Үй жануарлары

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, ой-өрісін кеңейту, үй жануарларының төлдерін танып білуге үйрету, оларды өзгешеліктеріне қарай бір-бірімен салыстыра білу қабілеттерін, тақпақтарды қайталай отырып және сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту. Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Үй жануарларының суреті, үн таспа, үй жануарларының мүсіндері

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ойындар, тақпақтар, өлеңдер

Билингвистикалық компонент: Сиыр-корова, көктем-весна, ешкі-коза, жылқы-лошадь, түйе-верблюд, мысық-кошка

Эксклюзивті әлеумет: Тұйық баламен жұмыс – Асхат

Іс-әрекет түрі Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы күш

 

 

 

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем несімен ерекшеленеді?

 

Адамдар көктемде егін егеді, күн жылынады, малдар төлдейді

Көктем

Қар ериді, құстар ұшып келеді

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық ізденімпаздық

Балалар үй жануарлары дегеніміз не? Мынау қой, ешкі, сиыр, жылқы. Бұлар үй жануарлары деп аталады.

Педагог балаларға үй жануарларымен танысуға ауылға саяхатқа баратынын хабарлайды. Саяхатқа барғанда балалар кедергілерден-судан, көпірден, ұзын-қысқы, ирек жолдардан өтеді.

Педагог балалардың назарын үстел үстіндегі ойыншыққа немесе фланеграфта орналасқан үй жануарларына аударады.

– Мынау не? (қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе)

– Сендер қалай ойлайсыңдар, неліктен оларды үй жануарлары деп атайды?

– Олар адамдардың жанында өмір сүреді, өйткені адамдар оларды күтіп, жем-шөптерін дайындап береді.

– Олар үйдеме, әлде үйдің жанында тұрама? –

Қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе үйдің жанында қорада өмір сүреді. Ал мысық үйдің ішінде, ал ит үйдің сыртында үйшікте тұрады.

Ғажайып сәт

Балалар қазір бізге бақташы атай қонаққа келеді. Балалар бақтшы ата білімдеріңді байқау үшін көптеген тапсырма ала келіпті. Ал ата біз сізге өлең-тақпақтар айтайын деп отыр едік.

Гүлмарал:

Мінезім жайлы-сиырмын,

Байлығымын бір үйдің.

Етім-дәмді, сүтім-бал,

Сырымды менің ұғып ал.

Диана:

Ең зор түлік-түйемін,

Тікенді шөпті сүйемін.

Пайдалансаң сүтім шұбат,

Дертке дауа, жанға қуат.

Айшолпан:

Жалт-жұлт етіп лақ,

Жағалайсың бұлақ.

Секірем деп бірақ,

Қала берме құлап.

Сергіту сәті

Тіктеп титтей құлағын,

Ботам былай жүреді,

Сыртылдатып тұяғын,

 

Бұзау былай жүреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолдарын бойына қояды. Ботаның жүрісін салады.

Аяқтарын тыпырлытады. Бұзаудың жүрісін салады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.     «Жануарлар қалай дауыстайды?» ойыны.

Қой маңырайды – мә-мә-мә

Сиыр мөңірейді – мө-мө-мө

Жылқы кісінейді – ио-ио-ио

Түйе боздайды – бө-бө-бө

Ешкі бақырады – бе-бе-бе

Бақташы  ата

Балалар сендер мен жайлы көп біледі екенсіңдер. Рахмет!

 

2.     «Дене мүшелерін ата» ойыны.

Балалар үстелдің үстіндегі суреттерді не ойыншықтарды көре отырып, үй жануарларының дене мүшелерін атайық. Мысалы: сиырдың тұяқтары, аяқтары, құйрығы, денесі, басы бар. Басында мүйізі, көздері, аузы, тұмсығы бар.

– Ал енді Гүлмарал жылқының дене мүшелерін атай ғой. Дұрыс.

 

3.     Үй жануарларының бізге тигізетін пайдасы қандай?  Сүтінен айран, май алып, терісінен тон, бас киім тігеді.

Енді олардың дауысын тыңдап көрейік. (үн таспаға жазылған үй жануарларының төлдерінің дауысы)

4.     Үй жануарларының төлдерін ата. Оларды қалай еркелетеміз?

 

 

Сиыр-бұзау. Қой-қошақан. Түйе-ботақан. Жылқы-құлыншақ. Ешкі-лақ. Қоян-көжек.

Қозым, ботам, көжегім, құлыншағым, лағым т.б.

 

 

Балалар жауабы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойын ойнады

 

 

 

Аяқтары, денесі, басы, құлақтары, басында көздері бар

Айран, сүт, май аламыз

 

 

Естілген дыбысқа таңдана қарап, дауысты табады

 

 

Лағым, қозым, ботам т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлекциялық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар, біз бүгін үй жануарларымен таныстық.

«Біз не білдік?»

Қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе – үй жануарлары.

Бақташы ата: Ал балалар менің кететін уақытым болып қалды, білімді, өнерлі, балалар екенсіңдер. Рахмет! Үй жануарлары жөнінде толық білімдерің бар екен.

Ән: «Төлдер әні»

Қошақаным қойдың,

Қайда қалып қойдың,

Бұлтыйып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың.

Секең-секең ей лақ,

Жүремін саған кейіп-ақ.

Тыным тапсаң болмайма,

Секірмей-ақ кейуақ

 

 

Көктем

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ризашылығын білдіреді

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бірге қайталайды.

 

 

Оқу іс-әрекетін қорытындылау

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Әрбір бала үй жануарлары оның пайдасын және қажеттілігін білуі керек.

Үйрену керек: Үй жануарларына қамқорлық жасай білуді үйрену керек.

 

 

МКҚК «Балдырған» балабақшасы

                                 Бекітемін:————-

                                                                    Меңгерушісі: Л.Пәрменқұлова

 

 

 

 

 

Үй жануарлары

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекет

Көркем әдебиет

 

 

Тәрбиеші:К.Смағұлова

«Сәби-Нұр» тобы

 

 

 

 

 

2019-2020 оқу жылы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *