Құндылықтар қалай құлдырайды?

11  жасар немересі атасының  қолынан ылғи түспейтін «Егемен Қазақстан» газетін көрді.Атасы басын шайқап, жиі күрсініп «Құндылықтардың құлдырауы»  деген айдарды оқып отыр екен.Жас балаға бұл тақырып соншалықты таңсық көрінді және де атасының  көңіл-күйінің  күрт түсіп кеткені  біршама ойландырды.Балалығы ма ,әлде зеректігі ме,әлде атасының көңілін аулайын деді ме ,ойланып тұрып:

-Ата,айтшы, құндылықтар қалай құлдырайды? Құндылық деген не? деп тамсана сұрақ қоя бастады.

-Ақылды  құлыным,келе ғой! Зерек болып өсетініңе сенгенмін.Осы сұрағыңның жауабын басынан бастап өз әлімше түсіндірейін,тек сенен сұрайтыным жадыңа мықтап ұста және достарыңа айта жүр.

   + – Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының өлшеуіші іспетті.+ Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие. Жалтырағанның барлығы алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу. Ол тек теориялық жағынан алғанда ғана қиын. Біз қайырымдылық пен зұлымдықты ешқайсысына анықтама бермей-ақ ажырата аламыз. Бұл жерде барлығын “таза суға” шығарып, күмәнсіз ететін гумандылықтың өлшемі қызмет етеді. Тіпті барлығы зұлым болғанда да зұлымдықтың аты зұлымдық, ешкім қайырымды болмаса да қайырымдылықтың аты қайырымдылық. +Тек қайырымдылық пен адамға қызмет ететін нәрсе ғана нағыз құндылық болып табылады.Балам,бұл менің тілім.Енді сенің тіліңде түсіндіріп берейін.

 

Біріншіден мына біз басып жүрген жер өзінің өнімімен құнды,жер болмаса астықты қайдан аламыз?

Түн аппақ айымен құнды,айсыз қараңғы түнде не қылмақсың?

Күн нұрымен құнды,шуақсыз күннің кімге қажеті бар?

-Ата,аспан ше?

-Аспан ашықтығымен құнды,бұлтты,суық  аспан  берекетіңді алып,қусырады ғой.

 -Жарайды ,балам,табиғаттың жөні бір бөлек қой.Енді өзіміз туралы айтайын,ең біріншіден,ұлт тілімен құнды,тіл жоқ жерде ұлт болмайды,болашағымыз өткенімен құнды ,өткенсіз болашақ жоқ.

-Ал, ата,адам ше?

-Адам адамдығымен құнды.

-Адамдық деген не? 

         -Адамдық деген-өзіне ғана емес, өзгелерге көрсете алатын қызметі. Халқыңа қызмет етсең, сенің білімің, кісілігің мол дегенді білдіреді. Ал, адам өзінің жеке басынан аса алмай, күйбең тіршіліктен шыға алмаса, ол өз бойындағы қуатын халқына бере алмаса, ол адам күйзеліске ұшырайды. Халыққа қызмет ету азаматтың кемелденуіне, өрісінің кеңеюіне үлкен әсер етеді.Ал,Шәкәрім атаң адамдық борыш турасында: «Ақжолдан айнымай, Ар сақта, оны біл», – деп бекер айтпаған.+

Құндылықтарды бағып-қағып, аялап,мәпелейтін қалыптастыратын өзіміз.Ал біздің болмысымызды тұрмыс билесе,адамгершілікті азғындықпен,бірлікті алауыздықпен,жүректілікті ездікпен,махаббатты сатқындықпен алмастырсақ,ата-анасы тұрып,бала,баласы тұрып ана жетім қалса,мінекей,балам ,сонда құндылықтар осылай құлдырайды.

Ата ақылын  ұйып тыңдаған  зерек жас  достарына айтқанша асықты.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *