Қазіргі ғаламтану заманы
Қазіргі ғаламтану заманы
Қазіргі кезде білім берудің ұлттық үлгісі қарқынды қалыптасып, педагогика ғылымында баланың жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған білім берудің жаңа технологиялары көптеп жүзеге асырылуда.
Ғалымдарымыз отандық және шетел ғалымдарының тәжірибелерін зерттеп, озық үлгілерін таратуда. Мұның бәрі түптеп келгенде білім беру саласын әлемдік өркениетке жақындату, білім беру сапасын жақсарту мақсаты деп түсінеміз. Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдындағы жауапкершілік үлкен. Әсіресе, орыс тілінде оқытатын мектеп шәкірті-еліміздің, ұлтымыздың болашағы.
Қазіргі ғаламтану заманы білім жетістіктерін өркениетті елдердің білім деңгейін көтеру қажеттігін алға тартады. Осыған орай қазіргі оқыту технологияларын тиімді пайдалану қажеттіліктері туындайды. Инноватциялық іс-әрекет-педогогикалық еңбектің өнімділігін сапалы өзгертнтін оқыту мен тәрбиелеудің жаңа үлгілері мен әдістерін құру үрдісі. Педагогтың инноватциялық іс-әрекеті келесі белгілермен сипатталады:
- Өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың инноватциялық тәжірибесін өзгерту, жетілдіру, қабылдау.
- Жаңа ғылыми идеяларды игере отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғыну.
- Жаңа әдістер мен тәсілдерін өз бетінше жасау.
- Үздіксіз тәжірибе енгізу.
Осыған қарағанда жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындатуда мұғалімге қойылар жүктің жеңіл емес екендігі белгілі.
Елбасы Назарбаев:Болашақ жастардікі, Қазақстан болашағы жастардың қолында, мен сендерге сенемін,- деп, алдыңғы қатарлы озық 50 елдің құрамына кіру керектігін баса айтып отыр.
Ендеше осы Қазақстан болашағына білімді, саналы, білікті, жастарды тәрбиелейтін, негізгі іргетасын қалайтын мұғалімдер ұжымы.
Мен де сабақтарымды жаңа буын оқулықтарын оқытудың қазіргі әдістерінің бірі технологиялық инноватцияны пайдаланамын.
Қазіргі жаңа технологияны қолдану-оқушылардың ой-өрісінің еркін дамуына, жан-жақты білім алуына шығармашылық жағдай жасау мақсатында сабақты түрлендіріп өткізу. Пәнаралық байланысқа көңіл бөлемін және оқу мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып отырамын. Әрбір сабағымда оқу-тәрбие үрдісіне оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін мынадай мақсаттар коямын:
Оқушыларды ұқыпты жазуға, орынды сөйлеуге, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, топтық жұмыс жасауға.
Қорыта айтқанда, оқу-тәрбие үрдісіне жеке оқушының тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін мектеп оқулығы аясында шектелу жеткіліксіз. Сондықтан ата-анамен байланысты нығайту, кітапханамен үнемі байланыс жасау, баспасөз басылымдарына жазылу жұмысын жүргізу. Көрген кино, барған мұражай, оқыған кітап, естіген әңгімесі, жаттаған ән, өлең, мақал-мәтелі, би өнері, сурет сала білу, спорт, осындай жан-жақты оқу-тәрбие жұмысы ғана оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718