Педагогикалық процестегі мұғалім және балалар ұжымының өзара байланысы мен өзара іс-әрекеті

Суетова Айнур Турманбетовна
№54 жалпы орта білім беретін мектебінің
директордың оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары

Педагогикалық процестегі мұғалім және балалар ұжымының өзара байланысы мен өзара іс- әрекеті

Балалар ұжымы – әлеуметтік ортаның құрамдас бөлігі. Ұжымның мәні.
Тұлға мен ұжымның даму процестері бір-бірімен тығыз байланысты. Тұлғаның дамуы ұжымның дамуынан, оның даму деңгейінен, онда қалыптасқан іскерлік және тұлғааралық қатынастардың құрылымынан тәуелді болып келеді. Екінші жағынан, тәрбиеленушілердің белсенділігі, олардың дене және ақыл-ой дамуының деңгейі, мүмкіндіктері мен мен қабілеттері ұжымның тәрбиелік күші мен әсерін айқындайды. Соңғы нәтижесінде ұжым мүшелері белсенді болған сайын, олар өздерінің дербес мүмкіндіктерін ұжым өмірінде барынша толық пайдаланған сайын ұжымдық қатынас айқын көріне бастайды.
Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық дербестігінің дамуы олардың ұжым ішіндегі өзіндік деңгейімен және шығармашыдық белсенділігімен тығыз өзара байланысты. Оқушы ұжымдық қоғамдық пайдалы іс-әрекетте өзін көрсеткен сайын оның ұжымдағы статусы жоғарылайды және оның ұжымға әсері де арта түседі. Керісінше, оның статусы жоғарылаған сайын ұжымдық оның өзіндік дамуына әсері де жемісті бола түседі.
Тұлға мен ұжымның дамуы – өзара байланысты, бірін-бірі толықтыратын процесс. Адам табиғатпен және өзін қоршаған адамдармен қатынастар жүйесінде өмір сүреді және дамиды. Байланыстырдың молдығы тұлғаның рухани байлығын анықтайды, ал байланыстар мен қатынастар молдығы адамның қоғамдық, ұжымдық күшін көрсетеді.
Ұжым мен жеке адам проблемасы ең әлеуметтік проблемалардың бірі болғандықтан педагогика ғылымының басты мәселелерінің бірі. Қазіргі әдебиеттерде «ұжым» түсінігі екі мағынада қолданылады:
¬¬¬- ұжым- кез келген ұйымдасқан адамдар тобы;
-ұжым – жоғары ұйымдасқан топ;
Ұжым тәрбиеленушілерінің ұйымы ретінде бірнеше маңызды белгілермен анықталады:
– ұжым-басқа ұжыммен байланыста болатын қоғамның бір бөлігі;
– жалпы әлеуметтік маңызды мақсат болуы, ұжым мақсатының қоғамдық мақсатпен сәйкес келуі;
– ұжымның барлық мүшелерінің ортақ мақсатқа бағытталған іс- әрекет жасауы
– ұжым мүшелерінің бірлігі және әрқайсысының өзіндік пікірі болуы;
– ұжым мүшелерінің өз араларындағы міндеттерді белгілеуі және оларды мұқият орындауы;
Ұжым- іс- әрекетте үнемі дамып отыратын, әрі іс- әрекетті қажет ететін әлеуметтік организм.
Балалар ұжымы балалардың әлеуметтік тәжірибе жинақтайтын негізгі базасы болып табылады. Тәрбиеленуші тәжірибені отбасында, ұйымдаспаған мектепте тыс жағдайда, құрдастарынан, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, т.б. ақпарат көздері арқылы жинақтайды. Тек ұжымда ғана оны меңгеру арнайы жоспарланады және бағытталады. Сонымен бірге ол балаларға дене және көркемдік потенциалдарын іске асыруға мүмкіндік береді.
Бала тұлғасын дамытудағы ұжымның ролі оның өмірлік іс- әрекетті демократиялық тұрғыдан ұйымдастыруды практикалық жағынан игеруге мүмкіндік беруінде.Педагогикалық жағынан дұрыс бағытталған ұжым әлеуметтік құнды тұлғаның қалыптасуына және оның дербес ерекшеліктерін көрсетуіне жағдай жасайды.
Кеңес педагогтарының (Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б.) еңбектеріндегі ұжымдық тәрбиенің негізгі идеялары.
Мақсатты бағытталған оқу тәрбие жұмысы жағдайында балаларда ұжымдықты дамытудың қажеттілігін А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский басқада педагогтар мен қоғам қайраткерлері насихаттады.
А.С.Макаренко идеяларын кейін В.А.Сухомлинский өз тәжірибесі мен зерттеу еңбектерінде одан әрі дамытты.
Кейінгі жылдары зерттеу жұмыстары тәрбиелік ұжымдарды тиімді ұйымдастыру, құру,ұжымдық іс әрекетті ынталандыру принциптері мен әдістерін жасау, ұжымның тәрбиелік қызметінің дамуы сынды бағыттарда жүргізіліп келеді.
Тәрбиелік ұжымның қазіргі кездегі тұжырымдамасы (Т.А.Куракин, Л.И.Новикова,А.В. Мудрик) ұжымды қоғамның өзіндік моделі ретінде қарастырады.Ал балалар ұжымы қоғамның бүгінгі күнгі қатынастары мен оның болашақтағы даму тенденцияларын көрсететін қоғам моделі ретінде қарастырылады.
Ұжым мен жеке адам мәселесі қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан, педагогика ғылымының да басты мәселесі болып отыр.Адамды ұжымда тәрбиелеу идеялары қоғамның даму заңдарына жауап береді.
Н.К.Крупская, А.С.Макаренкобалаларды ұжымда тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесінің негізін жасай отырып, жасөспірімдерді жастайынан бірлесіп ой түйеді. Н.К.Крупская1926 жылы «Көркемдікке тәрбиелеудің міндеттері туралы» атты еңбегінде: «Қазіргі тәрбие ісінің көлемді міндеттерінің бірі балаларды ұжым болып жұмыс істеуге және ұжым болып өмір сүруге үйрету»,- деп атап көрсетті.
Ұжымда тәрбиелеу принципін кеңірек және сенімді түрде іске асыру ұлы педагогА.С.Макаренконың еңбектері мен тәжірибелерінде орын алған. А.С.Макаренконың дәлеледеуіншеұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, пайда тигізуге тырысушылар тобы.

Ұжым дамуының барлық кезеңдері мен сатыларында үлкен және кіші дәстүрлер қалыптасып, нығаяды.Дәстүрлер мінез- құлық жалпы нормаларын қалыптастырады, ұжым өмірін жандандырады.
Үлкен дәстүрлер – бұл үлкен жаппай өткізілетін шаралар, оларды дайындау балаларда өз ұжымы үшін мақтаныш сезімін, ұжым күшіне сенімін, қоғамдық пікірді сыйлау сезімін тудырады. Кіші, күнделікті қолданылатын дәстүрлер өз көлемі, аясы жағынан аз ауқымды қамтыса да олардың тәрбиелік маңызы өте жоғары.
А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетеді:
1.Ұжым тәрбиенің мақсаты мен объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды;
2.Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді;
3.Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі;
4.Ұжымның өзін¬-өзі басқару органдары мен органдары – ұйымдастырушылары болады,
Балаларды ұжымда біріктірудің негізгі көзі – ортақ мақсаттың және оны іске асыруға бағытталған біріккен іс –әрекеттің болуы.
Ұжымдық іс – әрекетте әрбір оқушының іс-әрекеті басқалармен тығыз байланыста болады.Мұндай жағдайда ұжымшылдық сезімі туады.Бұл қарым қатынас басқаның ісінеенжарлық туғызбай, керісінше бір- біріне көмектесуі, өз жолдасының ісіне , намыстану сияқты әр түрлі сезімдер мен қатынастар жүйесін туғызады. Адамның көніл күйінің тәрбиелік мәні арта түседі.
А.С.Макаренко ойынша нағыз шын ұжым, мейлі ересектер, мейлі балалар ұжымдары болсын қоғамның бір мүшесі болып табылады.
В.А.Сухомлинскийдің пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымдағы негізгі құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі деп есептелінген.
Қорыта айтқанда, ұжым -тәрбиенің маңызды құралы.
Балалар ұжымын қалыптастырудың кезеңдері, заңдары және атқаратын қызметтері
Ұжым дамуы және құрылуы ұзақ әрі күрделі процесс. Ұжым болып қалыптасуы үшін топ бірнеше кезеңдерден өтуі керек. Педагог ғалымдар оның бірнеше жіктеуін көрсетеді. А.С.Макаренко ұжымның құрылуы мен дамуын кезеңдеуде талапты басты көрсеткіш етіп алады.

1-кесте. А.С.Макаренко бойынша ұжымның даму кезеңдері
Кезеңдер Сипаты
Бірінші кезең Тәрбиеленушілерге тәрбиешінің талап қою кезеңі
Екінші кезең Ұжым белсенділерінің ықпалы күшеюі
Үшінші кезең Ұжымда қоғамдық пікір қалыптасуы
Төртінші кезең Берік игерілген ұжым тәжірибе арқасында оқушының өзіне талап қоюы, адамгершілік нормаларды сақтау оның қажеттілігіне айналуы

Әрбір ұжым- топ, бірақ топ ұжым бола алмайды, Ол контактілі және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактілі ұжым- ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі топ – бұл контактілі ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактілі ұжым- бұл студенттер тобы, ал негізгі ұжым- факультет,т.б.
Оқушылар ұжымын қалыптастыру мен нығайтуда аса маңызды мәселелердің бірі – ұжым алдындағы мақсатты- перспективаны таңдау. Оны үшке бөліп қарастыруға болады:
1) Жақын перспектива – бұл күнделікті өмірде пайданылатын жеке адамды әр түрлі іс- әрекетке ынталандыру, қызықтыру.Оған жарыс, саяхат, т.б. жатады.
2) Орта перспектива – бұл перспективаға жыл сайын өткізілетін көрмелерге, сайыстарға қатысу, лагерге бару, т. жатады.
3) Қашық перспектива – бұл ұжымның немесе жеке адамның бір істі ұзақ мерзімде орындауға талаптану мақсаты.Оған келешекте білім алу, мамандық таңдау, т.б. жатады.
Осы перспективаларды оқу және тәрбие барысында тиімді пайдалануда әрбір мұғалім оны баланың, сыныптың, мектептің пайдасы үшін таңдап ала білуі, екіншіден, оқушылардың жас ерекшеліктерін және жалпы дайындық деңгейін есепке ала білуі керек.
Ұжымдық іс әрекеттегі педагог пен оқушылардың өзара әрекеттері
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік қызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасауы үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек.Балалар ұжымы бір орнында тоқырап қалмайды, даму, ілгері жылжу -ұжым өмірінің заңы, бұл жерде қозғалыстың себебін, даму мүмкіндігінің сырын ашып алған дұрыс.
Мұндай психологиялық күш болашақ үміт дүниесі.Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүниесі деп тұтас ұжым, балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму деңгейіне, олардың жас және дербес ерекшеліктеріне, қоғам талабына сай келетін міндеттерді, мақсаттарды, істтерді түсінеміз.
Болашақ үміт дүниесін ұйымдастырудағы негізгі әдістемелік тәсіл –нақты мақсатқа жету жолындағы күреске балаларды даярлау. Ол даярлыққа болашақ үміт дүниесіне жетуге көмектесетін жоспарды, жобаны, ұсыныстарды талқылау мен одан туындайтын ұйымдық және практикалық жұмыстар кіреді. Бұл жұмыс – тәрбие ұжымын біріктіру барысындағы ең маңызды кезең. Ортақ іс-әрекетке барлық оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету керек. Ұжым мүшелеріне тапсырмаларды орынды бөлу – балаларды еліктірудің, ұжым істеріне қатынастырудың негізгі жолы. Кез келген іс баланың ақыл-ойын ғана емес, оның сезіміне әсер ететіндей болуы керек. Белгеленген болашақ үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда әсіресе сынып жетекшісінің үлкен ұйымдастырушылық жұмысы қажет.
Балалар ұжымын педагогикалық басқарудың практикасында келесі маңызды ережелер қалыптасқа:
– педагогикалық басқаруды балалардың өзіндікке, тәуелсіздікке табиғи ұмтылысымен, өзінің инициативасы мен өзіндік әс-әрекеттерін көрсетуге тырысуымен үйлестіру;
– ұжым – ылғи даму үстінде болатын дамымалы жүйе болғандықтан, оны педагогикалық басқару да үнемі өзгеріске түсіп отыруы керек. Яғни ұжымның даму сатысына қарай педагог та өз тактикасын өзгертіп отыруы керек;
– ұжымдық тәрбиеде жоғары жетістікке жету үшін жетекші сол ұжымда жұмыс жасайтын басқа педагогтерге сүйенуі, ұжымды жалпы мектептік әрекетке, басқа ұжымдармен қатынасқа итермелеуі қажет;
– формализмнен аулақ болу, уақыт өткен сайын ұжымдық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін қайта құру;
– ұжымда ортақ білім қалыптастыру, өзара көмек, бір бірінің пікірін сыйлауға үйрету;
– ұжымдық тәрбиені демократияландыру,бақылау жүйесін жетілдіру;
– ұжымда тұлғааралық қатынастардың дұрыс дамуына ықпал жасау;
– оқушыларға жүктелетін міндеттерді олардың қызығушылықтарына, қабілеттеріне сәйкестендіру;
– ұжым ішіндеи стихиялы қалыптасатын қатынастарды тудыратын факторларды бақылау;
– оқушылар арасындағы қатынастарды жақсарту мақсатында уақытша ұжымдар қалыптастыру;
– балаларды жаңа қарым – қатынасқа тартатын ұжымдық іс – әрекеттің сипаты мен түрлерін өзгерту.
Сонымен бірге ұжымды басқаруда мына жайларды еске алған жөн:
– ұжым мүшелері тең құқықты болады;
– басқарушы міндетін орындаушы ұжым мүшесі тарапынан балаларға қысым жасалмайды;
– жауапкершілік пен өзара тәуелділік жүйесінде жалпы іс орындаудың барысында әр түрлі бейімделушілікке жол берілмейді.
Ұжым өмірінде гуманистік қатынастар ерекше орын алады,оның негізгі белгілері мынадай:
– сергектік стилі – ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру;
– балалар арасындағы бақталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтық, бөлектенушілік, лидерлік болмауы керек;
– басқа ұжымдарға жолдастық көмек беру,үн қосуға дайын болу.
Мұндай гуманистік қатынас тек қана іс қатынасының көзі емес, ол ұжымда балалардың жеке байланыстарының дамуының құралы болады.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *