Эссе

Жалекенова Ақкүміс Мұқташқызы
БҚО, Бөрлі ауданы, Приурал аулы
«Приурал мектеп – балабақша кешені» КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Эссе
«Мен қазіргі заман педагогімін»
«Ұстаз болу – өз уақытын аямау,
өзгенің бақытын аялау»
Ж.Ж.Руссо

Ұстаз – ұлы есім. Бұл сөз мен үшін өте құдіретті. Себебі мен балалық шағымнан өзіме сабақ берген ұстаздарыма еліктеп, солар секілді ұстаз болуды армандадым. Сол арман да орындалды. Қазіргі таңда Приурал мектеп-балабақша кешенінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етудемін. Қызығы мен қиыншылығы мол ұстаздық жолды таңдағаныма еш өкінбеймін, керісінше осы мамандықты таңдағаныма мақтанамын, өмірде бір сәт те мектепсіз, шәкіртсіз елестете алмаймын. Мектеп пен шәкірттерім – менің өмірімнің бір бөлшегі. Менің таңдаған бұл жолым – үлкен жауапкершілікті, төзімділікті, ізденімпаздықты және қажырлы еңбекті талап ететін киелі жол.
«Елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында», – деп елбасымыз айтқандай, қазіргі заман педагогі жан-жақты сауатты, заманауи болуы керек. Себебі қазіргі білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алды. Біз жаңа бағытқа, жаңартылған білім беру мазмұнына бет бұрдық. Осыған байланысты қазіргі заман мұғалімі өз заманына сай бес аспап болуы қажет.
2012 жылы Қазақстанның білім беру саласына Кембридж университеті ғалымдарының оқыту тәсілі, яғни жеті модуль идеяларынан тұратын білім беру мен білім алудағы жаңа бағдарлама енгізілді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушыға дайын білім бермей, оны дамыта оқыту және ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру. Сондықтан оқушылар өздері өмір сүретін әлемде жұмыс істеуге дайын болуы өте маңызды.
Мен де басқа мұғалімдер сияқты осы бағдарламалық курсты оқыдым. Осы курстан алған білімімді өз жұмысымда қолданып, кәсібімнің қыр-сырына тереңдей түстім. Әрине, әр сабаққа дайындық керек, оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар беремін. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға. Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқушылар сабақ барысында жұптық, топтық жұмыстар жасай отырып, бір-бірімен ықпал етеді. Бала жаңы жаңалыққа құмар, белгісіз нәрселерді білуге тырысады, сондықтан мен оқушының ынтасына, қызығушылығына көп көңіл бөлемін. Оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін сабағымда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданамын. Сабақ барысында өзім аз сөйлеп, оқушыларды көп сөйлеуге дағдыландырамын. Өйткені жаңа оқыту бағдарламасының ерекшелігі сол оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, проблеманың шешу жолдарын іздей отырып қиындықты шешуге бағытталған. Бүгінгі қоғамға керегі – осы.
Адам өміріне жауапты екі мамандық бар. Оның бірі – дәрігер болса, екіншісі – мұғалім. Ұстаздық мамандық – адам жанының бағбаны. Мұғалім болу – оңай, ал ұстаз болу – екінің бірінің қолынан келе бермейді. Осы орайда ұлы Абайдың: «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға, Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», – деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер шәкірті өмірде бір кірпіш боп қаланып жатса, ол ұстазының төккен терінің ақталғаны емес пе? Әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым дейді.
ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болу керек? Деген сұраққа мен былай жауап беремін. ХХІ ғасырдың ұстазы әмбебап болуы керек, яғни, көшбасшы, психолог, білікті маман, АКТ-ны меңгерген, полиглот және ең бастысы рухани бай болу керек.
Мұғалімнің негізгі басты мақсаты – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол тұлға қалыптастыру. Сондықтан мен ұстаз ретінде оқушылардың жан-жақты білім алуына көп көңіл бөлемін. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасы да менің сабақтарымның заманауи тұрғыда жоспарланып өтуіне септігін тигізіп отыр. Қазақстандықтардың үш тілді меңгеруі туралы идея бүгінде отандық мектептен маманның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруге, ұлтаралық келісімді арттыруға, көптілді білім беруді енгізуге талап етеді.
Үштілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуға мүмкіншілік беретін бүгінгі күннің ең басты қажеттілігі.
Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда шәкірттеріміздің биіктен көрінуіне жаңашылдық арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәт естен шығармауымыз жөн.
Баспалдағы бұл ғылымның қиындықтан тұрады,
Оның шынар басына талмайтындар шығады.
Талмау үшін әр кезде болу керек төзімді
Сондықтан да сен оған әзірлей бер өзіңді, – деген өлең жолдары менің ойымның түйінді дәлелі.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *