Тұлғаны дамытудағы бағытталған инновациялық орта құру

Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейә жоғары білікті бооуы міндетті. Ата-бабаларымыздың  ғасырлар бойы жинақтаған тәжірбиесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты.

Еліміздің айқын мақсатының бірі бәсекеге қабілетті жас ұрпақты жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу  біздің басты міндетіміз.  Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына  олардың танымдық  әрекетін  дамытуға ерекше назар аудара отырып, жеке адамның белгілі қарыс-қатынастағы іс әрекеті арқылы дамыса, жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін  ортасы қоғам. Кез-келген адам баласы дүниеге келгеннен бастап қоғамдағы болып жатқан  құбылыстарды қабылдау  арқылы өзінің ойлау қабілеті санасы, мінез-құлқы, оның басқа да қасиеттерінің реттелуіне жол көрсете отырып, тұлғаның дамуына бірден- бір ықпал етуші қоғам. Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп оның жақсы дамуына қажетті материалдарды  іріктеп ала отырып айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға, көзқарасын дамыта отырып (сюжет көрсету экология)  тәрбие жолдарын табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейе түсіп эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілігі арта түседі. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдістерінде  әртүрлі іс-әрекеттер  арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін  ұйымдастыра отырып, бір-біріне  деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық,  достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды  қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу қызметінде өлі-тірі  табиғатқа деген  сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады.

Әр түрлі ойын баланың дүниетанысмын кеңейтіп қарым-қатынас жасау белсенділігін дамыта отырып спорттық, ұжымдық  ойыны арқылы балалардың белсенділігі арттады.

Елбасының бағдарламалық еңбектерінде көрсетілгендей білім жүйесін  инновациялық технологиялармен жабдықтау білімнің халықаралық стандартын меңгеру сапалы білім беруге қол жеткізу білікті білімді инабатты тұлғаны даярлау  отандық білім саясаиының  негізгі ұстанымын айқындайтын компьютерлік оқыту түрлі ойындар, көрнекіліктерді  компьютер арқылы қолдана білу үш тілде еркін сөйлей білуге  негәздей отырып жас ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен  мен білім беруде  тәрбиешінің алдында тұрған басты міндеті болса өз ұрпағының өнегелі еңбексүйгіш  абщзал азамат болып өсуіне халық педагогикалық негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу тәрбме үрдісіне тиімді пайдалану әрбір тәрбиешінің басты міндеті болып табылады.

Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала- балалар ойыны. Ойын-балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсінің қажетті алғы шарты және халықтың  салтын  үйренуде, табиғат  құбылысын тануда олардың өру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалақ шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен.

Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шадамдылық, белсенділік қасиеттері қалыптасады.  Ойын  дегеніміз- жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.

Бүгінгі күндегі инновациялық білім беру оқытудың  сапалы білім берудегі жасқа әлеуметтік тәрбиелеп іс-әрекеттің жаңа түрін жоспарлай отырып ынталандыру. Кейінгі жылдарда педагогика ғылымында жиі пайдалана бастаған  жаңа ұғымдардың бірі инновация. Инновациялық оқытудың  негізгі жаңалықтарды қвлыптастыру қолдану, жаңару өзгеру мәнін береді. Жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетінің дамуы қарым-қатынаста және  тапсырмаларды шешуге жүзеге асыра отырып, ойын барысында шығармашылық танымдық сипатта қарау арқылы балалардың шығармашылық әретін дамытуға болады.  (шығармашылық бағыттағы суреттер мыс: асфалттағы құмдағы)

Ойын- мектеп жасына дейінгі балалардың  негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт-Торайғыров  «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір  затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен  түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл- қозғалыс, дидиактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары  болып бөлінеді. Мазмұнды-бенелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті тіп жеткізуге  тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табцға талпынады, оларды дайындау үшін  еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке  біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке   бағдарлайды., балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік  сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын,  дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік (ән-саз, бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу қызметінде) алған  білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып  әлдилейді, бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу қызметінде жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан  құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады.  Мазмұнды-бейнелі ойынның  ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және  шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.

Инновациялық технологияларды қолдану арқылы жеке тұлғаның шығармашылық  әлеуетін дамытудың нәтижесімен мүмкіндігіарта түседі. М.ж.д балалар айналадағы өзін қоршаған дүниеден, табиғат тұрмыс тіршіліктен алған әсерін көрген- білгенін ойымен  қорытып сөз арқылы іске асыру (гүл сұрау ересектер еңбегі көрсету.)

Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының  бір-бірімен келісімді болуын  қадағалайды. Құрылыс материалдарын  пішіні, түсі бойынша симметриялы  орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша  салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып,  белскнділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған  құрылыстарының сапасына  баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар  музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару  ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі  қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарды сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетеледі. Ертегі немесе  әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір  тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық  көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында  балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі,  қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне  бағынабілу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке дегенқұштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың  адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті- ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психолргиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

Баланың өмірді танып біліп сезініп түсіну, қабылдау)- қолданудың басты құралы сөз, сөз арқылы сөйлем құрап ойын жеткізе білуі оның денсаулығымен тікелей байланысты  болса «Денсаулық- зор байлық» екенін есте сақтай отырып баланы жыл маусымы кездерінде болып жататын құбылмалы ауа-райына төзімділікке үйрету, су, ауа, күн режиминде  көрсетілген серуен, ойын, бассейнге түсіру, жалаң аяқ далада топырақта, асфалть бойында жүру, массаж төсеніштерінен жүру жұмыстары салауатты өмір салты мотивациялау жұмыстың  мәнді жағы төсеніштерінен  жүру жұмыстары  салауатты өмір салты мотивациялау жұмыстың мәнді жағы тұлғаны дұрыс қалыптастыру болады. Жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту  белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп білімді  шығармашылық  әлеуетін дамыту  белгілі бір жүйемен  үздіксіз жүргізіліп  білімді шығармашылықпен  техналогияларды  қолдану арқылы  жеке тұлғаның  шығармашылық  әлеуетін дамытудың нәтижесі  мен  мүмкіндігі арта түседі.  Баланың  қабілетін дамытуға оның өзінің белсенділігі маңызды  және қажетті жағдай болып табылса- бұл белсенділік баланың  кез-келген әрекетінде:  ойында, оқытуда, еңбекте көрінсе. Бұл жағдай ересектердің бағыт-бағдар беруі арқылы жүзеге асса,  баланың қабілетті оның өз қолдауы табылған іс-әрекетінде қалыптаса отырып дамиды.   Бала тек белсенді іс-әрекетте ғанажан-жақты дамиды да жеке тұлға ретінде қалыптасудың реті туады. Қоғамдық  тәрбиенің жалпы жүйесінде мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан  тәрбиелеу ерекше орын ала отырып, мықты денсаулықтың  дененің дұрыс жетілуінің, жоғары  жұмыс қабілетінің  негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық  жаста қаланады. Қозғалыс  қызметінің қалыптасуы, дене қасиеттерінің бастапқы тәрбиесімен ж.д балаларды дене жағынан  тәрбиелеудегі жұмыстың мәнді жағы- тұлғаны дұрыс қалыптастыру. Дене тәрбиесі  балаларды ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелі жұмысын  жүзеге асыруға  олардың сергек шат көңілді  және белсенді  болуларына ықпал етеді. Мектеп  жасына дейінгі балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің басты міндеті балалардың  қозғалыстарын дененің икемділік, шыдамдылық, күштілік, төзімділік сияқты қаситтерін қалыптастыру болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды дене жағынан тәрбиелеудегі жұмысиың мәнді жағы-тұлғаны дұрыс қалыптастыру. Дене тәрбиесі балаларды ақыл-ой адамгершілік еңбек және  эстетикалық жағынан тәрбиелі жұмысын жүзеге асыруға олардың сергек, шат көңілді және  белсенді болуларына ықпал етеді. Мектеп жасына  дейінгі балалар мекемелерінде  дене тәрбиесінің мазмұны мына құралдан тұрады: дене жаттығулары  табиғаттың сауықтырушылық күші, гигиеналық және әлеуметтік- тұрмыстық  факторлар. Дене жаттығуы- дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп  алған,  әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің түрлері.

  1. Дене тәрбиесі Ұ.О.Қ-нің күн тәртібі бойынша сауықтыру шаралары (таңертеңгілік жаттығу, қимыл-қозғалыс ойындары серуендегі спорттық жаттығулар, сергіту сәттері, спорттық мерекелер ойын-сауықтар.
  2. Балалалардың өз беттерінше қозғалу қызметі.

Кез келген Ұ.О.Қ -нің міндетін орындау оның тиімділігін балаларды ұйымдастыру жұмысындағы үйлесімді жаңалығы оқу материалдарының күрделілігі материалдардың жабдықталуы  қолайлы тәсілдерді

Анықтаумен байланысты. Бала денсаулығын жақсартудың бір жолы дене шынықтыру болғандықтан оның көптеген әдіс-тәсілдері де балабақшада жиі қолданылады. Күнделікті күн режиміне  сәйкес шынықтыру шаралары:

-ауамен демалу (серуенге күніне екі рет шығу)

-таңертеңгілік жаттығу

Ұйқыдан соң шынықтыру жаттығулары (тақтайша үстіненғ жалаңаяқ, тастар үстімен жүру, т.б)

Қауызға шомылу аптасына- 1рет

-тамақтан кейін ауызды салқын сумен шаю.

-жаз кездерінде жалаң аяқ жүру. Сумен аяқты тізеден төмен қарай жүру, жалаңаш жүру  т.б осы орайда балабақшаның дене шынықтыру мұғалімі тәрбиешімен бірлесе отырып бала денсаулығын жақсарту үшін көптеген жаңа инновациялық технологияларды қолданып отырамыз.

ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қояды. Оның  өлшемі тек сауаттылық  деңгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі- функционалдық сауапттылық.

Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Болашақта өркениетті елдірдің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік блім кеңістігіне шығу бүгінгі күннің мақсаты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *