Оқушыны қолда

Мектептегі бар компьютерлер де, жергілікті әкімдіктер қосымша сатып алып жатқан шамамен 500 мың компьютерлік техника да қашықтан оқитын табысы төмен отбасындағы балаларға, ата-анасынан айырылған, ерекше білімді қажет ететін оқушыларға уақытша пайдалануға беріліп жатқаны белгілі.

Компьютерлерді сатып алу процесін жергілікті әкімдіктер жүзеге асырып жатыр.

Сатып алу процедурасының ашықтығы қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл жұмысты Министрліктің өтініші бойынша ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің арнайы мониторингтік тобы мен «Adaldyq alańy» жобалық офисінің өкілдері қатаң бақылдауда ұстап отыр.

Айта кетерлігі, Министрлікке және жергілікті әкімдіктерге кәсіпкерлер, түрлі сала өкілдері, тіпті телеарна ұжымдары хабарласып, оқушыларға компьютер ұсынғысы келетінін жеткізді. Өз көмегін ұсынғысы келетін жандар жетерлік.

Осы мақсатта жылсайынғы «Мектепке барар жол» қайырымдылық акциясы аясында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі «Оқушыны қолда» жобасын жүзеге асыруға атсалысуда. Бұл ретте басымдылық компьютерлік техникаға берілуде. Сіз де qoldau.edu.kz сайтына кіріп, оқушыларға қолдау көрсете аласыз. #ОқушыныҚолда

@edu_news_qz

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *