4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды?

(2-рет 1993жылы 28-қаңтар,1995 жылы 30-тамыз)

  1. Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата?(Парламент)
  2. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)
  3. Құқық дегеніміз не?(Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жуйесі)
  4. ҚР Конституциясының 17-бабы не туралы?(Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды)
  5. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады?(1991жылы 16-желтоқсан)
  6. ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары»туралы заң қай жылы қабылданды?(1992 жыл 4-маусым)
  7. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды?(1989 жылы 20-қараша)

VІ -Бөлім «Ой жалғау» (мақалдардың жалғасын табу)

1.Заңның құқығы…(бәрінен ұзын)

2.Өш алғаннан горі…(кешірген жөн)

3.Ақырын журіп…(анық бас)

4.Асыл тастан … (өнер жастан)

5.Тура биде … (туған жоқ)

6.Ұрлык түбі … (қорлық)

7.Жазасын тартпайтын …(жамандық жоқ)

8.Әдепті бала …(арлы бала)

9.Тәрбие …(отбасынан басталады)

10.Әділ істің … (арты игі)

VIІ-бөлім «Ой талқы»(маңызды тақарыптар бойынша білімгерлердің пікірлерін тыңдау)

1.Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

2.Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

VIII-бөлім.Қорытынды

Еңбек етсем ертеңгі,

Бақытыма сенемін.

Мақсатыма жеткізер.     

Ата-Заңыма сенем-дей отырып,

Біз бүгінгі «Құқықтық білім-баршаға» атты тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, сіздердің келешекте өз білімдеріңізді шыңдай, рухани жан дүниеңізді байыта отырып,өз құқықтарыңызды жете меңгеріп, еліміздің жақсы азаматы болуларыңызға сенім артамыз.                                                                                                      Бауыржан Момышұлы атамыз «Тәртіпсіз ел болмайды,тәртіпке бас иген құл болмайды» деп айтқандай қаншада Ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақыра отырып, бүгінгі тәрбие сағатымды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *