«Карлы патшалықта сиқырлы ойындар»
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, бүгінгі «Карлы патшалықта сикырлы ойындар» атты қысқы спорттық ойындар жарысына қош келдіңіздер!
- Біз аяздан қорықпаймыз,
Спортта біз суықпен күресеміз!- деп балалар орнынан секіріп, қолдарын шапалақтайды.
Қар ханшайымы борандатып келеді.
-Қатырымын, қатырамын! Бұл жерді не болып жатыр?
Жүргізуші: Бұл жерде спорттық мейрам өтіп жатыр.
Қар ханшайымы: Мен мейрамдарды жақтырмаймын, мен сендердің бәрін қатырып тастаймын.
Жүргізуші: Тоқта, Қар ханшайымы! Сіз таңертеңгілік жаттығуларды жиі жасайсыз ба?
Қар ханшайымы: Қандай жаттығу, мен онсызда әдемі болып көрінемін.
(Қар ханшайымы қалтасынан айнаны алып, өзіне таңдана қарап, ән айтады:
Мен әдемімін, кереметпін …)
Жүргізуші: Ия, сіз жаттығу не екенін білмейтін шығарсыз …
Балалар, Қар ханшайымына жаттығулардың қалай жасалатынын көрсетейік. Денемізді қыздырып алайық.
Балалар жалаушамен жаттығулар жасайды.
Қар ханшайымы: Мұны кез келген адам жасай алады – қолдарын бұлғап, аяқтарын соғып. Мен әліде жібеген жоқпын.
Жүргізуші: Ал,балалар шығыңдар, өз өнерлерін көрсетіңдер.
Эстафеталық ойын: «Қояндар»
Шарты: екі топтан бір-бірден ойыншылар шығып, қоянша секіре отырып (екі аяқ бірге, екі қол бірге кеуде тұсында, оңға бір, солға бір қарай отырып) межеге жетеді.
Меже – үлкен қардан жасалған төбешік. Бұл төмпешіктің тасасында кәрзеңкеге салынған сәбіздер жасырулы тұрады. (беті шөппен бүркелген). Осы сәбіздерден бір-бірден тістеп, қайтадан қоянша секіре отырып, кейін қайтады. Қай топтың жинаған сәбізі көп болса, сол топ жеңімпаз атанады.
Жүргізуші: Қар ханшайымы, мына сәбіздер саған, бұлар дәрумендерге толы көкөніс. Қар ханшайымы: Рахмет, тағы қандай өнерлерін бар?
Жүргізуші: Біздің балалар мықты, епті, күшті.
Ойын «Шанамен жарысу»
Мақсаты: Екі топтың балалары бір баланы шанаға отырғызып сүйреп мәре сызығына дейін жарысады. Қай топ бұрын жетеді, сол топ жеңеді.
Қар ханшайымы: Иа, балалар мықты, епті екен. Мен сендермен ойын ойнағым келіп кетті.
Ойын: «Қатырамын»
Қар ханшайымы: Қалай ойыным ұнадыма сендерге?
Балалар: Иа, ұнады.
Ойын: «Шыршаны безендіру»
Шарты: Қай топ шыршаны бірінші безіндеріді, сол топ жеңімпаз болады.
Қар ханшайымы: Ой, балалар, сендер қандай шапшаң, мықты, күшті екенсіңдер. Менің жүрегімді елжіреттіңдер.
Жүргізуші: Қар ханшайымы, балалармен бірге Фито – шай ішіңіз, дәруменге толы шай. Көңілді, мейірімді боласыз.
Жүргізуші: Осымен «Карлы патшалықта сикырлы ойындар» атты қысқы спорттық ойындар жарысы өз мәресіне жетті. Денсаулықтарымыз мықты болсын. Сау болыңыздар.