Жаратылыстану пәні 4-сынып “Жүйке жүйесін қандай мүшелер құрайды?”

Пәні: жаратылыстану Мектеп: «Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі және МЖИ» КММ
Бөлім Жанды табиғат. Адам
Күні: 20.11.2019ж Мұғалімнің есімі Сыздықбаева И
Сынып: 4 «А» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Жүйке жүйесін қандай мүшелер құрайды?
Сабаққа негізделген оқу мақсаты 4.2.3.2. Жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттайды;
Оқушылардың басым бөлігі: Жүйке жүйесі туралы өз ойларымен бөліседі
Кейбір оқушылар: жеке жұмыста « жүйке жүйесі қалай жұмыс істейтіні?» сұрағы бойынша нақты дәлелдер келтіре алады
Бағалау критерийлері: • адамның жүйке жүйесі мүшелері туралы біледі;
• жүйке жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсінеді;
Тілдік мақсаттар Тілдік дағдылар: жазылым, айтылым, тыңдалым
Жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау
Пәнге тән лексика мен терминология
Жүйке жүйесі, ми, жұлын, жүйкелер
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
– Жүйке жүйесі қандай рөл атқарады?
-Күн тәртібін сақтау жүйке жүйесін қорғауға қалай көмектеседі?
Құндылықтарды дарыту
Пәнаралық байланыстар Дүниетану «Құндылықтар»
АКТ қолдану дағдылары
Ресурстар Оқулық, кесте
Алдыңғы оқу Оқушылар адам ағзасының жүйелерін (тірек-қимыл, асқорыту, қан айналым, тыныс алу), ағзалардың орналасуы мен атқаратын қызметтерін біледі.
Саралау «Әлсіз» оқушыларға мәтінде сұраққа жауап болатын сөйлемдерді тауып оқуға көмектесу.
Бағалау Дескриптор бойынша бағалау
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар
Басталуы
6 минут

Шаттық шеңбері:
Дене мүшелерімен амандасу (көзбен, қол алысып, құлақпен, аяқпен амандасу)
Мұғалім: — Екі көз не үшін керек?
Оқушы: — Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?
Оқушы: — Ақыл – кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: — Екі қол не үшін керек?
Оқушы: — Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: — Екі аяқ не үшін қажет?
Оқушы: — Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін
Мүғалім: — Ал басың не үшін керек?
Окушы: — Бәрін-бәрін ойлау үшін.
Дұрыс балалар, олай болса мен сендердің құлақтарың, көздерің, қолдарың мен аяқтарыңа саулық тілеймін.
Тақырыпты анықтау Байқаусызда
Суретте не байқадың?
Неліктен ол қолын тартып алды?
Өзің осындай жағдайға кез болдың ба?
Сонда қандай қимыл жасадың? Неліктен?
Сол қимылдың қалай және неліктен болатынын білесің бе? Түсіндіріп көр.
Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Жүйке жүйесін қандай мүшелер құрайды?»
Яғни бүгінгі біздің сабақтың мақсаты қандай?
Жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау
Оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстыру
• адамның жүйке жүйесі мүшелері туралы біледі;
• жүйке жүйесінің қалай жұмыс істейтінін түсінеді;
Ортасы
5 минут

12 минут

9 минут

2 минут

«Стоп кадр» әдісі Тыңдалым
Жүйке жүйесін ми, жұлын және жүйкелер құрайды. Ми бассүйегінде, жұлын омыртқаның өзегінде орналасады. Ал жүйкелер бүкіл денені торлап жатады. Олар барлық денені торлап жатады. Олар барлық дене мүшелерін жұлынмен және мимен байланыстырады.
«Сұрақ -жауап» әдісі арқылы бейнежазбаны талқылау
Жүйке жүйесін қандай мүшелер құрайды?
Ми қайда орналасқан?
Жұлын қайда орналасқан?
Дескриптор:
• Жүйке жүйесін қандай мүшелер құрайтынын туралы айтады
ҚБ. Мұғалімнің мадақтау сөздері
Ұжымдық жұмыс 1-тапсырма.
«Не» белгі берді? Суретпен жұмыс
Эврика неге тоқтады?
Суреттегі балалар туралы не айта аласың?
Қауіптен құтылу үшін олар не істейді?
Суреттегі балалардың іс-әрекетін не басқарды деп ойлайсың?
Талқылау
Эврика не сезініп отыр?
Ол қарны ашқанын қайдан білді?
Дескритор: Оқушылар берілген сұраққа жауап беріп, дәлелдейді. ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау «Топтық тапсырма» «Ойыңды ортаға сал» әдісі І –топ. Адамның жүйке жүйесі мүшелерімен таныстыр ІІ-топ. Жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипатта ІІІ-топ. Жануарларда жүйке жүйесі бола ма? Ойлан. ІҮ-топ. Жүйке жүйесі мүшелерін өз орындарына орналастыр Дескриптор: Адамның жүйке жүйесі мүшелерімен таныстырады Жүйке жүйесі оның адым ағзасындағы рөлін сипаттайды. Өз ойларын ортаға салады. Жүйке жүйесі мүшелерін өз орындарына орналастырады
ҚБ. Дескриптор арқылы топтар бірін –бірі бағалайды
Сен білесің бе?
Адам миының есте сақтау қабілеті әлемдегі ең қуатты компьютер мен процессордың жадысынан да мықты. 2015 жылғы зертттеуге сүйенсек, адам миының 1 секундтағы белсенділігін қайталау үшін ең қуатты компьютерге 40 минут қажет болған.
Дәптермен жұмыс. Өз беттерінше орындау.
Дұрыс нұсқаны таңда
1-б, 1-ми, 2-жұлын, 3-жүйкелер
Жауабын тап
1..Біздің ағзамызда болып жатқан үдерістер жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырады.
2. Ағзаны вирустардан қорғау жүйке жүйесінің қызметіне жатпайды.
3. Жүйке жүйесі мидан, жұлыннан және жүйкелерден тұрады.
4. Миды бассүйек қорғап тұрады.
Дескриптор:
Тапсырмаларды өз беттерінше орындайды
Жүйке жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттап жауабын жазады
ҚБ.От шашу арқылы бағалау
2 Сызбаны толтыр Саралау тапсырмалары
Ми-келген ақпаратты өңдейді
Жұлын-ақпаратты миға тасымалдайды.
Жүйкелер-дене мүшелерін жұлынмен және мимен байланыстырады
Адасқан әріптерден сөз құра
Жұлынның зақымдануы – адам денсаулығына қауіпті.
Есіңе сақта!!!
Жүйке жүйесінің қызметі – адамның барлық дене мүшелерінің үйлесімді
жұмыс істеуін реттеу,басқару.
Аяқталуы
5 минут Рефлексия Рефлексия «Әркімнің ойы құнды»

«ҚҚҚ» әдісі Құнды Қиын Қызық
Қосымша ақпарат
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарлаған саралау жақсы іске асты ма?
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

комментария 3

  1. Жануарлардын жуйке жуйкесі бодама

  2. Жануарлардын жуйке жуйкесі болама

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *