Жаһандану дәуіріндегі жаңа мамандық
Арман қуып, асқақ арманның соңына еріп аңсаған оқу орнына түсу кімнің де болсын арманы емес пе?!
Ия, қазіргі таңда мамандықты таңдау басты өзекті мәселе. Мамандық ол болашақтағы берер үлкен жеміс , табар табыс. Адамзат баласы алдына қойған мақсаттар қойып және соған қол жеткізгісі келеді.Ойдан ой туып, ойлар арманға жалғасады.Алға қойған мақсаттар қатарында ең ерекшесі және мәндісі -мамандық. Шынында мамандық болашақ кәсібіміз.Өміріңнің ажырамас бір бөлігіне айналар істі таңдар алдында ойың сан- жаққа жүгірері анық. Осы орайда айта кетерім егерде сіз өзіңізге білім алуға ыңғайлы , білім мен ғылымның орталығы ең озықты кәсіби жоғарғы оқу орнын іздеп жүрсеңіз . Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті әлемнің ең озық білікті мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының құрамында мамандық саны тағы да толықтырылғаны жайлы айта кеткенім жөн болар. «Философия және саясаттану» факультеті «Дінтану және мәдениеттану» факультетінде екі мың он сегізінші жылдан бастап «Исламтану» мамандығы ашылды. Осыған дейін бұл мамандықты докторантура және магистратура деңгейінде оқуға болатын еді. Исламтану мамандығының ашылуы түлектерге жаңа мүмкіндіктер береді. Ал мамандықтың маңызы – ислам дінінің тарихымен қатар, қазіргі қоғамда таралуын, дінің ақсап тұрған тұстарын жете зерттейді. Діннің дұрыс бағытта берілуін және қоғамның қалай қабылдауына дейін зерттейді. Исламтанушы ретінде әрбір діннің тарихын оның ислам дінімен қалай және қандай жағдайда араласатынын білуіміз керек. Міне, осындай қоғамдық маңызы бар мамандыққа барлық түлектерді ҚазҰУ күтуде!
Осыншама мүміндіктерді ұсынып отырған ҚазҰУ өз студенттеріне бір ғана талап қояды , ол-сапалы білім алып , білікті маман атануды.
Жақсылықбай Перизат
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің
Исламтану мамандығының 2-курс студенті
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718