Қош келдің, Наурыз!

Алматы қаласы
Тұрксіб ауданы
№32 ЖББМ
Бастауыш сынып мұғалімі: Имашева Анар Ануарбековна
Сабақ тақырыбы: Қош келдің, Наурыз!
Күні Мұғалімнің есімі: Имашева Анар Ануарбековна

Сынып Қатысқандар саны Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты
4.1.1.1 Шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтап, шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрастырады, жазбаша шығармашылық жұмыстар жүргізіледі, өз пікірін білдіруде вербалды емес тілдік құралдарды, сөйлеу барысында иллюстрациялар, суреттер қолданады.
Көптеген оқушылар: Әдеби көркем сөздер (аллитерация, әсерілеу) ұғымымен танысады. Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір білдіреді.
Кейбір оқушылар: Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға, дұрыс оқу сауаттылығын қалыптастыруға, сөйлеу мәдениетін, сауатты жазу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды сақтауға мән беріледі.
Бағалау критерийлері:
(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже) Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтай алатын дағдысы жетілдіріледі. Мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтап, шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құрастырады, жазбаша шығармашылық жұмыстар жүргізіледі. Көркем шығармаға пікірін білдіруге және оны дәлелдеуге, шығарманың жанрлық ерекшелігіне байланысты өз пікірін білдіруді, сауатты жазу жұмыстарын жалғастырады. Шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне сыни баға береді, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланысты түсіне отырып, жоспар құруды түрлендіруді үйренетін әдістемені тәжірибеден өткізеді.
Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар.Терминология. Сөз тіркестері:
Әдеби мұра
Әдеби көркем сөздер
Халық ауыз әдебиеті
Даналар нақылы
Асыл сөз
Шешендік
Құндылықтарды дарыту Адамгершілік, еңбекқорлық.
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі, көркем еңбек, жаратылыстану.
АКТ қолдану дағдылары Электронды тапсырмалар.
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім Бұған дейін оқушылар мәтіндегі көркем сөз жөнінде практикалық түрде түсінік, мәтін түрлері, мәтіндегі негізгі ой туралы қарапайым мағлұматтарынан хабардар.Оларда оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып жоспар құру дағдылары қалыптасқан. Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтай алады. Негізгі ойды тұжырымдау, оны мәтін атауымен сәйкестендіру, жоспар бойынша мәтінді мазмұндау дағдысы жүйеленген.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басталуы Жаңа топ құру
Топтарға бөлу.
Асық арқылы бөлу
Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды
1-топ: «Алтын асықтар»
2-топ: «Күміс асықтар»
3- «Қола асықтар»
Сергіту жаттығуы
«Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
Мамандық таңдау
Топтық жұмыс
Міржақып Дулатұлы
Топтық жұмыс
«Наурыз-думан» әнін (әнін жазған – Т. Сарыбаев, сөзін жазған – М. Мақатаев) тыңдап, өз ойыңмен бөліс. Тыңдаған ән сөзінде наурыз мерекесі қалай сипатталған?
Жауабы:
Ой қозғау.
– Ән қай мерекеге байланысты?
– Наурыз қандай мейрам?
– Осы өлеңде наурыз мерекесі қалай сипатталған?

Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары
Ортасы Түсініп оқы

Ақын жазушы 1885-1935

Түсініп оқы
Наурыз
Дескрипторы:
Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір білдіреді.
Берілген тапсырмаларды орындайды.
Сұрақтарға жауап беріп, өз пікірін дәлелдейді.
Сөздікпен жұмыс жасайды.
Топтарға тапсырма беру.
1- Топ. Табиғаттың оянуын жаңа жылмен байланыстырып әңгімелеңдер
2- Топ. Өлеңде табиғаттағы өзгерістер туралы не айтылған?
3- Топ. Осы маусымда (күзде) адам не істейді?
4- Топтардың жауабын алу.
Тапсырма
ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Аяқталуы
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.
Ой толғаныс кезеңі.

Видео ролик көрсету.
Наурызды біздің қазақ қана ерекше тойлайды екен. 14- ші наурыздан тойлауды бастайды. 14- наурыз көрісу күні екен. Ертеде ата-бамыз наурызды тойлаудын қорқып бір- бірінің үйіне барып көріскен екен. Содан бері 14- наурыз көрісу күні болып тойланып келеді.
1- Топ. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі сөйлемінің мағынасына сурет салады.
2- Топ. Наурыздағы табиғат несімен ұнайды?.
3- Топ. Оқушының жазғанына қарап, көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып оқиды.

Сөздікпен жұмыс. Аузы аққа тию- сүт, айран , ішу.
Ақ мол бол болсын деп осы наурызда не береді аталарымыз? Баба. Иі, батамен ел көгерер деген бар. Ал арамызда бата білетіндер бар ма?
Бата айтады. Наурыз ұлы той. Тойда шашу шашылалы. Ал шашу шашайық. Осымен сабағымыз ачқталды. Бас бармақ әдісімен бағалап жіберейңк

Рефлексия «Бас бармақ» әдісі.

Тапсырма
ны орындаған оқушыны мадақтау,
толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.
Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.
2.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *