“Әніміз бар тамаша” 9 мамыр “Жеңіс күніне” Ашық оқу қызметі
Балалар «марш» екпінімен топқа кіреді, ортаны айналып шығып шеңбер жасап тұрады.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: «ән сабағы»
Тақырыбы: Ұлы Жеңіс күніне арналған «Әніміз бар тамаша!»
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға баулу. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу. Әнге деген қызығушылықтарын ояту, ән туралы түсініктерін қалыптастыру, музыкалық есту, елестету, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысына қатысқан Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова Бауыржан Момышұлы сияқты батырлар суреттері. Плакаттар.Көгершін құсы, текшелер.
– Балаларосында біздің өнерлерімізді көреміз деп апайларымыз келіп отыр екен апайларымызбен амандасып алайықшы балалар
Біз – көңілді баламыз,
Өнер қуған дарамыз.
Әнге салып әдемі
Би де билеп аламыз.
(Балалармен музыка тілінде амандасу)
Сә- ле-мет –пе балалар!!!
Сә-ле-метсіз бе апай!!
– Балалар енді жеңіл әдемі әуенге әдемі би билеп көңілімізді көтеріп алайықшы.
– Жарайсыңдар балалар,
Балалар бүгінгі біздің сабағымыз Ұлы Жеңіс күніне арналып отыр. Отанымыз жаулардан азат етілген күн. Бұл Жеңіс бізге оңай келген жоқ. Соғыста біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында көптеген млн қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мамбетова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы қазақтың көрнекі жазушысы Бауыржан Момышұлы атамыз да сол соғыста болған.
Жау жеңілді ақыры
Атты бейбіт таң күліп,
Әлия мен Мәншүкті
Ұмытпайды ел мәңгілік.
Қайсарлық пен өшпес ерлік көрсеткен қазақтың қаһарманы Әлия мен Мәншүкті біз ешқашан ұмытпаймыз. Өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске мұқалмас ерлік-жігер танытқан қос қарлығаш біздің міңгілік жүрегімізде сақталады.
Осы осы соғыста болған ата – бабаларымызды,апкелерімізді еске алып 1 минут үнсіздік жарялайық. Орнымыздан тұрайық балалар.
Жарайсыңдар балалар, енді «Мәңгі алауға» гүл шоқтарыңызды қойыңыздар
Міне балалар бүгінгі осы Ұлы Жеңіс жолында, Отан үшін жан беріп ерлік көрсеткен аға, апкелерімізге арнап тақпақтар айтып берейікші балалар.
Бибі
Мәншүк апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз
Ұқсап Мәншүк апайға
Өсіп келе жатырмыз.
Ақбота
Әлия орыс қаласын
Азат етіп болды мерт
Ол жеңісті көрген жоқ
Келді кейін азат күн
Бірақ мәңгі өлген жоқ
Батыр қызы қазақтың.
Ринат
Отан үшін от кешкен
Жүректерін оқ тескен
Қайсар батыр бабалар
Асыл антын серт еткен.
Сайда
Арылтып жаудан жеріңді
Табанға жаншып өмірді
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді
Десеңдер бұл қай күні
Тоғызыншы мамыр күні.
Бектас
Мен соғысты жек көрем
Күні ертең ақ ер жетем
Туған жерді әлпештеп
Кірпік ілмей тербетем.
Қарақат
Соғыс өртін көзбен көрген
Отан үшін жанын берген
Мақтанышым ардагерім
Жеңіс туын желбіреткен.
Нұрзипат
Жеңіс туы жылтылдап
Жығылмай мәңгі тұрады
Сол тудың өскен артында
Ерлердің біздер ұланы.
Нұрсипа
Бақыт силап жатады әр күн
Санамызға жарық берген
Әкелер мен аталардың
Бұл Жеңісті алып келген.
Айаулым
Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті
Бағына талай миллионның
Баянды Жеңіс күн жетті.
Жанель
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді ән болып.
Жеңіс келді қалама,
Келді ауылға сән көрдік.
Керемет балалар, біздің балалардың Жеңіс күніне арналған, аға апкелеріне арналған тақпақтары көп екен.
Енді балалар мына суреттер ішінен кім көрсетеді Әлия апамыздың суретін. Мәншүк апамызды қайсы?
Бауыржан Момышұлы атамызды кім көрсетеді?
Жарайсыңдар балалар!
(Балаларға әнге қатысты бірнеше сұрақтар қоямын)
– Балалар, сендер ән айтып яғни өлең айтқанды ұнатасыңдар ма?
Әнді кімдер айтады? Дұрыс айтасың әншілер айтады.
Ән неше түрлі көңіл күйге бөлінеді? Көңілді, көңілсіз, бір әндер көңілді мен көңілсіз жерлері аралас болып келіді. Жарайсыңдар балалар.
Мерекелерде, тойларда ән айтылып би биленіп, бәріміз көңілді болып қайтамыз. Ал үйімізде теледидадарда да ән айтылып концерттер болып жатады екен. Өзіміздің жанұямызда ата – аналарымызбен аға әпкелерімізбен бірге отбасында көреміз я балалар. Көрдіңдер ме балалар әнмен біздің өміріміз тығыз байланыста екен.
(Әуен мен сөздің үйлесуімен ән пайда болатыны жөніндегі түсініктерін пысықтаймын)
Балалар біз ән сабағында бірінші өлеңнің 1ші, 2ші шумақтарын сөзін жаттап аламыз. Одан кейін барып мына аспап арқылы әуенге қосып айтып үйренеміз.
Әнмен сөзді үйлестіру арқылы ән шығады екен балалар.
Балаларкәзіргі біздің тыңдайтын әніміз «Әр қашан күн сөнбесін» деп аталады әннің атында айтылғандай еліміз тыныш аспанымыз ашық күн төбемізде күлімдеп тұрсын деген тілекпен осы әнді тыңдайық. Назарларың көңілдерің әнде болсын жарай ма балалар?
Музыка тыңдау: «Әр қашан күн сөнбесін» әні
Мінекей балалар әнді де тыңдап алдық, әнді кім айтқан, балалар?бала айтқан?
Балалар не салған ақ қағазға? Ия суретін салып астына тілек жазып қойыпты.
Бұл әнде не туралы айтылып тұр? Балалар орнымыздан тұрып қайырмасын баріміз бірге айтайықшы.
Әр қашан күн сөнбесін.
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын мамам
Болайын мен де аман. Жарайсыңдар балалар.
Музыкалық – ырғақты қимылдар
(«Ақ көгершін» әніне қимылдар жасатып билету)
– Балалар, көгершін қандай құс? Ол бейбітшіліктің, тыныштықтың, ынтымақтың құсы екен. Бүгін біз осында отырған қонақтарымызға «Ақ көгершін» әніне ырғақты қимылдарды қолданып би билеп берейікші.
Ән сөздеріне және ырғағына сәйкестендіре, жұптаса көгершін құсымен бірге би қимылдарын орындауға шақырамын.
– Балалармен бірге ән салып, би қимылдарын дұрыс орындауларына ықпал етемін.
Керемет балалар. «Ақ көгершін » әніне би де билеп алдық енді біздер балалар дауыс жаттығуын жасап алайықшы.
Дауыс жаттығуы
Мына нота суреті бар текшелер үстімен «О» әріпін айтып жүріп
барамыз да кері қайтқан кезде «М» әріпін үзбей айтып кері қайтамыз.
Ал балалар әр нота үстіне тұрыңдар бастаймыз. Жаттығуды бір үнділікпен, әуенін дұрыс айтуға мән берейік балалар.
«О-О-О-О-О-О-О», «М-М-М-М-М-М-М» 3рет қайталату
(Балаларға ән айтқанда дұрыс отыру дағдысын естеріне сала кету.)
Балалар, біз ән айтқанда қалай отырамыз, орындықта отырып, арқамызды тіке, басымызды да тік ұстаймыз. Қолымызды аяқтың үстіне қоямыз жарайсыңдар!
Ән айту
Балалар, сонау соғыс уақытында кеуделерін оққа тосып ыстық аптапқа да, суық аязға да шыдап туған жерімізді Отанымызды жаудан қорғап, бізге бейбітшілік өмір сыйлаған ата бабаларымыздың ерліктерін мәңгі ұмытпаймыз. Солардың арқасында біздің ата-әжеміз, ата-анамыз, бауырларымыз қасымызда, өміріміз шаттыққа толы, Отанымыз тыныш, аспанымыз ашық, бақытты өмір сүрудеміз.
Олай болса біздің бүгінгіүйренетін әніміз
«Ел қорғауға әзірміз»
Әні- Күнсайын Қуатбаевтікі
сөзі- Музафар Әлімбаевтыкі
1. Мен бірінші өзім айтып беремін.
2. Енді мен мәнерлеп айтамын, сендер менің ізімнен қайтайлап айтыңдар жарайма.
3. Ал балалар енді әнге қосып айтып көреміз.
Жарайсыңдар балалар
Аязда да тоңбаймыз
Аптапқада төземіз,
Түнде де жол барлаймыз,
Суда еркін жүземіз.
Қайырмасы:
Бұл шақта,бұл шақта,
Кішкетаймыз қазір біз
Кішкентай болсақ та,
Ел қорғауға әзірміз.
Біз Отанды сүйеміз,
Біз Отанға адалмыз
Көгілдір ту — иеміз,
Қалай жасық болармыз.
Ойын: «Біздің саяхат»
Ырғақ сезімдерін дамытуға арналған ойын
Балалар шеңбер болып тұрамыз. Ойынның аты«Біздің саяхат» деп аталады. Осы құрттай ғана шеңбер бойында біз кішігірім саяхат құрамыз. Мен айтып тұрамын. Көз алдарыңа елестетіп, қимыл қозғалыстарды орындайсындар жарай ма балалар. Ол үшін бізге музыкалық аспап және мына балғашық көмектеседі.
Достығымыз жараса,
Асыр салып таласа
Ойынды тез бастайық,
Шартын қатаң сақтайық.
1. Баспалдақтан баяу, асықпай түсеміз;
2. Далаға шықтық күннің көзіне көңілденіп қуандық балалар; (көңілді музыка)
3. Айгерім допты алып жерге соға бастады; (балғашық)
4. Балалар көңілді, өте қуанышты, қуанып тез-тез секіріп жамырасып күлісті; (музыка)
5. Бірақ,балалар жаңбыр жайменен жауа бастады.
Сосын қатты нөсерлетіп жауды.
6. Балаларжаңбырдан, күннің күркірегенінен қорқып тез-тез балабақшаға оралды.
Керемет балалар, ойын сендерге ұнады ма? Біз бұл ойында нені сезіндік? Көзбен елестетіп сезіндік. Өзіміз іс жүзінде жүзеге асыра білдік.
Жарайсыңдар балалар!
Сабақты қорытындылап пысықтау:
Балалар бүгінгі сабағымыз не жөнінде болды? Жеңіс күніне.
Соғыс кезінде Отанын қорғауға қыздарда барған екен кім екен олар?
Қандай ән тыңдадық?
«Әрқашан күн сөнбесін» әнін тыңдадық
әнді кім айтқан, балалар?бала айтқан
Балалар не салған ақ қағазға? Ия суретін салып астына тілек жазып қойыпты.
Ойында қандай әсер алдыңдар? Көздеріңді жұмып елестетіп сезіндіңдер, ән арқылы түрлі қимылдар жасадық баспалдақтан тустік, күннің көзіне жүгіріп шықтық, күн күркіреп жауын жауды балалар. Соның бәрін біз елестетіп сезіндік.
Ойын қызықты болды ма сендерге?
«Ел қорғауға әзірміз» әнін үйрендік Ән сендерге ұнады ма?
«Бұл шақта,бұл шақта,
Кішкетаймыз қазір біз
Кішкентай болсақ та,
Ел қорғауға әзірміз» – дейді я балалар.
Кішкене болсақ та біз атамекенімізді Қазақстан Отанымызды қорғауға әзірміз дейді. Әр бір Отаным Қазақстан деп жүрегі соққан азамат елін, жерін қорғап сүйіп өту парызымыз екен балалар!
Керемет балалар, сабаққа сондай жақсы қатыстыңдар?
Биді де адемі билеп, әнді де жақсы айттыңдар жарайсыңдар балалар. Ешқашан соғыс болмасын.От басымыз, ата – анамыз, аға әпкелеріміз, бауырларымыз аман. Заманымыз тыныш. Әр қашанда осылай көңілді, бақытты болып жүрулеріңе тілектеспін. Осымен сабағымыз аяқталды.
Апайлармен сауласып алайықшы балалар, орнымыздан тұрайық.
Сұм соғыс қайтіп болмасын
Бәйшешектер солмасын
Еліміз бейбіт күн кешіп,
Бір Алла өзі қолдасын.
Бірлікпен күн кешіп,
Бейбітшілік орнасын.
Қош сау болыңыздар апайлар!
Марш екпінімен балалар топтан шығып кетеді.
Әлия апа ескерткішіне балалар гүл шоқтарын қойуда
«Балдәурен» бөбекжай балабақшасы
9 мамыр Жеңіс күніне арналған
Ашық сабақ
Тақырыбы: “Әніміз бар тамаша”
Ән – саз жетекшісі: Э. Абылова
2018-2019ж