Педагогтың қарым-қатынас мәселелері
Ақтөбе қаласы, «Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектебі » КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Алдабергенова Анар Жәнібекқызы
Педагогтың балалармен қарым – қатынас мәселелері
Балалармен педагогикалық, өзара әрекетте ұсақ – түйек жоқ – барлығы да: көзқарас, көз жанарының қозғалысы, дене қимылы т.б. жұмыс істейді.Өйткені біз жай қарым – қатынас емес, кәсіптік ісерлікпен қарым-қатынас жасаймыз.
Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім түсініктері мынадай:
1.Әңгімені қалай бастауды білмеушілік.
2.Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын – ау деген қобалжу.
3.Қарым – қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер.
4.Бұрын пайдаланылған қарым – қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түйсік.
5.Қарым – қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік, бірақ не екені – онша айқын еместік.
6.Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық.
7.Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, жалпы мінез – құлқының, ерсілеу сияқты болып сезілуі.
8.Қарым – қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі.
9.Өзіңді дұрыс түсінуі үшін жоспарланған информацияны неғұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық.
10.Тыңдаушыны қызықтыруға тырысу.
11.Информацияны сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.
В.А.Сухомлинскийдің айтқанындай, тәрбиеші өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен, адам жүрегін баурап алу өнерімен көрінеді десе, А.С.Макаренко, «Балаларға іскерлікпен, табанды түрде айтылған жақсы сөздің – орасан зор маңызы болатынына мен кәміл сенемін, біздің ұйымдық формалармызда әліде көптеген қателіктердің болуы, біз көп жағдайда балалармен дұрыстап сөйлесе білмейтіндігімізден.Сіздің сөзіңізден, сіздің ерік жігеріңіздің, сіздің мәдениетіңіздің, сіздің жеке басыңыздың лебі есіп тұратындай етіп сөйлей білу қажет. Осыған үйрену қажет». Балалармен қарым – қатынас жасау – бұл толассыз творчество. Бір сабақтың өзінде балалармен дұрыс қарым – қатынасты ұйымдастыруда шешуге тура келетін қаншама педагогикалық айла – әрекеттер, қарама – қайшылықтар, қақтығыстар, проблемалар туындайды. Осының барлығы қасқағым сәтте ойластырылуы тиіс.Міне сондықтанда педагогикалық, қарым – қатынас – әрине, творчество.
Балалармен әңгімелескенде әрекет ету жүйесін стандартсыз құруды үйрен – оның жеке басының жай – күйін, жалпы психологиялық жағдайын, ең ақырында, өзінің жеке педагогикалық дербестілік ерекшелігіңді ескеру қажет.
Педагог пен оқушының қарым-қатынасын жақсартуға өзін-өзі тану, тұлғалық дамуын қалыптастыру, ойдың икемділігін, ойлаудың дәлдігі, ұтқырлығын мен жылдамдығын жаттықтыру, өзінің және өзгенің даралығын дамытуға арналған психологиялық жаттығуларды қолдануға болады. Вирджиния Сатирдің «Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы» психологиялық жаттығуы, «Мәдениаралық өзара әрекет» тренингі, Ситуативті-коммуникативті ойындар т.б. тренингтерді жүйелеп, қолдану тиімді.
Ойын адамның қабілетін, мінез-құлқын, топтармен қарым-қатынасын жасау жолдарын, адамгершілік құндылықтарын анықтап, байқауда тиімді әдіс-тәсілдер болып табылады. Түзету жұмыстарының көпшілігі ойын арқылы жүргізіледі. Ойын барысында тұлғаарлық қатынасты құру арқылы балалардың жалпы қарым-қатынас мәдениетін көтеруге мүмкіндік туады. Топта балалардың бір-біріне сенім артып, қарым-қатынастағы маңыздылығын жеке түсінуге көмек көрсетіледі және серіктестік қатынас кезінде өзінің өте маңызды екенін, оның әсерін түсінеді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718