Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы – біздің білім                      болашағының дамуы

Алматы облысы

Алакөл ауданы

Жайпақ ауылы

«М.Төлебаев атындағы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амиргалиева Динара Байбатырқызы

 

Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы – біздің білім                      болашағының дамуы

 

2020 жылдың басы – әлемнің пандемия деп дүрлігуімен басталды. Қанымызға сіңген қазақи үміт – осы уақытқа дейін әртүрлі өтірік-шыны араласқан , жақсы ақшаға сатылып, жақсы рейтинг жинайтын жаңалықтардың қатарына санай салдық. Ал, бұл кезде әлем шынайы дүрлігіп жатты. Қай мемлекет үшін де ең үлкен құндылық – адам өмірі. Сол себепті , мектеп өз жұмысын қашықтықтан оқыта отырып жүргізу қажеттігі туындады. Яғни , «кездейсоқ»  келген пандемияға, қашықтықтан оқыту «қажеттілік»  боп тіл қатты. Ия… Қиындықтар да, кедергілер де болды. Технология маңайымызда қарыштап дамып жатса да ,біз, смартфонды «әллөу» деп кімнің қайда жүргенін білетін құрал ретінде тануымызды қоймадық. Маңайы аз уақыт ішінде WhatsApp  деп, іскерлік чаттар құруға қол жеткізген едік. Жоғарғы оқу орндары қашықтықтан оқыта бастады. Бірақ біз оған мән бере қоймадық. Мүмкін тағы да біраз дүниелер де істелген шығар, әйтсе де мектепте  қашықтықтан оқыту деген ойда жоқ еді. Сөйтіп, кездейсоқтық – қажеттілікке қолын созды. Біз қашықтықтан оқытуды бастадық.

Қашықтықтан оқытуға мұғалімдер қауымы қорықса да, үлкен жауапкершілікпен қадам басты. Оқушылар болса , қуана ,жылы қабылдады. Үнемі смартфон ұстауға ата-ана, мұғалім тиым салушы еді. Енді міне, сүйікті құралы – қолында.Ия… Бұл ситуацияда қашықтықтан оқытуға оқушы қуана қадам басты. Ата-ана болса, үнемі бірнәрсеге разы емес. Ол тура осылай разы емес қалпында қашықтықтан оқытуға қадам басты. Бір-бірінен ажырамайтын үштіктің басы осы жолы осылай қосылды да, мұғалімнің жауапкершілігі мен оқушының қуана кірісуі ата-анамен санаса отырып үлкен белеске бет алды. Іс басталып та кетті. Мұғалімдер қашықтықтан оқыта жүріп, қашықтықтан оқытудың  қыр-сырын үнемі ізденумен, оның өзін қашықтықтан оқып-үйренумен болды. Мектеп жұмысын үйлестіруде , мұғалімдердің басын біріктіріп жиналыс өткізу де – қашықтықтан өтті. Тек атын ғана естіп , пайдалануға асықпай жүрген мессенджерлер мен платформалар мұғалімдердің педагогикалық сүрлеуіне тыңнан жол тартып кіре бастады. Мұғалімдерге көрсетілген әдістемелік көмектер – күнделікті көріп жүрмеген әріптестердің де араласа бастауына әкелді. Мектептер өз тіршілігінің күре тамырына қалай қан жүгіртіп отыра бастағынмен бөлісе бастады. Бұрын барып онша ештеңе үйрене қоймайтын, кемі барып келуіңе қаражат пен уақыт жұмсалатын семинарлардың орнын , барып келуіңді қажет етпейтін, жол ақы шықпайтын, уақыт тек үйренуге ғана жұмсалатын  вебинарлар басты. Бір сөзбен айтқанда «терезе ашылды».  Әлем көрінді. Мектептер өзара қашықтықтан оқытудың артықшылықтарын жарыса айтып жатты. Денсаулығына байланысты сабақты босатқан оқушыларды осы уақытқа шейін неге қашықтықтан оқытпағанбыз деп таңдай қағыстық. Қараша , желтоқсан айларында 2-кезектегі 7,8-сабақтар қатты қараңғыға қалып қалғанда, неге қашықтықтан оқытпадық дестік. Элективті курстар мен факультатив сабақтарының сапасын арттыруда , оқушыларды ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындауда қашықтықтан-ақ оқытуға болатынына көз жеткіздік.

Қысқасы,қашықтықтан оқыту технологиясы үлкен үрдіспен, аз уақыт ішінде дамып кетті. Ол өз кезегінде  біздің білім болашағының дамуына  бастады.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *