Абай Құнанбай ұлы

 

Әлем таныған ұлы Абай

Шын хакім, сөзің баға жетпес,
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес”, – (Алтын хакім Абайға) Мағжан Жұмабаев. Абай – қазақ поэзиясының тәңірі, құдіретті ақыны, қуатты таланты. Биылғы жылы ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған орай Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын республикалық деңгейде тойлау туралы шешім қабылдағанын білеміз. Президент бастамасынан кейін ұлы ақын ұлықтаудың жан-жақты дайындық жұмыстары басталып кетті.

Абай атамыздың шығармашылығы – даналықтың, рухани жаңғырудың негізгі көзі. Абай – қазақтың, адамзаттың ұлы. Абай – қайта тумас бір әлем. Абай әлемінде қазақ халқының болмысы, жан азабы мен ой тереңдігі жатыр. Абай халықтан сарқылмас нәр алды. Ал халқы Абайдан өзінің биік тұлғасын көрді. Оған қарап ой түзеді, оған қарап бой түзеді. Халық пен Абайдың тұтастығы мәңгілік. Абайды әр жаңа ұрпаққа, әр пендеге қала берді, бүкіл адамзатқа жақындастыруға қадам жасау – әр қазақтың борышы деп білеміз.

Хакім Абайдың айналасына шоғырланған талантты шәкірттері қазақ әдебиетін жаңа белесін көтеріп, әлемдік әдебиет үлгілерінің қазақ әдебиеті топырағында өсіп-өркендеуіне зор септігін тигізді. Абай адамдар мен халықтар арасындағы татулықты дәріптеді. Тек татулық бар жерде ғана әділет болмақшы. Тек әділет бар жерде ғана адал мен білікті, ынталы мен іскер өз мүддесіне жетеді, сондықтан да Абай адамзатты әділеттікке шақырады. Абай ақын «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде:

«Ақыл, қайрат жүректі бірдей ұста

Сонда толық боласың елден бөлек.

Жеке-жеке біреуі жарытпайды

Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек.

Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,

Тулап қайнап бір жүрек болады әле

Біреуінің күні жоқ біреуінсіз. Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек» деп, Абай атамыз адам бойында ақыл да, қайрат та, жүрек те болу керек дегенді меңзейді. Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де халқымыздың Абайға көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе, адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге!»- деуі келешек  ұрпаққа Абайды оқу барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан-теңіз екені айтылады.

Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойлары, тамаша шығармалары, қарасөздері мен жалынды жырларында маржандай төгілдіреді, оның әрбір сөзінен соншама жақын лебі сезіледі. Ол леп өткен заманның тынысы болса да, бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды. Өйткені Абай лебі, Абай үні, Абайдың тынысы – бүгінде теңдік алып, дербес ел атанған, басқа елдермен терезесі тең болған, кең байтақ Қазақстанның, қазақ халқының тынысы. «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»,-деп ақынның өзі айтып кеткендей, Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен, нақыл сөздерімен де бізбен жасасып келеді.

Абай кім? деген сұраққа біз әдетте жәй оңай көз қараспен жауап береміз. Негізінен бұл жаттанды сөздер қате, себебі Қазақ бола тұра Абай сынды ұлы тұлға иесін сөз астары мен шектемей, керсінше әр ауызға алған сайын жаңа ойға серпіліс беретін, оқушы жамағаттың денесін тітіркендіретін әсер қалдыру біздің бүгінгі күнгі миссия болып саналады.

«- Одан асқан бұрын-соңғы заманда Қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ» деп пікір қалдырған екен А.Байтұрсынов.

Кез-келген адамның Абай алдындағы борышы үлкен, оны сезіне білген тұлға өзгелерден ерекше болып қалыптасқанына кәміл сенемін. Әр адамның, әр Қазақ баласының жүрегіңде Абайға деген орын болу қажет,әр адамның Абайға деген түпкілікті пікірі болу қажет. сол себепті Абай жайлы санамызда дұрыс пікір,зор құрмет қалдыруға тырыссақ нұр үстіне нұр болар еді. Эссемнің соңыны Абай атамызға арналған өлеңмен аяқтаймын.Өз шығармашылығымнан.

Абай- дана

Жүрегінде ақын оттың жарасы бар,

Орны бөлек ерекше қарасы бар.

Құдайдың құлы, халықтың ұлы болған,

Бұл қазақтың Абай деген данасы бар.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *