Жағдаят «Ермексазға қызығу»

Танымдық жұмыс
Шығармашылық білім беру саласы
(4-5 жас)
Жағдаят «Ермексазға қызығу»

Балалар мүсіндеу оқу қызметінде балапанды мүсіндеді. Балалар ермексазбен жұмыстану барысында қызығушылықпен жұмыстанып отырған Нұрдәулеті байқадым.Оның ермексазбен жұмыстану іс-әрекетін бақылай отырып,ермексазға деген қызығушылығы, жұмыстану барысы өте ерекше екені көрінді.Нұрдәулет берген тапсырмадан да ауқымды бұйымдарды мүсіндеуге қабілетті екенін байқатты. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші баланың мүсіндеуге деген ерекше дарынын байқағандықтан бей жай қалдырмауды шештім.
Нұрдәулетке жақындап:
-Жарайсың Нұрдәулет!Сен керемет бейне мүсіндеп отырғаныңды байқап тұрмын.
-Саған ермексазбен жұмыстанған ұнайды ма?
-Иә,ұнайды…
-Ермексаздан,саз балшықтан әр түрлі мүсін жасайтын адамды «Мүсінші» деп атайды.
-Ал,сенің өскенде мүсінші болғың келеді ме?
-Иәә…
-Мен сеннен болашақта жақсы мүсінші шығады деп сенемін!
Балабақшада мүсіндеуге үйретуге жүргізілген жұмыстар балалардың мүсін өнеріне деген қызығушылығын арттыра отырып, баланың қиялының шыңдалуына, ұсақ қол маторикасының дамуына үлкен септігін тигізеді.Балаға эстетикалық талғам жайында түсінік бере отырып, соған сай жұмыс жасауға дағдыландырады.
Жеке жұмыс:
Жеке жұмыс ретінде Нұрдәулетпен жұмыстандым. Оған: Бірінші ермексаздың түрлерімен таныстырудан бастадым. Мүсіндеу өнерінде ермексаздың түрлері өте көп болады екен:құм тектес, балауыз қосылған және шариктелген, магнитті, созылмалы,тез қатып қалатын тағыды басқа түрлері бар екен.

Екінші мүсіншінің көркем шығармаларымен ,яғни әр түрлі қыш құмыралар,ыдыс жайында.Саябаққа серуенге барғанда балабақшадан шыққаннан бастап орналасқан мүсіншісі ағамыздың мүсіндеген түрлі:еліктер,қанатты жолбарыс, аңдар патшасы арыстан,қыран құс туындыларын көрсеттім.

Үшіншіден, әрі қарай қызығушылығын арттыру үшін түрлі суреттер көрсетіп, видеороликтерден мүсіншінің жұмыс жасау барысмен таныстырдым.
Әрі қарай дамыту жұмысына арналған тапсырмалар:
1.Мүсіндеудің басқа да дәстүрден тыс түрін тұзды қамырды, саз балшықты қолдануға енгізу. Саз балшықтан немесе ермек саздан созу, ию тәсілдерін терең меңгерту. Балаларды ермексазды шымшып үзіп алуға және домалақ,жұмыр мүсіндер сомдай алуға жаттықтыру.
2.Түрлі түсті тұзды қамырды пайдаланып,пішіндер жасату, сол пішіндерді қолданып,топтағы достарына дидактикалық ойындар ұйымдастыру.
3.Ертегі кейіпкерлерін жасап, сол кейіпкерлерді қолданып, тәрбиешінің жетекшілігімен түрлі ертегілер құрастыруға және сөйлете отырып сахналауды ұйымдастыру.
4.Нұрдәулеттің және топтағы балалардың мүсіндеп жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастыру.
5.Нұрдәулеттің жасаған жұмыстарын суретке түсіріп альбом жинақтау, түрлі балабақша ішілік немесе интернет байқауларға қатыстыру.
Қорытынды:
Баланың қызығушылығын дамыту үшін одан әрі көп жұмыстану қажет.Баланың қолын жаттықтырып, тапсырмаларын одан әрі қызықты әрі күрделендіру керек.Ата-ана үйден баланың осы қызығушылығын қаншалықты дамыту үстінде екенін бақылап,тапсырмалар беріу.

Ата-анаға ұсыныс:
1.Нұрдәулетке ермексазбен,тұзды қамырмен және саз балшықпен жұмыстануға жағдай туғызу.
2.Мүсіндеу үйірмесіне беру және жұмыс жасау процесіне белсенділік таныта отырып қолдау жасау.
3.Ауылдағы мүсіншілермен таныстыру және олардың шығармашылық туындыларын көрсету.

Түсініктеме
«Танымдық оқиға» балалардың танымдық әрекетін белсендіруге қалай ықпал етеді?
Менің танымдық оқиғамның тақырыбы «Ермексазға қызығу». Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады.Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек.
Мен Нұрдәулет есімді баланы бақылай отырып.Ол ермексазбен жұмыстанғанды, одан әр түрлі бейнелерді жасағанды қатты жақсы көреді. Бақылау барысында баланың бойынан болашақ мүсіншіге тән қасиетті байқап, оның мүсінші мамандығына және мүсіндеу өнеріне деген қызығушылығын одан әрі дамытқым келді.
Жүргізілген жұмыс барысы:
1.Оған сұрақ қоя отырып, бала шын мәнінде ермексазбен мүсіндегенді ұнатады ма, әлде жай ғана уақытша қызығушылық па екенін анықтау болды.
2.Баланың қызығушылығын анықтаған соң.Баланы ұзақ мерзімгі бақылыуға алып, түрлі тапсырмалар мен жеке жұмыстар жүргізілді.
– Бала ермексаздың басқада түрін көзімен көріп, қолымен ұстап сезіну арқылы:өзіне ұнайтынын, ыңғайлысын өз бетінше таңдай алады.
-Мүсіншінің жұмыстану барысын бақылай отырып,бала бойына мүсіншінің іс-әрекет дағдыларын игереді:жұмыс барысында қол қозғалысы,саусақтарын қалай қимылдату керектігі жөнінде мәлімет алады.
-Жасалған жұмыстарын: қыш ыдыс, жануарлардың мүсінін көргенде бала алдына «Менде осындай заттарды жасаймын» -деген мақсат қояды және де соған жетуге талпынады.
– Баланы практикалық жұмысқа бейімдеу арқылы бойындағы мүсіндеуге деген қабілеті ашылады, ол жасаған пішіндерден достарына түрлі дидактикалық ойындар ойнату барысында, бала қуанып,өзінің айналаға пайдасы бар екенін ұғынады.Одан әрі ынталану және қызығу сезімі оянады.
Мүсіндеу өнері баланың тыянақты болуына және шыдамды да сабырлы болуына үйретеді.
Баланы дамытуда ата-ананың ықпалы өте жоғары,сондықтан жұмыстану кезінде ата-аналарға да тапсырмалар беріліп және де олармен ақылдаса отырып бірлескен жұмыс атқарамыз.Бала бойындағы қабілетін одан әрі дамыту ата-ананың құзыреттілігінде.
Нұрдәулеттің болашақта үлкен мүсінші болмасына кім кепіл? Бәрі «сіз» бен «біз»-дің қолымызда….

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *