CСөйлеуді дамыту “Қыс ерекшеліктері”
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Тәрбиеші: Әліпбаева Ардақ
Тобы | 3-4 жас ортаңғы топ |
ББС | Қатынас |
ҰОҚ | Сөйлеуді дамыту
|
Интеграция | Құрастыру, жапсыру |
Тақырыбы: | Қыс ерекшеліктері |
ҰОҚ мақсаты | Ойын арқылы берілген сұрақтарды тыңдайды және түсінеді
Суреттер арқылы байланыстырып сөйлейді, Ойын материалдырын ұқыпты қолдануды үйренеді, достарына көмек көрсетеді
|
Күтілетін нәтиже | 1. Ойын арқылы берілген сұрақтарды тыңдады және түсінді
2. Суреттер арқылы байланыстырып сөйледі, 3. Ойын материалдырын ұқыпты қолданды,достарына көмек көрсетті |
Ресурс | музыка, қар, ғажайып сәт, аққала, қиынды суреттер, ұлпа қарлар, фонар, мнемо кесте. |
Әдіс-тәсілдер | түсіндіру, көрсету,
Бала үні, 4К:командамен жұмыс, жеке жұмыс сыни ойлау; кері байланыс, жанама, тікелей бақылау миға шабул
|
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Кіріспе
3 мин
«Миға шабуыл» әдісі.
Негізгі бөлім
12 мин
Педагог жетекшілгімен жүргізілетін ойын:«Аққала құрастыр» Топтық жұмыс Бақылау: Тікелей.
Бала үнінің қызығушылығы
Ғажайып сәт
Бала үні Саралау: өнім арқылы
Рефлексия
«Ұшақ» әдісі
3 мин
|
Топтың іші қыс мезгіліне сәйкес безендірілген.Балалар «Аққала» әуені арқылы топқа кіреді.
Қараңдаршы балалар айналамыз қандай әсем, әдемі болып кеткен. Сендерде бүгін қуанышты, ақжарқын болып кетіпсіңдер! Қане балалар бізді мұнда көптеген қонақтарымыз күтіп отыр екен, қонақтарымызбен сәлемдесіп алайық! Қайырлы таң! Сәлеметсіздер ме! Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз Балалар қараңдаршы айналамыз қандай түске боялып тұр? Б: аппақ түске Не себепті аппақ деп ойлайсыңдар? Б:өйткені көптеген қар жауған? Ал қар қай мезгілде жауады? Б: Қыс мезгілінде Қар неге ұқсайды? Мақтаға, қантқа, түсі аппақ Балалар біздің айналамыз аппақ болып тұр біз осы қардан не жасаймыз? Б: Аққала жасаймыз қар атысып ойнаймыз Біздің бүгінгі тақырыбымызда осынысымен ерекшеленеді, біздің бүгінгі тақырыбымызда қыс ерекшеліктері деп аталады. Балалар мында қараңдаршы қардың астында көптеген бейнелер жасырынған секілді қане оны біз мына фанариктің көмегімен анықтап көрейік. Тәрбиеші Фонарикті түсіру арқылы жасырынған бейнелерді табады, балалар атап шығады. табады. Т:Ой балалар, мынау ненің бейнесі? Б:қардың бейнесі Қане ендеше бізде осы қардан аққала құрастырайықшы. (бала үні, жетелеуші сұрақтар)
Педогог жетекшілігімен жүргізілетін ойын «Аққала құрастыр» Шарты: балалар сендер музыка әуені арқылы мына әдемі қар түйіршіктерінен маған әдемі аққала құрастырып берулерің керек,сендер аққаланың бөліктерін барлығың бірге ойнай жүріп дұрыс орналастырмасаңдар аққаламыз бізге ренжіп қалады. Сондықтан бейнені мұқият құрастырып шығуларың қажет. Қандай керемет әдемі аққала болды. (2-3 баладан сұрау, Бала үні,жетелеуші сұрақтар мадақтау) Балалар әдемі аққаламызды құрастырдық мүмкін бұл аққаламызды сөйлетіп көрсек қалай болады, ол үшін бәріміз бірге дыбыстық жаттығу жасап көрейік Дыбыстық жаттығу: Ар-ар-ар-жауды аппақ қар Ла-ла-ла-әдемі аққала Ша-ша-ша жап-жасыл шырша
Аққала: Сәлеметсіңдер ме менің кішкентай достарым сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер мені әдемі етіп құрастырғандарың үшін менің көңіл күйім өте керемет.Мен енді сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Қане бәріміз қар атысып ойнайықшы мен қарды жақсы көремін және сол қарларды шырша, аққала және ұлпа қарлар себетіне жинап берсеңдер екен. Сонда мен сендерді сиқырлы жолдармен керемет ойын ойнауға алып барамын. Біздің аққаламыз бізді ойын ойнауға апарамын дейді қане ендеше шырша, аққала, ұлпа қарларға қар кесектерін жинап беріп топтасып алайық. Шырша, аққала, ұлпа қарлар болып 3 топқа бөлінеді. Т:балалар біздің алдымызда аққала керемет ойындар дайындап қойыпты қане бұл не ойын екен көремізбе? Т:Қандай керемет бұл сиқырлы суреттер екенғой қане әрқайссымыз өзіміз суреттерді мұқият зерттеп көрейік. Не бейнеленген екен. Жеке жұмыс сиқырлы суреттер Балалар бұл суретте фонариктің көмегімен біз нені көрдік.Нені байқадыңдар? Б:Қыс мезгілін көрдік. (2-3 баладан сұрау, Бала үні,жетелеуші сұрақтар мадақтау) Қане балалар біз қыз мезгілінің бейнесін сиқырлы суреттер арқылы зерттеп білдік енді командамызбен бірге сол бейнелерді кеңістікте орналастырып көрейік. 4К-Командамен жұмыс: 1-ойын: Түрлі бейнелерді ойлау арқылы кеңістікте орналастырады. Көрме ұйымдастырылады Бала үні, (Команда мүшесі топ жұмысымен таныстырады) Бағалау
«Ұшақ» әдісі
Ұшақ қай топқа қонады сол топтың топ басшысы командасында орындаған ойындары жайында түсіндіріп өтеді. Әр топ бір-біріне баға береді
Аққала: Жарайсыңдар достар қандай әдемі қыс бейнесін жасадыңдар Сендердің достарыңмен бірге ойнағандарың маған қатты ұнады. Сендерге рахметім ретінде мына шыршаның жанындағы сыйлықтарды сендерге сыйлаймын.Ал достарым сендерге рахмет.
Тәрбиеші: Достар міне біз ойынды жақсы ойнадық аққаланың сыйлығын алдық енді бүгінгі оқу қызметімізді бағалап жіберейік Сендерге оқу қызметі ұнадыма? Біз қандай ойындар ойнадық? Бізге қонаққа кім келді?
Жарайсыңдар қандай керемет енді балалар «Түрлі-түсті ағаштар» арқылы оқу қызметімізді бағалайық
|
|
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718