Қысқы ағаш.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Шокалакова А.М
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация
Тақырыбы: Қысқы ағаш.
Мақсаты: 1.Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту. Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.
- Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау. Қағаз бетінде бейнелерді жапсырмалауды, одан кейін оларды желімдеу дағдыларын қалыптастыру, ұсақ саусақ маторикасын дамыту.
- Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, өлен оқу, слайд көрсету, ойын, сергіту сәті, зерттеу жасау, сұрақ-жауап, қорытынды.
Көрнекілігі: Қыс мезгілінін ерекшеліктерінің суреттері, қатқан мұз, қар, слайд
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Себепті қызығушылығын
ояту кезеңдері |
Балалар, күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан-жағымызға беріп, жылулық шеңберін құрып, келген қонақтарымызбен амандасайық.
|
Мейірімділік жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен, Амандасып алайық. Келген біздің қонақтарға, Жүрек жылуын сыйлайық. Күн жылуын шашайық, Бір жадырап қалайық. |
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | Өлең оқу:
Шанамен зырғып желетін, Коньки шаңғы тебетін, Аққала жасап ойнайтын, Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар? -Балалар қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе? -Балалар тәжірибе жасау үшін мұз әкелдім біз бұл мұзды оқу қызметінің соңында мұз неге айналатынын бақылайтын боламыз.
-Ендеше, балалар бейне көрніске назар аударайық. Слайд: «Қыс көрністері» -Бұл көрністе қай мезгілді көріп отырсыздар? -Қыс мезгілінде не жауады? -Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? -Ендеше қыс мезгілі туралы ойын ойнаймыз ба? Д/ойын: «Дыбысқа сәйкес бейнені тап?» Ойын шарты: Дыбысты тыңдай отырып сәйкес бейнені көрсету. -Балалар, біздер серуенге шыққанда ағаштардан нені байқадық? Алдымыздағы қарды ұстап көрейікші, түсі қандай? -Жұмсақпа, қатты ма? -Жылы ма, мұздай ма? -Ендеше балалар, біз бүгін бөбекжай ауласындағы қысқы ағаштардағы қарды қалдық табиғи материал мақтамен жасап үйренеміз. -Қалай жасаймыз, мұқият маған қараңыздар. Апликация жұмысы: ағаштың бейнесіне мақта арқылы қар жапсырмалауды үйрету.
Сергіту сәті: Тоңса біздің қолымыз, -Қолғап киіп аламыз. Сарт-сарт-сарт, -Шапалақтап соғамыз. -Тоңса біздің аяғымыз, -Етік киіп аламыз. -Топ – топ – топ, -Билеп – билеп аламыз -Тоңса біздің денеміз, -Тонды киіп аламыз. -Зу – зу – зу -Шанамызбен зулаймыз
Дидактикалық ойын «Қыс мезгілінің ерекшелігін тап»
Ойын шарты: Қыс мезгілінің суреті ілінеді. Үстел үстіне төрт жыл мезгілінің ерекшеліктері бейнеленген суреттер ішінен қыс мезгілі бейнеленген суреттерді тауып жапсыру.
Мұзды бақылау: -Балалар мұз неге айналды? -Міне, балалар қыс мезгілінде сулар, өзен, көлдер мұзға айналады екен. -Қыс мезгілінің ғажайып ерекшеліктері осындай болады.
|
-Қыс мезгілі
-Қар жауады, боран соғады, аяз болады, жерде мұздар болады.
Балалар тамашалайды.
-Қыс мезгілін. -Қар жауады. -Шанамен, шаңғы, коньки тебеміз, аққала жасаймыз, қар лақтырып ойнаймыз.
Балалар тапсырманы орындайды
-Қарлар -Ақ түсті
-Жұмсақ -Мұздай
Балалар жұмыс барысын қарайды.
Өлең сөзіне қарай қимыл жасайды.
Сәйкес суретті таба білді.
-Суға айналды. |
Жетекші-жөндеуші | Қорытындылау:
-Қай мезгіл туралы әңгімелестік? -Балалар біз бүгін оқу қызметінде қарды немен жасап үйрендік? -Қандай зерттеу жұмысын жасадық? Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысып, тапсырманы орындадыңыздар. Сіздерді мұз тәттілермен марапаттаймын.
|
-Қыс мезгілі туралы.
-Мақтамен. -Мұзға зертттеу жасадық. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы әңгімелеп беруді.
Нені меңгерді: Қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы, мұздың қасиеті туралы меңгерді..
Нені жасай алды: Қалдық материалды пайдаланып берілген бейнені жапсырмалап үйренді.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718